Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 6007 13 пікір 12 Наурыз, 2024 сағат 14:29

Қытай қазақтары Қазақстанға асық, бірақ кедергі көп...

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Қазақта бір әдемі сөз бар, «Ел ауған жаққа қызыр ауады» деген.

Қилы заманның қым-қуыт кезеңдерінде атамекені, туған жеріннен еріксіз өзге елге қоныс аударуға мәжбұр болған елдің ақтаңлағы мен кешкен азапты күндерінің іздері тарих парағына өз шындығымен жазылып қалатыны ақиқат!

Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан бері өз тізгінін өзі ұстап әлемдегі елдермен терезесі тең Тәуелсіз елдің биік тұғырын көтерді. Әлемдік саясат сахнасында зайырлы ел ретінде танылып, мойындата білді. Бұл қазақтың маңдайына қонған бағы десек артық айтпаған болармыз. Ең алғаш Моңғолиядан атажұртқа қазақ көшінің алғашқы қарылғаштарын қондырды. Кең пейіл дарқан елдің ізгі тілегі қабыл болып арт-артыннан қазақ көші қозғала бастады. Айтар болсақ, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Қытай т.б. елдерден ағайындар келе бастады. Осылайша Қазақ елінің тәуелсіздігі әлемдегі бар қазақтың құанышы мен асыл арманының алауын жандырып, үмітін жалғады. Ел еңсесін көтеруге деген ұлы мақсатын әр қазақ баласының жүрегіне  ұялатты.

Ұлы көш Қазақстанның тұңғыш призенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қарқын алып, етегін кеңге жайып жатты. Қазірге дейін миллионнан астам қандасымыз отанына оралып, рухы биік еркін елдің азаматы болып, өсіп-өніп, көгеріп-көктеп, ел еңсесін көтеруге өз үлестерін қосып келеді.

Қазақтың көші – тарихта қилы заманды басынан өткерген елдің көші. Ал осы көштің заңды нормалары халықаралық көші-қон заңы бойынша бұрынғы ТМД елдері үшін аса қыйындықтар тудырған жоқ. Ал осы көштің ең күрделі ауыр басқышын басынан өткізіп жатқан – Қытай қазақтары. Қазір Қытай мен Қазақстан арасындағы көршілес елдің саяси-экономикалық байланысы жақсы болғанымен, бірақ көші-қоны әлі бір ізге түспей келеді. Қытайдан Қазақстанға көшіп келу үшін көптеген құжаттар жинау керек. Мәселен, Қазақстанға тұрақты қоныс аудару үшін алдымен бір фамилиялы туысы шақырту жіберу керек, содан барып төлқұжат жасатуға мүмкіндік аласың. Ал осы төлқұжатты алу үшін қаншама мекемеге кіріп, табан тоздырғанын айтудың өзі қиын. Соның бәрі оңай шығын емес, сотталмаған болуың керек, банкте қарызың болмауы керек, т.б. тексеріулер жетіп жатыр.

Осының бәрін басынан өткеріп тарихи  отаны Қазақ еліне келіп тұрақты тіркеуге тұру үшін, қандас куәлігін алу үшін қүжаттар жинай бастайды. Мұның ішінде Қытайдың төлқұжаты, жеке куәлік, неке куәлік, туу туралы куәлігін аударып нотариустан өткізеді. Осы құжаттар арқылы Қазақстанда тұрақты тіркеу мен қандас куәлік мәртебесін алады. Қандас куәлік алу бұрын тез болатын, қазір Қытайдан келген қазақтар үшін өте қиын. Себебі, олар құжатын реттеу үшін кирилл жазуын танымағындықтан және орыс тілін білмегендіктен қатты қиналады. Көп атаулар орыс тілінде беріледі, оны олар түсінбейді.

Осындағы маңызды қүжаттың бірі – туу туралы куәлік. Бұл туу туралы құжат 1996 жылдан бұрын туылған жалпы Қытай азаматтарында атымен жоқ. ҚХР  бойынша 1996 жылдан бері қарай ғана туу туралы куәлік берілді. Бұл жайында Қытай үкіметі (其他国家都是要求96年后是出生医学证明 96年以前是出生 区别对待) 1996 жылдан ары қарайғы туылған адамдардан халықаралық сыртқы көші-қон заңы бойынша талап етілмейді, ол жайлы нақты белгілеме заңды күшіне енген, ал бізде осы құжатты заңсыз талап етеді. Осы себепті (附加证明) APOSTILLE, яғни, қосымша куәландыру сипаттамасын талап етіп отыр. Ал оны Қытай үкіметі тек 1996 жылдан бері туылған адамдарға, онда да туу туралы куәлігі болған жағыдайда ғана береді. Егер туу туралы куәлігі болмаса оны мүлдем бермейді.

Қазақстанның көші-қон заңы бойынша Қытайдан келген қандастарға үш түрлі құжатты растату керек. Ол – жеке куәлік, туу туралы куәлік және неке күәлік.

Ал осы үш құжатты растау үшін әр қүжатқа 400 юан ал қазақ тілі аудармасы үшін 240 юан ақша төлеуің керек екен. Бұл баға Қытай үкіметінің заңды, тұрақты бағасы. Демек бір адамның құжаты үшін 1900 юань төленеді, егер бір отбасында бес адам болса 9500 юань ақша төлеуі керек. Бұл көшіп келген немесе енді көшіп келетін отбасы үшін оңай шығын емес. Ал Қазақстан жақтан өтеуге міндетті расмияттар бірінші үй иесінің келісімі бойынша тіркеу құжатын нотариус арқылы растатып, бір үйге тұрақты тіркеуге тұруы керек. Екінші құжаттарын түгел аударту керек, әр аударма үшін бағасы әр түрлі. Денсаулық тұралы ауруханадан алынатын мәліметтер, ықтирхатқа, азаматтыққа әр адам басына төленетін ақша комиссиясымен 14500 теңге  көлемінде жұмсалады. Сонымен қатар Қытай азаматтығынан бас тарту туралы құжаттарын растау үшін тағы біраз ақша жұмсауы керек. Ал осы қаржының бәрі көшіп келген адамның қалтасына жеңіл салмақ емес қой.

Әрине, құжат тапсыру үшін бәрін міндетті түрде өзің дайындауың керек, бұл заңды талап. Тек көшіп келген қандас үшін Қытай жақта жоқ құжатты талап етумен қандас мәртебесін алудың қиындауы, Қытайдан келген азаматтардың қайтыс болған жағдайда үй-мүлкін аударып заңдастыру үшін туу туралы куәлікті талап етуі, егер туу туралы куәлігі болмаған жағдайда үйдің құжаттарын екінші адамға аударуға немесе сатып беруге болмайды.

Сонымен қатар қайтыс болған жағдайда туу туралы куәлігі болмаса мемелекет жағынан берілетін өлім қаражаты мен ай сайын құйған қарттар асырау сомасын қайтарып ала алмайтыны, арқаға аяздай батады. Осы мәселенің оң түйіні шешілсе, «елім» деп келген елге азда болса жеңіллік болып, қазақ көші тоқтамай елге қарай бет түзер еді.

Әлемдегі бар қазақтың жалғыз тарихи отаны болған қазақ даласының топырағында қазақтың салтанатты көші бой түзеп ел еңсесі үшін парасатты қазақ ұрпағының ізгі арман жарқын болашаққа бет алар еді.

1932 жылғы ашаршылық салдарынан талай қазақ амалсыз Қытайға қоныс аударды, сондағы тұрғылықты елмен қатар қаншама ауыр азаптарды басынан өткізбеді десеңізші?! Осы қиын күндерді басынан өткізген елдің қатарында менің де әке-шешем (әкем әзіргі Кеген ауданы Қарқарада туылсған, анам Шонжының Кетпен ауылында туылған) болған.

Ал солар Қазақстанда туылғаны үшін қаншама азапты күндерді басынан өткізіп, «қос жүрек», «шолақ етек», «Советтің жансызы» деген секілді жалалармен жер аударып көрмеген азаптарды көрді, кейін жалпы саяси жағдай жақсарғанан кейін ғана абзал саясаттың жақсылығын көрді. Ал енді олардың ұрпағы - біз тәуелсіз отанымызда солардың көрген тағдырын қайталмасақ екен деп тілейміз. Ел аман жұрт тыныш болғай!

Қазақ мемелекетінің тұғыры биік болып, шетелден өзінің тарихи отанына оралып жатқан еллің көші тоқтамай жалғаса берсін. Қазақ елі жарқын болашағымен дамып әлемдегі құдіретті елге айналсын!

Ырысбек Жанболат

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958