Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3179 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 03:43

Бекен Қайратұлы. Қанға сіңген қорқыныш

Әкімдіктегі жиынға шақырылдық. Отыз қазақ отырмыз. Жас-кәріміз аралас. Төрде отырған жуан бастық ыңқылдап-күрсілдеп сөз бастады. Тілі «автоматты» түрде орысша шығып кетті. Біз пақыр шыдай алмадық. «Отыз қазақ отырмыз, орысшаңды қой!» дедік. Ана бейбақ алақ-жұлақ етті. Еліміз тәуелсіздік алғалы ол кісіге ешкім олай деп көрмепті. Сөйлейін деп еді, қазақшасы құрғыр бөбежігіне келді де, кептеліп тұрып қалды. Қылқынып өліп барады… өңі көгеріп кетті. Шошып қалдық. Құдай-ай, мына жазған қазақ тіліне қақалып өлетін болды-ау…
Ол өлмеді. Кездейсоқ оқиға сәтін салды. Ана кісі демі бітіп, шалқалап құлап бара жатқанда, есіктен әкімдікте жұмыс істейтін еден тазалаушы Вера Василевна кіріп келгені. Божбан сары кемпірді көргенде, бастықтың бөбежігінде бітеліп тұрған қазақ тілі майдай еріп жоқ болды да, ауызынан ақырып орысшасы шыға келді. Бәріміз терімізді сүртік.

Біреу сенер, біреу сенбес. Сәл көркемдігі болмаса, оқиғаның сорабы шын. Мемлекет қызметінде отырған заты қазақ кім болсын, мейлі, президент, министр, департамент директоры, балабақша меңгерушісі, шопыр… бір орысты көрсе, қазақша тілін жұтып қояды. Ол сөйлемейін демейді, қазақша сөйлеуге рухы, намысы, қуаты жетпейді. Құлдық деген осы.

Осындайларды көргенде бала күнімде куә болған мына бір оқиға есіме түседі де тұрады. Сол жылы біздің ауыл Күреңті басын жайлап отырған. Іргелес қоңсы қонған жездеміздің аламойнық дейтін нән төбеті болды. Арс-арс еткенде атты кісіні қорқытады. Бірақ осы таудай төбет үйден ұзап шықпайды, киіз үйдің күн қуған көлеңкесін сағалап милығып жатады.

Бір күні ауылға ит ататын адамдар келді. Жездей әлгілерді шақырып алды да, «мына таудай төбетті атып алып кеттіңдер!» деп үкім шығарды. Онымен қоймай, аламойнаққа қарап, «арамтамақ, сатқын..» деп, біртүрлі кіжініп қойды. Үлкен әкей, «қол асыраған күшігің емес пе, атқызбай-ақ қой» деп еді, жездей: «күшігінде таланған бұл ит болмайды» деп айналып жүре берді. Әлгі сөзді естіген әкейде, «е, бәсе, біліп ем» деп, ит атқыштарға қарап, иек қақты. Сөйтіп адам баласы қорқатын алып төбет аламойнақ атылып кетті.

Аламойнақтың атылған себебі біреу: ол күшігінде таланған. Оқиға былай бопты. Аламойнық күшік кезінде, қоралы қойға қасқыр шапқан. Сыралғы үлкен иттер жұп жазбай, сырғақтай үріп, сақсына ұмтылып, «борышын» адал атқарып жатқанда, аламойнақ күшік шәуілдей жүгіріп қасқырдың алдына жетіп барған. Көкжал қасқыр кішкентай күшікті көк желкеден алғанда, екі сілкіп, есінен тандырып, үстіне сарып тастаған.
Ара да қанша жылдар өтсе де, алып төбет аламойнақ қасқырдың иісін сезсе болды, есінен танып, құлап қалады екен. Бірде жездей дәу төбетін жылқы бағуға ертіп шыққан екен, қасқыр сарыған әлгі бейбақ жылқыны қайта қасқырға қайырып беріп, масқара бопты.

Енді мына қызыққа қараңыз: келер жылы жазда жайлауға келсем, әкей ауылдың барлық итін аттырып тастапты. «Неге бұлай болды?» деп сұрағанымда, әкей, «тексізден тексіз туады деген шын екен» деп, ауыр күрсінді. Әрине, қол асыраған күшіктерін қимай отыр. Қысқасы, аламойнақ таптырған күллі ауылдың күшігі «қасқыр көрсе қашатын» дертке шалдыққан. Аламойнақтың ішіне кіріп кеткен «қасқыр» үрей, қанымен жүйкіп, тұқымына дейін дарыған. Сөйтіп, біздің ауыл бүкіл итін атып жүріп, «құлдықтан» әзер құтылғаны бар. Қанға сіңіп кеткен «үрей» қиын екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373