«Қарамайды ол дауылға, қарамайды ол жауынға....»
Барлығына танымал осы балалар өлеңінің сөздері Атырау облысында жұмыс істейтін, «Қайнармұнайгаз» МГӨБжерасты ұңғымаларын жөндеу цехы бригадасының мұнайшыларына айтылған сияқты. Жылдам әрекет ететін осы топты «жедел жәрдем» деп те атауға болады.
Диспетчерлік пунктке: әлдебір ұңғымада мұнай өндіру көлемі азайды немесе мүлдем тоқтап қалды деген дабыл түскен кезде, сол жерге бірден жөндеу жұмыстарымен айналысатын бригада жөнелтіледі. Ол арнайы АПРС-40 машинасымен жасақталған. Бұл агрегат ұңғымаларды жөндеу жұмысы барысында көтеріп-түсіру операциялары қызметін атқарады.
Бұл техниканың көмегімен ұңғыманы топырақ кептелістерінен тазартуға, қатып қалған ұңғыманы тазалауға болады.
Мұнарада екі адам жұмыс істейді, аға оператор мен оның көмекшісі. Олар жүк арбасының көмегімен жер қойнауынан арнайы штангаларды алып шығады. Ұңғыманың тереңдігі, нақтырақ айтқанда мұнай қабатының жөндеу жұмыстарымен айналысатын бригадаға күн демей, түн демей, кез-келген ауа-райында жұмыс істеуге тура келеді. Ал, бұл жердің климаты өте қатал. Жазда аптап ыстық басса, қыста бораннан көз ашылмайды.
Көптеген ұңғымалар әртүрлі жерлерде орналасқан. Мұнайшылар қолайсыз ауа-райында бой тасалап, және жұмыс арасында демалып алу үшін, олармен бірге ұңғымаға тіркемесі бар арнайы вагон жөнелтіледі.

Вагон- жедел жиналыстар өткізілетін кеңсе емес. Мұнда жуынуға, киім ауыстырып алуға және тамақтануға да болады.
Жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін. Кейін түнгі ауысымның жұмысшылары келеді. Вахта уақыты 14 күнге созылады.
Сурет №1. Ұңғымаларды жөндеу бригадасы. (солдан оңға қарай):
Біржан Жақыпов, шебер
Мұхтар Байғазиев, аға оператор
Бақтыгерей Ахметов, машинист
Берік Құттыбаев, оператор көмекшісі
Сурет №2.Агрегат АПРС-40.
Сурет №3, №4. Жұмыс істемей тұрған ұңғыманы тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сурет №5.Шығарып алынған штангалар бірден арнайы бұрау арқылы мұнай мен батпақтан тазартылады. Тереңдігі 500 метрден 1,5 километрге дейін
Сурет №6. Штангалар тазартылған соң арнайы платформаға орналастырылады.
Сурет №7. Жүк арбасы АПРС-40 кабинасында басқарылады.
Сурет №8. Арнайы қысқыштардың көмегімен штангалар бір-бірінен ажыратылады.
Сурет №9. Бұл вагон қысқы мерзімдегі жағдайларға арналған пеш пен жаз мезгіліндегі жағдайларға арналған кондиционермен жабдықталған.
Сурет №10.Бригада шебері осы күнде істелінуі тиіс тапсырмаларды беріп жатыр.
Сурет №11. Вагон суды қайнатуға арналған титанмен қамтамасыз етілген. Мұнда тоңазытқыш, шағын толқынды пеш және куллер бар.
Сурет №12. Мұнда ауыз су ылғи да салқын болады.
Сурет №13. Мұнда вагонның тазалығына қатты мән беріледі.
Сурет №14. Шағын үзілістен кейін қайта жұмысқа шығады.
Абай-ақпарат