Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 2038 21 пікір 3 Сәуір, 2024 сағат 18:52

«ОА-да русофобия күшейеді»: Имекең кімнің сөзін сөйлейді?

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов: «Ресейден мигранттардың жаппай қуылуы (кетуі) - Орталық Азияда русофобтық көзқарасты күшейтеді», - деді.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің айтқандарын сөзбе-сөз «Abai.kz» оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн санадық.

«Егер еңбек мигранттарына шектен тыс қысым болатындай шаралар қабылданар болса, онда бұның ақыры Ресейден мигранттардың жаппай кетуіне әкеліп соқтырады. Бұның ақыры тек Ресей экономикасына ғана кері, теріс әсерін тигізіп қоймайды!

Бірінші кезекте ОА елдеріндегі русофобтық, антиресейлік көңіл-күйді күшейтеді. Ал бұның соңы сөзсіз еларалық қарым-қатынастарға кері әсерін тигізеді. Сол арқылы террорды ұйымдастырушылар өз діттеген мақсаттарына қол жеткізеді»,- депті.

Бұл Иманғали Нұрғалиұлы «Крокустағы» қанқасап пен одан кейінгі Кремльдің мигранттарға жасап жатқан қысымы туралы айтқан пікірі.

Сіз қалай ойлайсыз, Тасмағамбетов бұл сөздерімен кімнің сөзін сөйлеп отыр? Ресей режимінің ұрда-жық саясатынан зәрезап көріп жатқан миллиондаған ОА-лық еңбек мигранттарының ба, әлде ҰҚШҰ дейтін қажетсіз әскери ұйымды күшпен ұстап отырған Кремльдегі әскери-саяси басшылық пен оның ұлыдержавалық идеологиясының ба?

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377