Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4397 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 04:32

Камал Қоңқараев, иллюзионист: Өнерді өз пайдаңа жаратып, айналаны алдамау керек

Қазақтың сиқыршы атын естісе екі иығында шайтан отырады деп, ат тонын ала қашатыны жасырын емес. Әйтсе де,  бұл тілсіз өнердің «тілін» меңгерудің оңайға түспесі анық. Күні кеше Қытайда өткен халықаралық иллюзионистер байқауында қазақ қызының бас жүлдені жеңіп алғаны- бұл өнерді бір кісідей меңгергенімізді дәлелдей түсті. Алайда,  Алтынайдай асылдан айрылып қалғанымызда қазақ сахнасында сиқыр өнерінің құрдымға кеткеніме деп, аһ ұрғанымыз тағы бар.  Өзгені мойындатсақ та, өз ішімізде  шоу-бизнестің бір бөлігі болып қалған бұл өнердің болашағы қандай  болмақ? Оны  әуесқой  болса да талайды тамсандырып үлгерген иллюзионист- Камал Қоңқараевтан сұрап көрдік.

 

- Камал мырза, біреулер- сізді  фокус жасап, көзді алдайды десе, ендібіреулер- сиқырлы трансфармацияның шебері деп жатады?  Ал өзіңіз қарапайым тілмен қалай жеткізесіз?

- Мендегі өнер қолдың ептілігі мен шапшаңдығына байланысты туындайды. Ал  «көзді алдайды» дейтіндей гипнозбен айналыспаймын. Жалпы иллюзияда «механиқалық есте сақтау» деген болады. Оның сырын үйрену ұзақ тәжірибе мен дайындықты талап етеді. Осы сындардан өткен адам үшін  сиқыр жасау қиындық туғызбайды.

Қазақтың сиқыршы атын естісе екі иығында шайтан отырады деп, ат тонын ала қашатыны жасырын емес. Әйтсе де,  бұл тілсіз өнердің «тілін» меңгерудің оңайға түспесі анық. Күні кеше Қытайда өткен халықаралық иллюзионистер байқауында қазақ қызының бас жүлдені жеңіп алғаны- бұл өнерді бір кісідей меңгергенімізді дәлелдей түсті. Алайда,  Алтынайдай асылдан айрылып қалғанымызда қазақ сахнасында сиқыр өнерінің құрдымға кеткеніме деп, аһ ұрғанымыз тағы бар.  Өзгені мойындатсақ та, өз ішімізде  шоу-бизнестің бір бөлігі болып қалған бұл өнердің болашағы қандай  болмақ? Оны  әуесқой  болса да талайды тамсандырып үлгерген иллюзионист- Камал Қоңқараевтан сұрап көрдік.

 

- Камал мырза, біреулер- сізді  фокус жасап, көзді алдайды десе, ендібіреулер- сиқырлы трансфармацияның шебері деп жатады?  Ал өзіңіз қарапайым тілмен қалай жеткізесіз?

- Мендегі өнер қолдың ептілігі мен шапшаңдығына байланысты туындайды. Ал  «көзді алдайды» дейтіндей гипнозбен айналыспаймын. Жалпы иллюзияда «механиқалық есте сақтау» деген болады. Оның сырын үйрену ұзақ тәжірибе мен дайындықты талап етеді. Осы сындардан өткен адам үшін  сиқыр жасау қиындық туғызбайды.

- Сиқырды кейбіреулер мистикамен байланыстырып жатады. (телепартация, телекинез) Осы рас па?

- Әрине иллюзияны мистикамен байланыстыруға болады.  Алайда мен жасап жүрген трюктердің мистикамен  ешқандай  байланысы жоқ. Бірақ, арнайы тәжірибе жүзінде байланыстырып көргенім бар. Дегенмен ондай жолмен көпті алдаудың қажеті жоқ. Өйткені ол «алаяқтық» болып саналады.

- Әсілінде сіздің мамандығыңыз суретші еді. Ал оны сиқырмен алмастыруға не себеп болды?

- Сурет пен сиқыр қолдың ептілігіне қарай туындайтын болғандықтан, бір-бірімен тығыз  байланыста. Өйткені сурет өнерінде  жазу-сызуды  меңгергендігімнің арқасында сиқыр жасауды үйрену қиынға соқпады. Мәселен,  кітаптан қандайда бір фокустың жасалу жолдарын оқып отырғанда, сурет салатындай,  кескінін бірден  елестетемін. Міне, осындай әдістің арқасында шетелде құны жетпіс мың доллар тұратын дайын реквизиттің сырын  өздігімнен үйреніп алдым.

- Көбіне дайын реквизиттер сатып аласыз ба, әлде сиқырдың түрін өзіңіз ойдан шығарасыз ба?

- Мен- ұрымын. Оны ешкімнен жасырмаймын да. Өздігімнен  фокус жасап шығаруға әлі тәжірибем жетпейді.  Сондықтан сыртта бір дүниені көзім шалып  қалса, үйге келгенде соны  жасап шығаруға тырысамын.

- Десе де біраз жыл осы салада жүргеніңізге қарай сиқыр өнерінде  авторлық қолтаңбаңызды қалдыруға мүмкіндігіңіз жететін болар?

-  Адам көпті көріп, көп дүниені үйренгенде ғана пісіп жетілмей ме?  Сол сияқты иллюзияда да бірден  жетістікке жету мүмкін емес. Бірақ кейінгі  кезде ұлттық нақышта көрсетілетін еңбектерді дүниеге әкелсем деген ойдамын.  Онда біздің  домбырадан бастап: бүркіт, сандық, тай қазан, құмай тазы  дейсіз бе, көптеген дүниелер  көрініс табады. Қобыздың қоңыр үнінің аясында осындай құндылықтарымызды көрсетіп, өзге жұртты төл мәдениетімізге тамсандырсам деген ойым бар.

- Cиқыршының иығында шайтан отырады деген ескі  ұғымнан аса алмадық па, бұл өнермен   айналысуға  екінің бірі неге жүрексінеді?

- Бұл өнердің сырын меңгергендер бұрын да аз болмаған. Жазушы Лев Толстойдың иллюзия жасағанын  біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол сияқты Мұхамедали де осы бір тілсіз өнердің тілін меңгерген. Әлемге аты мәшһүр небір профессорлар мен  ғалымдар,  ақындар мен жазушылар, тіпті президенттер де фокус жасай білген. Бірақ- хобби ретінде ғана. Ал, өз басымның  ислами көзқарастағы адамдардың сынына жиі ұшырайтыны рас. Тіпті, қарапайым адамдардың өзі діни тұрғыда қарап, ерсі көріп жатады. Мәселен, кей тамадалар пәленше деген сиқыршы бар, соны тойыңызға шақырайық деп мені меңзесе, оның орнына бір әншіні шақырайық деп, ат тондарын ала қашатын көрінеді. Үйдегі бала-шағам мен жарым да осы кәсібіңді  таста деп жақтырмай жатады.

- Бізде де  бұрын соңды сиқырдың сырын меңгерген шеберлер болды.   Соның ішінде Сұлтанғали Шүкіров пен Сара Қабиғожина, Балтабек пен Раиса Жұмағұловтардың есімдерін ерекше атауға болады.  Бірақ аталмыш өнердің осылардан соң жалғасын таппай,  тоқырап қалғанына  не себеп?

- Сұлтанғали Шүкіров пен Сара Қабиғохиналар сиқырдың хас шебері еді. Олар тіпті, Ресейге барып арнайы білімдерін  жетілдіріп келді. Өйткені- ол кездегі мәдениет құрығын ұстаған министлік өнерпаздардың дамып жетілуіне жағдай жасады. Соның арқасында иллюзионистеріміз шетелдерге шығып, түрлі жүлделерді қанжығасына байлап келді.  Бір Шүкіровтың өзі бес алтынды бірдей иеленгенде талай қазақ бөркін аспанға атқан болатын. Яғни, ол кезде өнердің қай түріне болсын қолдау бар еді.

- Күні кеше Қазақтың көк туын әлем төрінде желбіреткен Алтынай Байтоқанова  да қазақтың сиқыр өнерінен кенде емес екенін әлем алдында дәлелдеп кетті. Алайда оған  қолдау көрсетіп, арнайы мектеп ашып беруге талпынған ныспы ешкімде болмады.  Арманы асқақ қыз шерменде кеткен болар?

- Әрине Алтынайдың арманы асқақ еді. Осы бір тілсіз өнердің арқасында  қазақтың көк туын әлем төрінде әлі талай желбіретем деуші еді. Амал нешік? Көзі тірісінде мемлекет тарапынан  айтарлықтай қолдау  таба алмады. Өзі де ешкімнің алдына барып алақан жаю дегенді білмейтін намысты қыз еді. Сол намысы мен жігерінің арқасында көптеген елдерде қызмет істеді. Тәжірибесі мол, болашаққа қойған жоспарлары ауқымды еді. Бірақ біздің елде жыламаған балаға емшек бермейді ғой.  Сондықтан Алтынай қазақтың игілігіне деген мақсатына қол жеткізе алмай кетті. Біздегі талай сиқыршылар  осылайша пәрменде  өтті ғой. Мұхтар Әшірбаев та мықты понтомимошы еді. Ол да қолдау таппаған соң, ақыры бизнеске кетіп қалды. Өзгелер жанын салып жоқтан бар жасайды, ал бізде керісінше, барды жоқ қылады.  Осыдан-ақ біздің елдегі өнер мен мәдениеттің жағдайын бағамдай беріңіз.

- Сіздің мемлекеттік циркте қызмет ететініңіз бар. Соның арқасында  ел аралап, талай жерде өнер көрсеттіңіз. Салыстырмалы түрде айтыңызшы, біз  көп дүниеден кенде қалып қойған жоқпыз ба?

- Орталық циртктің ештеңеден кенде қалған тұсы  жоқ.  Үнемі қарбаласта аянбай қызмет етіп жатады. Бізге  тек насихат жетіспейді.  Ол насихатқа арнайы қаражат бөлуге тиіс үкімет болса  үнсіз отыр. Әйтеуір әртістер жалақыларын алып жүргендеріне риза. Цирктегі кейбір әртістер келісім шарт бойынша шетелге барып, жұмыс істеп келеді.  Талай мемлекеттен түрлі жүлделер алып келіп жатыр. Бірақ өз ішімізде оларды елеп-екшеп жатқан ешкім жоқ. БАҚ –тың өзі цирктің әртісінен көрі, сарыауыз әншілерді жарнамалауға әуестеніп кетті. Мені неге шақырмайсың деп, олар да өздігінен сұранбайды. Өйткені шынайы талант тек  өзіне сенеді. Ал бүгінгі тележәшіктен түспейтіндердің таланттың емес, қаржының  арқасында жарқырап жүргеніне күмәнім жоқ.

-  Көптеген сиқыршылар сиқырының сырын ашпай кетеді.  Ал сіз өз туындыларыңыздың құпиясын ашар ма едіңіз?

- Мен бұған дейін жасаған талай фокустердің сырын ашып бердім. Білгеніңді үйреткенге не жетсін?  Өзімнің ұлым да бұл өнерге ден қойып, айналысып көрді. Бірақ өкінішке орай тастап кетті. Арасында қызығушылық танытқан балалар да болды. Қолымнан келгенше оларға да үйретіп бақтым. Бір байқағаным- бүгінгі балалар тез үйреніп, тез танылсам дейді. Ашығын айтқанда ізденгілері келмейді. Сөйтеді де, орта жолдан  тастап кетеді. Алайда, әрбір игі нәтиженің артында қыруар еңбек пен білім тұрады емес пе?   Қасымда  қолқабыс болатын серігімнің болғаны маған да жақсы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме?

- Сіз тойларға жиі барып өнер көрсетесіз. Осындай орындарда  кейбір адамдардың энергиясы мысыңызды басып, қолыңыз жүрмей, қалатын кездер бола ма?

- Әрине фокустың шықпай қалатын кездері болады.

- Ондай сәттерде тығырықтан қалай шығасыз?

- Ештеңе істеместен келесі қойылымға көшемін. Не болмаса сахнадан кетіп қаламын.  

- Күнделікті тіршілікте иллюзияны өз пайдаңызға жаратып көрген сәттер болды ма?

- Жоқ, құдай сақтасын. Олай жасау адамдыққа жатпайды. Негізінде иллюзияны  пайдаланып біреуді алдап-арбауға, жылатуға болмайды. Бұл сиқырмен айналысатын жандарың жаратқан алдында берген серті болуға тиіс.

- Сіздің өз жас шамаңыздан жас көрінетініңіздің сыры неде?

- Шынымен де,  жуырда алпысқа келемін десем ешкім сене бермейді.   Мысалы, Дмитрий Лонго атты иллюзионист жүз бес жасқа дейін фокус көрсетіп өтті. Атағы жер жарған  бола тұра, дүние-мүлік жимапты. Тек немересіне арнап мұраға бес кітап  тастап кетсе керек.  Сол сияқты нәсілі армян- Арутюн  Акопян да сексен жеті жасқа дейін өмір сүрді. Сахнада көз алдағанымен, қоғамда  адал тіршілік еткендігінің арқасында сиқыршылар  ұзақ жасайды. Ол үшін  өнерді өз пайдаңа жаратып, айналаны алдамау қажет.  Қай қоғамда болсын аферист адамның  ұзаққа бармасы анық қой...

- Ендеше, қоғамда қарашаны алдаған алаяқтардан көрі, өнерде көзді арбаған илюзионистер  көбейе берсін дейік!

Әңгімелескен Динар КАМИЛОВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415