Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3456 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 16:23

И.Тағашев: Басты міндетіміз - Маңғыстау аймағында кəсіпкерлікті дамыту

Облыстық әкімдіктің конференция залында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы И.Тағашев корпорация қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

«Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы ұлттық компания болып табылады, оның 100 пайыздық құрылтайшысы – Маңғыстау облысының əкімдігі,- деді Ибрагим Есенжанұлы. - Көптеген ұлттық корпорациялар сияқты біздің компанияда да қаржылық сипаттағы қиыншылықтар бар. Бүгін «Каспий» корпорациясы, өкінішке орай, шығынды компаниялардың бірі болып саналады.

Біздің басты міндетіміз Маңғыстау аймағында кəсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін бизнесті жолға қою мен кəсіпкерлікті дамытатын менеджерлер командасын құру
қажет.

Облыстық әкімдіктің конференция залында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы И.Тағашев корпорация қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

«Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы ұлттық компания болып табылады, оның 100 пайыздық құрылтайшысы – Маңғыстау облысының əкімдігі,- деді Ибрагим Есенжанұлы. - Көптеген ұлттық корпорациялар сияқты біздің компанияда да қаржылық сипаттағы қиыншылықтар бар. Бүгін «Каспий» корпорациясы, өкінішке орай, шығынды компаниялардың бірі болып саналады.

Біздің басты міндетіміз Маңғыстау аймағында кəсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін бизнесті жолға қою мен кəсіпкерлікті дамытатын менеджерлер командасын құру
қажет.

Қазіргі уақытта біздің қарамағымызда еншілес 23 компания бар. Бұл компаниялардың көпшілігі өздерінің нақты бағыттарына сəйкес жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар облыс əкімімен «Каспий» корпорациясының алдына жаңа міндеттер қойылды. Бұл негізгі міндеттердің бірі-ауыл шаруашылығын дамыту. Маңғыстау аймағында ауыл шаруашылығы жеткілікті дəрежеде дамымай отыр. Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығындағы қиын да күрделі жобаларға көмек көрсету.

Су шаруашылығын дамыту да назардан тыс қалып отырған жоқ. «Каспий» су тұшыту зауыты əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияның қарамағына берілген 2011 жылдан бастап компания мамандарымен пайдаланылуға беріліп, іске қосылды. Қазір зауыт өндірген су Ақтау қаласының жасыл желегін суландыру үшін қолданылуда.

2004 жылы зауыт іске қосылған кезеңнен бері нысанның тоқтап тұруының негізгі себептерінің бірі, «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 су қоршауындағы теңіз суынан ауыз су өндіруге тиым салынды. Бұл жағдай теңіз суын тұшыту мен ауыз су өндіру жөніндегі  технологиялардың белсенді дамуы тиісті нормативтік-заңнамалық базаның дамуынан басып озуына байланысты туындады. 

Бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының Санитарлық ережелері мен шамаларында теңіз суы қоршауларына қойылатын талаптар болған жоқ, тек тұщы су қоршауларына ғана қойылатын талаптар болды. Мұндай жағдайда Санитарлық ережелер мен шамалар талаптарына өзгеріс енгізу үшін облыс əкімдігі мен əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорация көп күш-жігер жұмсады. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі мен Денсаулық сақтау министрлігінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі комитеті мен оның басшысының тікелей араласуымен санитарлық ережелер мен шамаларға өзгерістер енгізіліп, тиым салуға байланысты шектеулер жойылды.

Қазіргі уақытта зауытты жаңғырту мен қайта құрылымдау жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жұмыстар аяқталды, ол үстіміздегі жылдың 25-27 қараша күндері қорытынды алу үшін мемлекеттік сараптамаға беріледі, бұдан кейін зауытқа құрал-жабдықтар жеткізуге тендер жарияланатын болады. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттаманың 70 пайызы жасақталды, ол зауытқа құрал-жабдықтарды жеткізуші таңдалғаннан кейін аяғына дейін жасалатын болады. Зауытты жаңғырту мен қайта құрылымдаудың ең аз мерзімі 9 ай құрайды. Осылайша зауытты сөткесіне 20 мың текше метрлік жобалық қуатына қосу 2014 жылдың
шілде-тамыз айларына жоспарланып отыр.

Зауытты жаңғырту жұмыстарын қаржыландыру үшін «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациямен арадағы нысанда қалпына келтіру жөніндегі міндеттемесі, «Ақбұлақ» республикалық бағдарламасы, Еуразиялық даму жəне қайта құру банкі, жеке инвесторлар сияқты нұсқалар ұсынылып отыр. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының зауытты жаңғыртуға қатысуы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін анықталатын болады. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Ақбұлақ» бағдарламасына енгізілетін жобаларды қаржыландыруды негіздеу жөніндегі тендерді ұтқан «Kazakhstan Water Solution» компаниясы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша зауытты жаңғыртуды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар 2011 жылдан бастап Еуразиялық даму жəне қайта құру банкімен келіссөздер іске асырылуда, жобаның соңғы таныстырылымында облыс əкімдігімен көптеген сын-ескертпелер жасалды, банк осы сын-ескертпелерді ескере жəне таяу уақытта инвестицияларды тарта отырып, жобаны толықтай аяқтау мен қажетті қаржылық құжаттарға қол қоюға əзір. Оның үстіне жекеменшік компаниялар да жобаға қатысуға мүдделілік білдіріп отыр, атап айтқанда «ССТ», «Айди технолоджи», «Нұрсу Плюс», «Виллар», «Арионекс» секілді көптеген компаниялар зауытты жаңғыртуға қызығушылық танытуда.

Кəсіпорынның мақсаты – сумен жабдықтау жүйесіне кіріп, «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге Ақтау қаласы мен оның маңындағы елді мекендерді сапалы су-мен үздіксіз қамтамасыз ету. Маңғыстау атом энергетика комбинатымен келісімге қол жеткізіліп, зауытпен Мұнайлы ауданына ауыз су беру, Ақтау қаласында техникалық суды ауызсумен ауыстыру, №4 орталық сумен жабдықтау торабы арқылы жаңа шағын аудандарға ауызсу беру, жылу желісі суын толықтыру мен комбинаттың өзге технологиялық мұқтаждарына су беру жұмыстары іске асырылады. Сонымен қатар Ақтау қаласы мен оның маңындағы елді мекендерге резервтік сумен қамтамасыз ету көзін құру жөніндегі өте өзекті де маңызды мəселені шешуге қол жеткізіледі. Су кодексінің талаптарына сəйкес қалада резервтік сумен
жабдықтау көзі болуға тиіс.

Сонымен қатар қазыналы түбекте жасыл экономиканы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Бұл салада жел-электр энергиясын өндіру жөніндегі бірқатар жобалар бар. Оларды іске асырудың нəтижесінде алдағы уақытта Маңғыстау өңірінде энергияның баламалы түрлері өркендетілетін болады.

Əрине, қолға алатын істер аз емес. Олардың бəрі де 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіруге ұмтылған жас мемлекетіміз үшін қажет. Сондықтан да «Каспий əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» жұмыстарын ширатып, алдағы уақытта индустриялық-инновациялық жəне инвестициялық жобаларды дамытуға серпін беруге тиіс. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373