Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1870 3 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 13:58

Жапония қалай әлемдегі ең таза елге айналған?

Сурет: travelclub.kz сайтынан алынды

Дүниежүзіндегі халықтар арасында жапондар анасының жатырынан шыр етіп жерге түскен күннен бастап тазалықты жақсы көреді деген тәмсіл бар. Алайда, олар айтып жүргендей жапондықтардың тазалыққа болған ынтасы ешқашан арғы ата-бабасынан жалғасып келе жатқан дәстүр емес. Ол туралы әңгімені 1970 жылғы бүкіл Жапонияға қаптаған, етек жайған «Қоқсық соғысынан» бастап айтуға тура келеді.

1970 жылдан ілгері, Жапонияның оқу-ағартуы мен білімінің  негізін салушылардың бірі, профессор Такахашы «Бейшара жапондықтар» деген кітабын жазады. Ол бұл еңбегінде жапондықтардың кез келген жерге қоқсық тастай салатыны, жүрген-тұрған жерінде кіші дәретке отыратыны, қоғамдық тәртіпті сақтай бермейтіні және хайуанаттар бақшасына барғанда аң-құстарға бей-берекет азық-түлік беретіні секілді жағымсыз  қылықтарды мысал етілген. Содан кейін осыған ұқсас бір жағынан әдепсіз, боқтық сөзді жиі айтатыны, бір жағынан ойланбай, толғанбай отбасын құра салатын салт шығыс азиялық елдерде кең етек алған еді.

Такахашының «Бейшара жапондықтар» атты кітабының мұқамасы.

1955 жылдан бастап, экономикасының көтерілуіне байланысты, Жапония жаңа даму кезеңіне қарай қадам басады. Демек, экономиканың тез көтерілуі мен өндіріс ошақтарының көбейуі жапониялықтарға ақылмен, біліммен саналы түрде даму, өркендеу орайын алып келген болса да, бірақ көп санды жапондықтардың тұрмысы мен өмір сүру салты сол баяғысындай болатын. Адамдар тағы да қосықты қалаймақан тастай беретін.

1962 жылы халық ұйымының ғимаратында жиын аяқтағаннан кейін адамдар тастап кеткен қоқсықтар.

1962 жылы мемлекеттік теміржолы Токия бекеті маңайындағы қоқсықтар. Бұл кезде XVIII жазғы олимпиада ойындары басталуына екі жыл қалған кез еді.

1967 жылы Осака қаласының мөлтек аудандар арасынан ағып өтетін арықтар қоқсық үйіндісіне айналған. Төрт жылдан кейін Осака қалалық әкімдігі бұл арықты тындырып, түзеп жіберген.

Жайшылықта, бей-берекет қоқсық тастаудан басқа, қара қарғадай көбейген, қанатын кеңге жайған өндіріс ошақтары да экологиялық апат алып келген еді. Зауаттардың ретсіз салынуы, одан тараған газ бен будақтап шыққан түтіндер атмосфераның  ауыр дәрежеде ластануына әкеліп соғады. Астанасы Токияның ауасының ластығынан көшеде жүрген адамның түрін танымақ тұрмақ, олардың саусақтарын көруге де болмайтын дәрежеге жеткен еді.

1960 жылы Мийы ауданы Иоккачы қаласында кең көлемді безгек ауруы тарайды. Бірақ көптеген адамдар тағы да ауаның ластануының ауыр екенін қаперіне де алмайды. Бастауыш мектеп әндердерінде мәтінінде зауыт түтін будақтап шығып жатқан зауыттарды түтіндерді Жапонияның үміт нұрына ұқсататын-ды.

1964 жылы Токия жазғы олимпиада ойындары кезінде көптеген адамдардың назарында, санасында Жапон елінің таза болу кезеңінің басталу негізі болды. Саясаткерлер жаздық олимпиада ойындары Жапонияның гүлденуге бет бұрғанын шетелдіктерге сезіндірудің тамаша орайы деп санап, бір мезгіл қоғамдық ортаны жақсартуға ден қояды. Сонымен, Токия және кең көлемді «Астананы гүлдендіру» мәдени шарасын бастап жібереді.

Қаланы бір тұтас ретке келтіру қимылының ең үлкен нәтижесі, көшелерге көптеген жаңа типтегі қоқсық сандықтары қойылады. Қоқсықтарды адамдар жол бойындағы қақпағы бар сандықтарға салынатын болды. Қоқсық таситын көліктер үнемі келіп, төбе болып үйіліп қалған қоқсықтарды тасиды.

Қайта-қайта туындап отыратын қоғамдық, экологиялық мәселе жапондықтардың басын одан ары ауыртып жібереді. 1970 жылы Жапонияның 64-ші реткі уақытша Парламенттің отырысында 14 түрлі қоғамдық апаттарға арналған заң жобасы ортаға салынады. Әрі бұл заң қабылданады.

Мына сурет болса, сол күнгі Парламент отырысының суреті.

Жапонияның қала көшелері: 

Суретті мақала авторы ұсынды.

Бүгінгі күнде Жапонияға барғандар тазалықтың не екендігін шынайы сезіне алады. Тазалық Жапонияның маркасына баяғыда айналып кеткен. Тазалық тек бір бөлім үлкен қалаларда ғана емес, үлкенді, кішілі көшелерге дейін жалпыласқан. Тазалыққа деген құштарлық биліктегі шенеуніктерден тартып, төмендегі қарапайым халыққа дейін қалыптасқан. Жапонияның таза болуы –  тек қана көру сезімі, иіс сезімі және дәм сезуі ғана емес, бәлкім ауадан тыныс алудың өзі тауға барып, орман ішін аралап жүргендей әсер қалдырады.

Жапонияның су тазалығы: 

Суретті мақала авторы ұсынды.

Минерал суға тән айтар болсақ, Жапонияда ауыз суға деген өте тазалық өлшемі мен бақылау жүйесі бар. Бүкіл қоғамдық ортада қолданылатын судың барлығы минерал су, адамдар алаңсыз ішуіне болады. Күнделікті тұрмыста қолданылған кір сумен, өнер кәсіптен шыққан лас суларды дер кезінде тазартып, бір жайлы етіп отырады. Тіпті құдық суындағы ауру тудыратын бактерияларды тазартып, оны дер кезінде тізгіндейді. Мәселен, Токия қала орталығындағы жуынды мен өнер кәсіптен шыққан сулар ағатын арықтағы суының тұнықтығынан арықтың түбі көрінеді. Бұл арықтарда балықтың әр түрі топ-топ болып жүзіп жүреді.

Жапонияның бұқаралық тазалығы: 

Суретті мақала авторы ұсынды.

Бір қарағанда Жапониядағы қалалардың өте ретті, көркем екендігін көруге болады. Жол үстіндегі ары-бері жүйткіп жүрген көліктер жаңа, мейлі ескі болсын табиғи жылтырап, таза жүреді. Жауын-шашын кездерінде де көліктің үсті кір-қожалақ, сатпақ болғанын көрмейсіз. Бұдан басқа адамды таңғалдыратын жері, көшелерінде тазалық жұмысшыларын мүлде кездестіре алмайсыз. Өйткені, тазалықшылар қала тұрғындары орнынан тұрмай жатып көшелерді сыпырып, мунтаздай  тазалап кетеді.

Қоғамдық дәретханасы: 

Суретті мақала авторы ұсынды.

Жапонияның қоғамдық дәретханасы тазалығымен әйгілі, басқадай жағымсыз иіс болмайды. Тазалық жұмысшылары дәретханаларды тазалау әдісіне өте көңіл бөліп, бұлың-бұлыңына дейін қалдырмай тазалайды. Мұндай ортаны көрген адамдар өздігінен тазалыққа еріксіз көңіл аударып, амал бар дәрет жасағанда ластап кетпеуге тырысады.

Жапонияға келген әйел саяхатшылардың (туристер) көңілін көтеретіні де дәретханасы. Ең қысылтаяң Токия метро аузы болсын, яғни алыстағы Фуджи айырығында болсын, саяхатшылар дәретхана таба алмаймын деп алаңдамаса да болады. Ең маңыздысы, көлемінің үлкенді-кіші болуынан емес, Жапонияның қоғамдық дәретханасы мен қонақүйлердің дәретханасында ақылы еркін дәретхана орналастырылған, өте ыңғайлы.

Қоқсықты түрге айыру:

Суретті мақала авторы ұсынды.

Жапония әлем бойынша ең нәзік және ең мықты мемлекет. Таныстырылуларға қарағанда, Жапония қоқсықты төрт түрге бөледі. Кейбір орындарда әуел десең, 18 түрге бөледі екен. Иокогама қаласы жөнінен алып айтқанда, қала әкімдігі арнайы 27 беттік шағын кітапша басып шығарып, халыққа қалай істегенде қоқсықты дұрыс түрге айыру туралы түсіндіру жүргізіледі екен. Естуге қарағанда, бұл қолданбалы белгілемелер (ережелер) қазірге дейін 518 түрге жеткен. Бұдан Жапонияның қоқсықты түрге бөлу және оны басқаруда неғұрлым ұқыпты ел екендігін көруге болады.

Жапонияда бастауыш мектептен бастап, балаларға қоқсықты түрге айыру тәрбиесі жүріледі. Әртүрлі мектептер үнемі оқушыларын қоқсықты қалай біржайлы ету орнына апарып көрсетіп отырады екен. Осылай істеу арқылы балаларға қоқсықты не үшін түрге айыратынын, оны қалай бір жақтылы етілетіндігін, оның қалай қайталанып отыратыны үйретіледі. Жапондар балаларды бала жасынан бастап мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі және қоғамның ықпалымен қоқсықты қалай түрге айыру санасын қалыптастырады.

Қоқсықты басқаруды онан ары кемелдендіре түсу үшін, кейбір орындар үлкен көлемі айыппұл салуды белгілеген. Заңсыз қоқсық тастағандарға 2000 иенадан бастап, 10000 иенаға дейін ұқсамаған дәрежеде айыппұл салынады. Кей жерлерде іс жүзінде мұндай шара белгілемесі болмағанымен, алайда, адамдардың бірін-бірі бақылауы және халықтың өзінің сана-сезіміне байланысты бір жақтылы етіліп отырады.

Демек, жапондар тазалыққа көңіл бөлу, экологияны қоғау, қоршаған ортаны сақтау,  сынды тамаша салтты бала жастан қалыптастырып, оны өздерінің ұлттық маркасына айналдырып алған.

Өзге елдің басылымынан аударған Әлімжан Әшімұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371