Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1148 0 пікір 19 Қараша, 2025 сағат 17:16

Израиль Ливанға әуе шабуылын жасады

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі ХАМАС ұйымының оқу-жаттығу лагеріне соққы берді, деп хабарлайды ТАСС.

— Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Айн-эль-Хильва ауданындағы (палестиналық босқындар лагері) ХАМАС ұйымының жаттығу лагерінде жұмыс істейтін радикалдарға соққы берді, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі шабуылға дейін бейбіт тұрғындарға келтірілетін залалды барынша азайту шараларын қабылданғанын, оның ішінде дәл басқарылатын оқ-дәрілерді қолдану, әуеден бақылау және қосымша барлау мәліметтері жиналғанын атап өтті.

— Израиль қорғаныс күштері Ливандағы ХАМАС жасақтарына қарсы әрекетін жалғастыра береді, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, БҰҰ мәліметінше, Израильдің соққыларынан Газада 282 мың үй қираған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740