Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3417 0 пікір 20 Желтоқсан, 2013 сағат 10:23

Ауыт Мұқибек. Нағашыма хат (жалғасы)

Ардақты аға дүниеден озған соң, боздап көп өлең жаздым.

«… Сөйле деп топ алдында сөз әперді,

Көрдім мен байтақ Отан, азат елді.

Соншалық оны жақсы көргендігім,

Ұмытып қала жаздадым өз әкемді...»  – деп жоқтадым әкемдей болып кеткен кәрияны (http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-kairanda-kairan-tymagam, http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-tymash-atam-kaida-ketti).

«Ағамның ардақты бауыры, өлгенде көрген Азат елінің Тұңғыш Президенті еді ғой, аптасына өлең арнап отыратын ағасының жоқтығы білініп қалмасыншы» – деп, Сізге де «Нұраға, алыс кетті Тұмағаңыз!» деген ұзақ толғау жазып, көңіл айттым. «Дәстүр» (№6, 2011 жыл) деген журналға басылды. Кеңсеңізден М.Қасымбектің қолы қойылған:

«Құрметті Ауыт Мұқибек! Халқымыздың ақиық ақыны Тұманбай Молдағалиевтың дүниеден өтуіне байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген көңіл айту өлеңіңіз Президентке көрсетілді.

Ардақты аға дүниеден озған соң, боздап көп өлең жаздым.

«… Сөйле деп топ алдында сөз әперді,

Көрдім мен байтақ Отан, азат елді.

Соншалық оны жақсы көргендігім,

Ұмытып қала жаздадым өз әкемді...»  – деп жоқтадым әкемдей болып кеткен кәрияны (http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-kairanda-kairan-tymagam, http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-tymash-atam-kaida-ketti).

«Ағамның ардақты бауыры, өлгенде көрген Азат елінің Тұңғыш Президенті еді ғой, аптасына өлең арнап отыратын ағасының жоқтығы білініп қалмасыншы» – деп, Сізге де «Нұраға, алыс кетті Тұмағаңыз!» деген ұзақ толғау жазып, көңіл айттым. «Дәстүр» (№6, 2011 жыл) деген журналға басылды. Кеңсеңізден М.Қасымбектің қолы қойылған:

«Құрметті Ауыт Мұқибек! Халқымыздың ақиық ақыны Тұманбай Молдағалиевтың дүниеден өтуіне байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген көңіл айту өлеңіңіз Президентке көрсетілді.

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық поэзиямызда өзгеше орны бар тамаша лирик, жан-жүрегі ерекше нәзік те жомарт Тұманбай ақынның шығармашылығын да, өзін де ерекше қадірлейтін. Сіз де өз өлеңіңізде ұлы ақынның осындай қасиеттерін жан-жүрегіңізбен тебірене жырлапсыз. Өлеңіңізбен танысқан Мемлекет басшысы Сізге шынайы алғысын білдіріп, жақсы тілектерін жеткізуді тапсырды.

Өлеңіңіз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында сақталатын болады.

Зор денсаулық, шығармашылық қызметте Тұманбай ақынның шалқар шабыты мен бақытын тілейміз» – деген хат алдым.

Мен білгенде, Сізді шын жүрегімен, ақ ниетімен қолдаған әлемде Тұмағамдай шайыр аз! Ақындық атты аламанда махаббатты, Күлтайын, Патшасын жырлауда, бұрын-соңғы қазақта ол кісі алдына ақын баласын сала қойған жоқ! Кезегі келгенде, Сізге мен де өлең арнап отырдым. Соның бір парасы «Мөлдір» атты кітабымда тұр. «Егемен Қазақстанға» да басылды. Сіз салған Астананы да асқақтата жырлап келем (http://old.abai.kz/node/40827, http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-astana-anyz-kala).

Көштің беті кері бұрылып, қандастарымның халы қиындай бастағанда ашына жазған жырларымда да Сіздің ұлы еңбегіңізді, биік тұлғаңызды төмендеткен жерім жоқ. Бірақ, күйіне отырып, шындықты да еш жасырған емеспін! Сондағы таң қалатыным, мені қойшы, қазақтың маңдайына ғасырда бір-ақ рет бітетін ардақты ағаңыз Тұманбай ақынның топырағы құрғап үлгірместен, ол келсін деп шақырған, Өзіңіз жалаулатып бастаған қазақ көшінің осы күйге түскеніне, қалың қазақты қайдағы бір келімсектерден пышақ жүзі ғана парықты көргеніңізге мен қайран қалдым, Нұреке! Ақын ағаның «Тасада тұрып сендерге енді ешкім оқ атпайды да!» – деген берік сенімінің аяқ астында қалғанына жаным қатты күйзеліп кетті. Мынау сол «тасада тұрып атқан оқтың» өзі емей, не?! Аттыңыз ғой қақ жүректің тұсынан!

Мен өте жақсы білем, Тұмаға үлкен жүректі, қазақы болымысына зәредей дақ түспеген тұнық адам. Ол қандастарын таза көңілімен, үлкен жүрегімен шақырды. Сосын, Ел тізгінін ұстап жарқылдап жүрген інісі – Сізге өте қатты сенді. Бұлай болады деп еш ойлаған жоқ өле-өлгенше. Аға аруағын қозғап, менің ашынатыным жерім – осы. «Атақты Абылай ханның қасында Бұқар: «Ей, Абылай!» десе, Хан сөзге тоқтапты» – деуші еді ғой ғалым ағаларым. Біз де сол Бұқардың осы ғасырдағы жұқарған түріміз ғой! Міне, биыл Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің жасындамын. Жыл аттап, қаңтардың жиырмасына жетсем, Мұқағалидың 45-не шығам. Жас емеспін, менің құрдасымның алды Гурузияға Өзіңіз секілді президент болды. Атаның көңілі болмаса да, ботаның көңілі жоқ па, қасиетті Нұрекем! Мені неге шырылдатасыз сонша!

3. Негізі шеттегі қазақтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қалай қарайды? Көріңіз, міне!

Қазақстан азаматтығын алған соң, мен туған ауылыма көп барған емеспін. Қазір үлкендер түгелге жуық о дүниелік болған. Оның үстіне, көзің тойып көретін көркем жайлаулар жоқ, бәрі қоршалып, басқаның қолына өтіп кеткен. Ауылдың іргесіне дейін керпіш зауаттары салынып, баяғы сәнінен айырылған. Енді мына жағдайдан кейін, қай бетіңмен барасың ол ауылға?! «Атажұртың азаматтықты төрт жылдан соң беретін болды» – деп, шүйінші сұрап барам ба?! Қазақстан шімірікпегенімен, менің екі бетім ұяттың қызыл отына өртеніп барады.

Қош, сонымен мен арғы бетке соңғы рет 2007 жылдың сәуір айында бардым. Онда да бір нағашымды емдету үшін. Жанарбек Әшімжанов деген. «Жас Алаш», «Жас Қазақ» газеттерінде істеген. Келе сап тапқан жақсы інім. Өте батыл жазатын. Оның да ата-анасы алпысыншы жылдары Құлжа маңынан бері өтіпті. Анасының қолынан талай дәм татқам, тілеуі өте жақсы адам.

Сол Жанарбектің қан қысымы қатты көтеріліп ауырды. Алматының біраз емханасының есігін қақты. Нұрлан аға Оразалин өзі апарып, №12 бәлнисаға жатқызып та көрді. Өнімі болмады. Ақыры Үрімшіден сауықты. Қазір Жазушылар Одағында екінші, әлде үшінші хатшы.

Сол сапарда біз бір ай шамасында жүрдік. Науқастың беті қайтып, көңіл орныққан соң, бүкіл Үрімжіні, Құлжаны, біздің Ойманбұлаққа дейін барып, аралап қайттық.

Мен арғы беттегі қазақтардың Қазақстанға, Нұреке, Сізге деген ыстық ықыласын, аппақ жүрегін сол сапарымда қатты байқадым. Кітап дүкендерінде төте жазумен басылған Сіздің және Қазақстан қаламгерлерінің кітаптары самсап тұр. Бежің Ұлттар баспасы М.Жолдасбековтың «Асыл арналар» кітабын баяғыда шығарыпты. «Шынжаң Жастар-Өрендер» баспасының бастығы Әкімбай Жапарұлы: «Бізден жақында Оразалиннің жыр жинағы жарық көрді. Жанарбек, айналайын, сенің де бір кітабыңды тегін шығарып берейін» деп жатты... Қай көшеге, қай үйге барсаң, «Құйылсын көшің, жиылсың есің…» деп, тұрған «Елім менің» мен «Үшқоңыр», кішірейтілген Көк ту мен Сіздің суретіңіз...

Біз көрнекті қазақ ғалымы Жақып Мырзахановтың үйінде болдық. Қонақ бөлмесінің қақ төріне Сіздің үлкен портретіңізді іліп тастаған. Кейін осыдай сурет атақты Солтан аға Жанболаттың, сыншы Шәріпхан Әбдуәлидің төрінде де тұр деп естідім. Бұл ағалардың бәрі де үлкен қызмет атқарған, Ұлы Жұңго комунистік партиясының ең таңдаулы мүшелері. Соған қарамастан, «өзге» ел президенті – Сіздің бейнеңізді қасқайтып төрлеріне шығарып қойған.

Кәзір Қытайда туған екі баланың бірінің аты Нұрсұлтан екенін ел жақсы біледі. Қазақты қойып, қырғыз ағайындар да ұлдарына көп қоя бастапты бұл атты. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, біздің қызайлар балаларына Назарбай деп ат қоя бастағанын көрдім мен! Кәдімгі, жатқан жері жарық болғыр, Сіздің атаңыздың!

Ал, Сара мен Дәриға ныпсылы қыздарда қисап жоқ! Кәзір сол Назарбай мен Нұрсұлтандар, Сара мен Дәриғалар ержетіп, шүлдірлеп қытай мектебінде оқып жүрген болу керек! Соны ойласам, ішім удай ашиды. Өйткені, ол елде қазақ мектебі түгел жабылған.

Құлжада да сонау Текестен жігіттер іздеп келіп, дастарханын жайып, Жанарбектің иығына шапанын жауып, Қорғасқа дейін шығарып салды. Сондағы бәр әңгіменің түйіні – тек Сіз ғана болдыңыз, Нұреке! «Нұрекеңе сәлем айтыңдар, аман болсын ағамыз!» – деп қояды кіммен сөйлессең де. Сол сезімдерді мен шамам жеткенше жыр жолдарына түсіріп, «Мөлдір» кітабыма кіргіздім. «Құдай – ау, мына Бәйдібек пен Домалақ анамның ұлы мен қызынан тараған ұрпақ жаман Жанарбек екеуіміз келгенде бүйтіп қырылып қала жаздады, ал Патша Нұрсұлтан Әбішұлы келсе қайтпек?! – деп ойладым мен толқып. Елдің осындай ақжарма ниетін байқап, ақын Есенғали Раушанов та (http://old.abai.kz/content/shynynda-osken-altaidyn) естелік жазыпты Бежің сапарынан!

Ақыры, Сіздің суретіңіз жайында әңгіме айтылып қалды ғой жоғарыда, енді мына бір оқиғаны да ерінбей, жаза кетейін.

2005 жылы 17науырызда менің Омарәлі Әділбек деген аға-досым қырыққа келді. Бұл жігіт кезінде Бежіңде оқыған, оқу бітірген соң, сонда қалып қызмет істеген үлкен жазушы, ғалым, әдебиет сыншысы. Кейін Үрімжіге ауысып келіп, Шынжаң Ғылым акедемиясында зерттеумен айналысқан. Ел егемендігін алғанда, сол орталықта оқыған бір топ курстастарымен бірге, бүкіл қызметін тастап, алғашқылардың қатарында Алматыға оралған. Акедемияға – Серік Қирабаевтың қолына аспирантураға түсіп, қиын кезеңде, отбасы жағдайына байланысты, оқуын тастап, жеке кәсіпкерлікке кетті. Нарықтың қыспағы болмағанда, үлкен ғалым болатын-ақ азамат еді. Қазір де жаман емес. Сол Омыш ағам қырық жасын Розыбакиев көшесі, №50-дегі оралман келіншек Нұргүл Сәбетханқызы ашқан «Жібек жолы» кафесінде жүз шақты жолдас-жораларын, туыс-туғандарын шақырып, атап өтті. Тұңғыш келіп, жұмыссыз жүргенде ақын Білісбек Әбдіразақ досым екеуміз осы Омарәлі ағаның үйінен қарынымызды талай тойдырғамыз. Басқа елде бар жол-жосын Қызай елінде тіпті берік сақталған. Жақсы ағаның қырық жасына арнап, өлеңді қатырып алдым. Енді елді елең еткізетін бір кәде алуым керек! Аяңдап «ЦУМ»-ға бардым, дүние күйіп тұр – удай қымбат! Аралап жүріп, бір кезде, Нұреке, Сіздің рамкаға салынған суретіңізге көзім түскені. Бағасы да қалтам көтеретіндей – 5000 – ақ мың теңге. Ойланбастан алдым да, «Жібек жолы» кафесіне тарттым.

Мына Құдіреттің күштілігін қараңыз, туылған күн дастарқаны былай басталды. Той иесі орнынан тұрып, өзі бірінші сөзді алды да:

– Құрметті ағайындар, бізде – арғы бетте туылған күнді тойлау дағдысы жоқ. Қырыққа келгенде елге еліктегенім де, асып-тасығанымнан да емес, осы күнге аман жеткен қуанышымды сіздермен бөліскелі отырмын. Баяғыда мына досым Рақым (Айыпұлы), Базарәлі, ана Астанадағы Дукен (Мәсімхан)... – бәріміз ауылдан барып, Бежіңде оқып жүргенде, «Шіркін-ай, біздің де осындай тәуелсіз мемлекетіміз, қазақ патшамыз болып, біз соның көшесін сыпырып жүрсек, еш арманымыз жоқ еді-ау!» – деп, күнде армандаушы едік. Құдайға таубе, сол асыл арман орындалды, Қазақстанымыз – Тәуелсіз, Нұрсұлтанымыз бар...! – демесі бар ма?!

Осы беташар сөзден кейін тарихшы Нәбижан Мұхаметханұлы ары қарай жалғастырған сол ақ тілектердің бәрі Сіздің атыңызбен байланысып, әдемі өріліп, өрнектеліп еді-ау бір! Кезегім келіп, өлеңімді оқып, сыйлығымды жарқ еткізіп алып шыққандағы елдің соққан шапалағын көрсеңіз! Омыш ағам сол суретті қос қолдап төбесіне көтеріп алып, бар елге көрсетті-ау бір қуанып! Екі көзіндегі моншақтаған ыстық жасты көрсеңіз!..

Кешегі Бауыржан Байбек дуылдатып ашқан «Нұротанның» съезді оның қасында жолда қалсын, Нұреке! Одан Омыштың туылған күніндегі біздің – Сізге, Отанға деген пейіліміз әлде қайда ыстық, шынайы, ақ... деп ойлаймын мен...

Сол сурет Омарәлінің төрінде біраз жыл ілулі тұрды да, жоқ болы. Сөйтсем, жасы сексеннен асқанда Атажұртқа көшіп келген әкесі Әлиясқар ақсақал: «Сен тауып аласың ғой, балам. Патша біздің үйде тұрады!» – деп, алып кетіпті. Ақсақал дүниеден өтіп, Бәйдібек бабасының азат өлкесіне жамбасы тиді. Ал Сіздің сол суретіңіз Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы, Сарыбай би көшесі, №67-үйдегі Әлиясқар атаның қара шаңырағының қақ төрінде қасқайып қазір де ілулі тұр!..

Биыл Астананың тойы қарсаңында теле арнадан Сіз туралы түсірілген деректі филімді тағы көрдім. Қатты әсерлендім. Сіздің туған анаңыз Әлжан апа туралы қарындасыңыз Әнипа әпке көз жасын төгіп тұрып айтқан естелік көңілімді толқытып жіберді . Әбіш атаның темірден түйін түйетін ұста екенін мен жақсы білетінмін. Ал, Әнипаның айтысына қарағанда, Әлжан апа да бармағынан бал тамған шебер болған екен ғой. Өз қолының қысқалығына қарамастан, ауылдағы ұзатылатын қыздарға жасау тігіп беріп, қуантқанды қатты ұнатады екен. Дәл сол тұста, Қытайдан Текеліге көшіп келген екі қарындасыңыз – Зада Жаманқызы мен Жазира Құрманғазықызы Сіздің 73 жасқа толғаныңызға арнап, 73 метр сырмақ сырып, соны Сізге қалай тапсырамыз деп, әбігерге түсіп жатқан болатын.

Ойлаңызшы, Нұраға, ана жүрегі қандай ақ, адал еді!? Мысалы, мен үшін арғы беттен келген тұрмақ, әлемдегі аналардың, қай ұлт болса да мейлі, бір-біренен еш айырмасы жоқ! Оны айтасыз, саулықтың жаңа туған қозысына мекіреніп, шаранасын жалап тұрған сәті менің көз алдымнан өмірі кеткен емес. Ол да – ана! Сол сырмақшы екі келіншек кешегі анау Домалақ, Күнбике – Нұрбике, Әлжан... апалардың жолын ұстанған дегдар жандар емес пе еді?! Қазақстандағы бүкіл БАҚ мақтанышпен жазып жатқан осы жап-жаңа алып сырмақтың, басқа-басқа, әншейінде ескі шапан десе елең ете түсетін М.Жолдасбековтің құлағына жетпегеніне мен түк сенбеймін! Сөйтіп, биліктен ешкім ескермей тастады екі ананың есіл еңбегін! Мұның бәрі бел асып келген қауымның Сізге, Сіздің ұлы еңбегіңізге деген жоғары құрметі мен ыстық ықыласы емес пе?! Бүйтіп, аналардың меселін қалдыруға, еңсесін түсіруге ешкімнің хақысы жоқ!

Қызметіне салғырттығы мен біліксіздігінің салдарынан «ВИЧ» індетін жұқтырған 220 баланың 11-і көз жұмып, бүкіл елді шулатқан, асыл аналардың көз жасын көл еткен Ерболат Досаевқа кеше берілген «Парасат» ордені он саусағынан өнер саулаған, қайсар, отаншыл Зада Жаманқызы мен Жазира Құрманғазықызының кеудесінде жарқырап тұрса, ешкім де дау айтпас еді-ау, шіркін!..

Ал, қотарыла көшіп келмегенімен, Түркия мен Еуропа қазақтарының да Сізге деген көңілінде де титтей кір жоқ, ықыластары тіпті бөлек! 1992 жылдың 28-қыркүйегінде ҚР Президенті болған Өзіңіздің бастамамаңызбен Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Сол Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайынан бастап, құрылтай сайын сол қазақтар мінбеден бір түскен емес. Өзіңіз де естіп жүрсіз, тек алқаумен ғана келеді Сізді. Тұңғыш құрылтайда Сізге деп арнайы әкелген қымбат машина мен Сара апама дайындаған алтын білезікті ұсынамыз деп, Түркия мен Еуропадан келген керейлердің төбелескені, Мұхамәди Қылыштың Шақабай Кешенайдан таяқ жеп, көзінің шығып кете жаздағаны Хасен Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» (Білім баспасы, 2005 – жыл) кітабының 393-бетінде жазулы тұр. Міне, құрмет өз алдына, Сізге деген қызыл жалын қызғаныштың көкесі бұл!

Басқаны былай қойғанда, әр құрылтай сайын, жасы жетпістен асып кетсе де, Арыстан қажы Тосынның алды-артыңызды орап, «Қаражорғаны» солқылдатып билеп жүргенінің бір өзі неге тұрады, Нұреке!   

Маңғолиядан келген Қайрат Бодауханның бір өзі бірнеше ауыл салып тастаған жоқ па?! Байқасаңыз, сол ауыдың атының көбі «Нұр»-дан басталады…

Қарақалпақтан келетін қазақтарға мен дән ризамын. Кеңестік кезеңнің текпісінде тапталса да, кәрі арыстан Кәрімовтың қыспағында жүрсе де, елге келіп, миллионның қоржынын толтырған – солар...

2002 жылы Түркістанда ашылған Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында айтқан сөзіңіз есіңізде болар, оқып тұрған қағазыңыздан басыңызды көтеріп: «Мен қазақ дияспорасы бар мемлекеттерге барған сапарымда, ондағы қандастарыммен кездеуге тырысам. Сондағы бір риза болатыным – «әй Нұрсұлтан, сенің мына қазақтарың біздің тынышымызды кетіріп, мазамызды алып жатыр!»деген бетіме шіркеу келтіретін бір жаманат сөз естіртпегені! Мен Қазақстанның беделін сақтап, атағын асқақтатып жүрген сол шеттегі қандастарыма мәңгі қарыздармын!» деген жалынды сөзіңіз әлі құлағымда, әлі көз алдымда тұр!

Содан бері де он жылдан асыпты. Сол қазақтар сол тап-таптаза, моп-момақан күйінде шетелдерде күн кешіп жатыр. Тіпті, террордың отанына айналған елдердегі қандастарыңыздан да әлі бір дыңғыр естілген емес. Осында келіп, «қылмыскер» атанып жатса, оның себебін басқа жақтан іздеген жөн. Ал, шетелде шулатып, Қазақстанның жаман атын шығарып жүргендер қандастарыңыз емес, осыннан барған қулар...

Қысқасы, шетел қазағы Сізді өте жақсы көреді.

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413