Референдумның маңызы неде? Қоғам пікірі
Референдум - бұл еліміздегі ең өзекті деген мәселелерді халық болып шешудің тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізудің еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам екенін ерекше атап өткен болатын. Референдумның ел болашағы үшін маңызы қандай? Референдум дегенді қалай түсінесіз? Еліміз референдумның алғашқы нәтижелерін сезіп үлгерді ме? Біз бұл сұрақтың жауабын қоғамымыздың белсенді азаматтарынан сұрап көрдік.
Талғат Жанысбай, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі:
Референдумның ықпалы жоғары
- Еліміздегі маңызды мәселелерді өзгертуге әрине референдум ықпал етеді. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары екі референдум болды. Оның бірін өздеріңіз білесіздер қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 5-маусымда болды. Бұл референдум Қазақстан Республикасының Конституциясындағы заңнамалық өзгертулерге байланысты жалпыхалықтық референдум болатын. Соның аясында Конституцияға біраз өзгерістер енгізілді. Заңдар толықтырылды. Кейбір заңнамалық актілер алып тасталынды. Жалпы референдумның ықпалы қазіргі таңда әлем бойынша дамыған демократиялы мемлекеттерде қолдау алады. Біздің референдум қазір Орталық Азияда бізден кейін Өзбекстан жалпыхалықтық референдуммен Президенттің мерзімін ұзартуға байланысты, жаңадан сайлауға байланысты бұлар да халық тық референдум жасады. Сол сияқты Қырғызстанда біраз заңнамалық актілері, Президенттің мерзімі сынды әдістерімізді пайдаланып жатыр. Алдағы уақытта Қазақстанда Атом электр станциясын салуды талқыға салатын жалпыхалықтық референдум өткіземіз деп жатыр. Бұл дегеніміз биліктің халық пікірімен санасуы деп білеміз. Сондықтан халықтың ойын, пікірін тікелей билік Үкімет ескереді деп ойлаймын. Алғаш референдум өткізген кезде халықтың билікке деген сенімі аса жоғары бола қоймады. Ал қазір жаймен референдумға деген халықтың сенімі оң көзқарас танытуы байқалып келеді. Өйткені Президентіміз сайттарда петиция жинауды елу мың қолдан асса, міндетті түрде Үкімет тарапынан қаралуы керек дегенді айтқан болатын. Сондықтан да қазіргі мынау утиль алымдарға байланысты елу мың қол жиналды. Оның өзі үлкен жетістік. Қазіргі таңда Үкімет тарапы оны қарауға мәжбүр болып жатыр. Одан бөлек ЛГБТ пропагандасына байланысты да елу мың қол жиналды. Бұл да өз кезегінде Үкімет тарапынан қаралады деп ойлаймын. Сол сияқты референдумның қазіргі кезде біздің саяси жағдайда маңыздылығы зор. Жер мәселесі болсын, тағы да басқа мәселелер болсын жоғарыда айтып өткендей АЭС болсын жалпы осы халықтың санасымен санасу соған осындай халықтан дауыс болды, осындай көрсеткіштер көрсетілді деп әлемдік аренада да басқа елдерге халықтың пікірін көрсете алуы нағыз демократиялық елдерде қалыптасқан жағдай. Сондықтанда бұл референдум Қазақстанда белгілі бір мәселелерді шешуге өз әсерін береді деп ойлаймын.
Жомарт Зұлпыхар, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Халық пен билік арасындағы байланыс
- Мемлект басшысы референдум жайында өз Жолдауларында жиі айтып жүр. Өзінің соңғы тапсырмаларында да халықпен биліктің арасындағы байланысты орнату мақсатында 2022 жылғы Жолдауында Конституцияға өзгерістер мен, толықтырулар енгізу кезеңінде осы Қазақстан халқына жолдауында жаңа саяси реформалар бағдарламасын ұсынған болатын. Бұл мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қалыптастыруда халықпен қоғамның және халықпен мемлекеттің арасындағы қарым -қатынастың жаңа форматы ретінде қарауға болады. Себебі бұл референдумға халық қатысу арқылы осы қоғамымыздағы, мемлекетіміздегі өзекті мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. Жалпыхалықтық мәселе халықтың үніменен, халықтың дауыс беруімен шешуге өте ықпал етеді және бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондықтан референдум арқылы кез келген мәселенің мемлекеттің деңгейінде шешілуі қажет мәселелерде осы референдум жолын таңдау бұл демократияландырудың бір көрінісі ретінде де қарастыруға болады. Референдум арқылы халықтың үнін тыңдай отырып осындай өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор деп есептеймін. Бүгінде АЭС салу мәселесі де талқыланып жатыр. Бұл мәселеде халықтың бір жағы қарсы пікірде болса, бір жағы мақұлдап отыр. Сондықтан осындай мәселелерде олардың ара жігін ажырату үшін де жалпықалықтық референдум өткізудің қажеттілігі аса зор. Бұл Конституциялық өзгерістерге мемлекет ішіндегі мәселелерге қоғам мен биліктің арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы негізгі құралдың бірі деп есептеймін.
Махмуд Эльяс, Алматы қаласындағы Ауған этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Еліміз үшін маңызды қадам
- Референдум бұл еліміз үшін маңызды қадам. Қандай қадам десеңіз, бұл болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл жолда билік халықтың ойымен, пікірімен, көзқарасымен санасады. Әрине бұл үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін. Қазір өздеріңіз білесіздер қандай да бір мемлекетімізде болып жатқан жағдай ол халықтың назарында. Халық өз пікірін ашық айта алады. Бір жағынан байқасаңыздар, қазір кейбір мәселелерге Президентіміз де үн қосады. Халықтың, қоғамның сұранысына жоғары биліктен жауап бар. Назар аудару бар. Қазір технологияның қарыштап дамыған заманында кейбір мәселелерді халық өзі талқылап, билікке назар аудартуға әлеуметтік желіні қолдануда. Өз кезегінде ондай талқылаулар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Президентіміз Жаңа Қазақстан құруда референдумның маңызды қадам екенін әуел бастан айтып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан халқы ассамблеясының да еліміздегі маңызды мәселелерге ықпалы бар. Бұл да елімізде тұратын көп ұлттардың ел дамуына, болашағына немқұрайлы қарамайтындығын білдіреді. Сондықтан референдум өткізуді дұрыс шешім деп санаймын. Халықта билікке сенім артып, алға қарай нық қадам басуға бір-бірімен байланыс орнату арқылы жылжиды деп сенемін.
Әкім Тұрсын, Алматы қалалық мәслихат депутаты:
Референдум - халықпен биліктің арасындағы сенім
- Жалпы референдум туралы айтатын болсам ол біздің азаматтарымыздың Конституциялық құқығы жақсы бір тенденция болды. Өздеріңіз білесіздер Конституцияны өзгерту бойынша біраз өзгерістер болды. Ол дегеніміз халық пен биліктің арасындағы сенімділікті оятатын дүние. Ең бірінші бұл біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қолданылып жатқан БҰҰ жанындпғы үлкен конвенцияда бекітілген форманың түрі. Өзіміз жақсы білеміз кез келген әлемдік елдің алдындағы рейтинг болады. Айтпағым инвестициялық тұрақтылық бойынша түрлі рейтинг. Сол рейтингке жету мақсатында да бізге үлкен кө мегі болады. Одан бөлек ең бастысы мынау революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен, демократиялық жолмен қоғамның дамуына әсер ететін үлкен бір инструмент. Бұл инструментті тиімді қолдансаң мүмкін билік алдағы уақытта өздеріңіз білесіздер қаңтар оқиғасынан кейін Президент өзіндегі өкілеттіліктерді алып тастады. Сайлау мен сайлауға тіркелетін партиялардың функциясы өзгерді. Осындай жүйелі өзгерістер енгізу үшін референдум қолданды. Оның ішінде Президент өз құзыреті бойынша мемлекет басшысы ешқандай партия мүшесі болмауы керек, жергілікті атқарушы органдардың басшылары олар да партияда болмауы керек деген тенденциямен бір жақсы белең алып келе жатыр. Бұл осы күнге дейін жасалған реформалар. Мүмкін алдағы уақытта тағы бір үлкен Конституциялық өзгеріс немесе бір заңға өзгеріс керек болатын болса ол алда болатын референдумға қоғам үйреніп қалды. Тіпті дайын десек те болады. Референдумның негізгі мақсаты халықтың, қоғамның билікке деген сенімі. Сол сенімділікті арттыра отырып демократияны арттыру. Мұнда Қазақстанның әрбір азаматының даусының, оның Конституциялық құқығын қолдануы осы елдің азаматы ретінде өз даусының маңызын сезіну. Референдум осы мақсатқа жасалады. Біз референдумды еліміздегі ішкі жағдайларға қатысты жасаймыз. Кейбір Татарстан, Қарақалпақстан елдерінде референдум Тәуелсіздік алу бағытында жүріп жатады. Бірақ олар қазіргі таңда әлі референдум енгізе қойған жоқ.
Abai.kz