Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Аласапыран 2271 14 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 13:24

Дағыстандағы содырлардың шабуылы: Не белгілі?

Коллаж: Abai.kz

Жексенбі күні Ресейдегі Дағыстанның Дербент және Махачкала қалаларында болған шабуылдан кем дегенде 17 адам, оның ішінде 15 полиция қызметкері қаза тапты.

Республикада лаңкестікке қарсы операция режимі енгізілді, екі қаладағы ұрыстар кешке дейін жалғасты. Сағат 23:00-де Ұлттық антитеррористык комитет (ҰАК) Дербентте арнайы операцияның белсенді фазасы аяқталғанын хабарлады.

Махачкала мен Дербенттегі сойқан: Анық-қанығы қандай?

Түнде ҰАК операция барысында 5 шабуылшы қаза тапқанын хабарлады.

«Дербентте өткізілген жауынгерлік іс-шара нәтижесінде екі бандит, Махачкалада үш бандит бейтараптандырылды», - делінген хабарламада.

Дағыстанның басшысы Сергей Меликов: «15-тен астам полиция қызметкері қолына қару алып, Дағыстанның бейбітшілігі мен тыныштығын қорғап, бүгінгі лаңкестік әрекеттің құрбаны болды», - деген еді. Ол сонымен қатар, шабуыл салдарынан бірнеше бейбіт адамның қаза тапқанын айтты.

Шабуыл жасаушылардың нақты саны әзірге белгісіз. ҰАК содырларға көмектесушілерді іздеуде. Республика ІІМ мәліметінше, Махачкала ауруханасына 16 адам жеткізілген. Қаза тапқандар туралы ақпарат нақтылануда.

Ресейдің Тергеу комитеті «Теракт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

24-26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күндері деп жарияланды.

Аймақ басшысы Дағыстандағы жағдай билік пен жедел органдардың бақылауында екенін айтты.

«Қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Дағыстанда содырлардың ұйықтап жатқан ұяшықтарын анықтау жалғасады», - деп мәлімдеді Меликов.

Биліктің айтуынша, содырлардың шабуылынан кейін өртеніп кеткен шіркеу мен синагога қалпына келтіріледі.

Күш құрылымдары Махачкаладағы Успен соборы аумағында қарумен жұмыс істеуді жалғастыруда. Олар қосалқы үй-жайларды тінтеді. Аумақ әлі де қоршалған. Шіркеу ауданында тұратын адамдарды өз үйлеріне жіберді. ҚТО режимі өңірде әрекет етуін жалғастыруда.

Кремль Дағыстандағы оқиға туралы әзірге үнсіз тұр, шабуыл жасағандардың жеке басы мен олардың саны туралы ресми ақпарат әзірге айтылмаған.

Сондай-ақ, Сергокалы ауданының басшысы Магомед Омаровтың ұлдары мен туыстарының оқиғаға қатысы бар екендігі туралы ресми түсініктеме жоқ.

Қазір Бірінші Махачкала ықшам ауданындағы шіркеу ауданында тұратын адамдарды өз үйлеріне кіргізгені белгілі болды, бірақ атыс орнына өту жолы әлі де жабық.

Магомед Омаров пен оның ұлдары: «Единая Россия» неден жалтарды?

Ресейдің «запастағы президенті» Медведьев бастап, Қадыров қоштап, бұған Украина мен Батысты, АҚШ-ты айыптауға кірісіп кеткен. Қазір Ресейдегі идеология сол, бар пәлеге айыпты - Украина, АҚШ пен Батыс. Ал бұл діни алауыздық. Кәдімгі радикалды діни көзқарастағы күштер мен топтардың террорлық әрекеті.

Ресей саясатшылары бұл оқиғадан Украинаның қол ізін іздеп әлектеніп жатқанда, қаза тапқан 2 терроршының кім екені анықталыпты. Сөйтсе, өлген екеу Дағыстанның Сергокалинскі ауданының әкімі Магомед Омаровтың екі ұлы болып шыққан.

Сергокалинскі ауданының әкімі Магомед Омаров қызметінен кету туралы өтініш жазды және РФ Тергеу комитеті оны тергеуді бастап кетті. Үйіне тінту жүргізілді. Оның екі ұлы Осман мен Әділ  террорлық әрекет кезінде өлтірілді.

Магомед Омаров Путиннің «Единая Россия» партиясының мүшесі болған. Алайда, осы оқиғадан соң партия сайтынан Омаров жайлы деректер жойылған.

Президент Тоқаев Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052