Өміржан Әбдіхалықұлы. Орыс мектептері – отарлық қақпасы
Орыс отарлығының жаңа кейіптегі ескі әдісі
XIX ғасырда Ресей қазақ жерін отарлау мен қазақты ұлт ретінде жоюдың кезекті бір саясаты ретінде «ағарту ісі» деген ат қойып, әскери оқу орындарын ашты. Аталған оқу орындарына қазақтың ел ішіндегі билеуші ақсүйектері мен байлардың балалары қабылданды. Ресей осы арқылы отарлау саясатын қазақтың жаңа буын ұрпағының қолымен жүзеге асырмақ болды.
Арада екі ғасыр өтсе де Ресейдің Қазақстанды отарлау пиғылы мен әрекеті еш өзгерген жоқ. Күні кеше Ресей өзінің сырт елдердегі орыс диаспорасын қолдау мақсатында деген желеумен ТМД мен Балтық бойындағы мемлекеттерде орыс мектептерін ашып, Ресейдің стандартымен оқытуды қолға алатындарын жария етті. Ал, бүгін дәл сондай мектеп Кереку аймағында ашылады екен деген сыбыс тарады.
Сыбыстың шынға айналмасына кепілдік жоқ. Себебі, қазіргі Қазақстан билігінің ұзақ уақыттан бері орыс ықпалында екенін ескерсек, Ресей өзінің XXI ғасырдағы Қазақстанды отарлау саясатын патша өкіметінен қалған ескі әдіспен әдіптеп, жалғастыратыны сөзсіз.
Отарлауға Қазақстанда ресми тіркеліп, мыңдаған тиражбен таралып отырған орыс баспасөзі, телеарналары және тіркеуден өтіп, Ресейдің астыртын қолдауымен күркіреп отырған орыс-казак ұйымдары аянбай атсалысатыны анық.

Бұған болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтын орыстілді бұқараны қоссаңыз, отарлық туының астына жиналатындардың қатары көбейіп шыға келеді.
Әлбетте, қоғам тарапынан қарсылық болатыны сөзсіз. Қарсылықтардың қандай формада болатыны белгісіз. Дегенмен, үйреншікті ашық хат жазып, бірлі-жарым адамдардың акциясы деңгейінде қалса, билік оған пысқырып та қарамайды. Демек, қазақ халқын тағы да күрес күтіп тұр...
Жабылған мектеп және біз
Ресей – көп ұлтты, федеартивті мемлекет. Бірақ, автономиялар мен өзге ұлттың мүддесі, олардың өз тілінде білім алуы, мәдениеті қазіргі РФ билігі үшін түкке тұрмайды. Орыс қоғамының аузымен айтқызып отыр демесеңіз, Ресейдің саяси билігінің де негізгі ұстанымы – Ресей – орыстар үшін!
Мәселен, Ресейде 1,5 миллион қазақ тұрады. Ең соңғы қазақ мектебі осыдан 7-8 жыл бұрын Астрахань губерниясында жабылған болатын. Ресей Қазақстандағы орыс диаспорасын қолдау мақсатында деп орыс мектептерін ашып, өз оқу жүйелерін жүргізбек ниетін ресми білдірген жағдайда, Қазақстан билігі Ресейдегі 1,5 миллион қазақтың мүддесін қорғай ала ма? Бүгінгі күннің саяси ахуалы тұрғысынан қарасақ, мүмкін емес сияқты...
Орыс озбырлығы өз шегінен асып, бұрынғы совет елдеріне қарай ойысты. Яғни, орыс билігі өз еліндегі аз ұлттарды жойып жіберу саясатын ашық жүргізіп қана қоймай, баяғы отарлық саясатына қайта оралып жатыр.
Қазақ қоғамының арманы...
Президент жарлығымен, Парламент бекіткен заң жобасын негізге ала отырып, «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінетін 1 миллиард 200 миллион 800 мың теңгеге Қазақстан билігі Қырғызстанда екі мектеп салып бермек. Ресейдегі қазақ мектептерінің жабылғаны, Қытайдағы қазақ мектептерінің қысқартылып жатқаны билікке есеп емес. Қырғызстан сияқты тұрмысы жұпыны елге көмектескен атақ-абырой қымбат. Бұл әрекет – мемлекет басқарып отырған саяси биліктің ісінен гөрі халықаралық қайырымдылық қорлардың жұмысына көбірек ұқсайды әрі сау адамның ақылына сыймайды. Осындай ақылға сыймайтын іс көбейген сайын қоғамның армандауы ұлғайып, өзгелерге тамсанады. Мәселен, Латвия 2018 жылға қарай елдегі орысша оқыту жүйесін толығымен тоқтатпақ. Бұл жаңалықты қазақ баспасөзі тамсана жазып, шіркін-ай, бізде сондай өзгерістер қашан орын алады екен деп іштей армандайды. Ұлттың ішкі талап-тілегі саяси билік тарапынан ескерілмей, халыққа қажетті дүниелер іске аспаған жағдайда оның орнын тамсану мен армандау басады.
Әзірге сырттағы қазаққа қамқорлық жасау – мектеп ашу, мәдениетін, өзін сақтауға көмектесу; Қазақстандағы орыс мектептерін жабу – мұның бәрі үлкен арман ғана!
Р.S.
Айтпақшы, Ресейдің сырт елдердегі орыс диаспорасын қолдау үшін орыс мектептерін ашамыз деп айбар шегуіне Латвияның 2018 жылы іске асыру мақсатында осы бастан іске кірісіп кеткен әрекеті себепші болып, шамына тиіп кетсе керек. Демек, Ресей билігінің мына әрекеті сол балтық елдеріне көрсеткен қыры болуы да әбден мүмкін...
Иә, бәрі мүмкін...
Abai.kz