Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1926 0 пікір 6 Тамыз, 2024 сағат 15:33

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнама қалай өзгерді?

Сурет: gov.kz

Күнделікті өмірде көптеген нәрселерге мән бере бермейміз. Өзіміздің маңдай терімізбен тапқан қаражатымызға қандай тауар алып жатқанымызды, оны сапасын қарап жату үрдісі қоғам дами бастаған кезден ғана қалыптасты.

Қазіргі таңда тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне және басқа да осы саладағы құзырлы органдарға жыл сайын орта есеппен мыңнан аса шағым түсіп, миллиондаған теңгенің өнімі қайтарылып, тұтынушылар құқығын қорғау жұмыстары бір жүйеге енді.Дегенмен бұл салада атқаратын жұмыстар баршылық. Оның бастысы халық арасында тұтынушылар арасында өз құқықтарын қорғай білу, сапалы тауар талап ету, чектерін тексеру, заңсыз үстеме пайыздарға тоқтау салу саласында атқаратын жұмыс көп. Сауда сату және сатып алу мәдениеті мен оның заңнамалық сауаттылығы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау — мемлекеттің маңызды міндеті.

2020 жылы Парламент Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңына түзетулер мен өзгерістер енгізді. Заңнама тұтынушылардың мүдделерін Қазақстан тіршілігінің барлық салаларында бірінші орынға қойды. Олар ЭЫДҰ елдерінде басым және БҰҰ-ның тұтынушылардың мүдделерін қорғаудағы жетекші принциптерінде негізделіп жазылған.Заң ғана қабылданып Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті де құрылды. Әлем елдеріндегі тауарды күнделікті тұтынушы адамдардың құқықтарын қорғау мәселе ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан демократиялық принциптерді ұстанған мемлекеттердің тұтынушылардың құқығын қорғауды басты орынға қоя отырып, олардың экономикалық сауатын арттыру жұмыстарында белсенді жүзеге арттырып келеді. Осыған байланысты тұтынушы деген кім және заңнамада оның қандай құқықтары қорғалған деген сұрақтарға жауап іздедік.

Тұтынушы – жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға.Яғни, тауар, қызмет немесе жұмысты сатып алатын тұлға тұтынушы болып табыладыдеген ғылыми түсінік бар.Әрбір тауар тұтынушы өзінің құқықтарын нақты білу керек. Бұл мақсатта заңда қарастырылған құқықтарын білу арқылы қаржылық сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын қарқындату қажет.Біз бұл мақаламызда заңнамаға сүйене отырып, тұтынушының өз құқықтарын білудің алгоритімінің негізгі тармақтарын атап өтуді жөн санады.

Тауарларды тұтынушы ретінде өз құқықтарын білмеу бөлшек саудадағы алақол қатысушылардың сатып алушының құқықтарын ескермеуіне, кейде өз клиенттерін саналы түрде алдау арқылы оларды әдейі бұзуға мүмкіндік береді.

Әрбір тұтынушыда оған адал қызмет көрсетуге кепілдік беретін, сонымен қатар оны сапасыз тауарлар мен қызметтерден қорғайтын заңмен бекітілген құқықтар тізімі бар.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес тұтынушылардың:

тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;

тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;

тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;

сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;

моральдық зиянды өтетуге;

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

Сатып алушылардың құқықтарын бұзудың ең көп таралған жағдайлары тауарларды қайтару немесе айырбастау үрдісінде орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, сапасыз тауарларға қарағанда сапалы тауарды қайтару немесе айырбастау қиынырақ екенін атап өткен жөн.Заңның 14,30 бабына сай сатып алушы сатып алғаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы кез-келген азық-түлікке жатпайтын тауарларды қайтаруға немесе айырбастауға құқылы, ал сатушы оны қабылдауға міндетті. Тауарды қайтару немесе айырбастау кезінде сатып алушы тауардағы барлық пломбалары және заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.Егер қандай да бір себептер бойынша сатып алушы тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты ұсына алмаса, онда сатып алу фактісін растау үшін сатып алушы куәлардың айғақтарына сілтеме жасай алады немесе сатып алу фактісін растайтын кез келген басқа әдістерді пайдалана алады.Алайда, тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын тауарларды айырбастау немесе қайтару мүмкіндігі барлық өнімдерге қолданылмайды.Егер сатып алушы сапасыз тауарды (яғни айқын немесе жасырын кемшіліктері бар тауарды) сатып алса, онда сатушы мұндай тауарды сатып алушыдан қабылдауға және сатып алушының қалауына байланысты тауар үшін төленген толық ақшалай соманы қайтаруға, тауарды өз қаражаты есебінен жөндеуге немесе дұрыс тауарға айырбастауға міндетті.Қарапайым алгоритмді білу арқылы әрбір тұтынушы өз құқығын қолданыстағы заң аясында қорғай алады. Әлем қарқынды дамып келеді. Жаһандану процессі кезінде ақпараттық жылдамдық пен әлеуметтік және экономикалық, геосаяси өзгерістердің жылдамдығы, технологияның қарқынды дамуы адамзаттың күнделікті тұрмыс кестесін өзгертіп ғана қоймай, күнделікті білімін жетілдіріп отыруға итермелеуде. Демек, тұтынушы мен тауар өндіруші әрқайсысы қолданыстағы заңнаманы біле отырып жұмыс жасаса қиындықтар туғызбайтыны  белгілі.

Нұрсұлтан Уткелбаев 

Чикаго-Кент заң колледжінің студенті (АҚШ) ҚР білікті заңгері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254