Мұрат Әбенов. Кино жөніндегі заң неге орындалмайды?
Мәңгілік Ел - ұлттық идея! Барлық азаматтарды біріктіруге мүмкіншілігі зор: тарих, мәдениет, мемлекеттік тіл... Бірақ ұлы мақсатқа жету үшін тек насихаттау аз. Жалаң ұрандатудың да пайдасы шамалы. 20 жылдан бері шешілмеді деп саясиландыра беру де тиімсіз (бар күш айқайға кетеді). Ең дұрысы, бүкіл ел болып арнайы бағдарламаларды нақты іске асыруға әр қайсымыз ықпал жасап және қабылданған заңдардың орындалуын қадағалаумыз керек. Орындалмаса - сол заңды бұзған тұлғаларды қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы - МӘЖБҮРЛЕУ керек! Әр сала бойынша нақты проблеманы анықтап бірлесіп көтергеніміз дұрыс.
Мысалы, кино саласынағы Мемлекеттік Тіл мәселесі орай арнайы қатаң заң шықса да, ол заң әлі күнге орындалмай келеді.

Жастарды әлемдік мәдениетке, өркениеттің жаңалықтарына жақындату , ана тіліміздің өрісін кеңейту үшін кино құралын пайдалану өте тиімді. Біздің ұлттық туындылармен қатар, (олар әзірше көп емес, жылына 10-15 фильм) бүкіл әлемде жылына 5000 дай кино түсіріледі, оның 1% - яғни 50 шығарма заман сұранысына сай ең мықты туынды деп танылады. Біздің жастарда шет мемлекеттегі кұрбыларымен бірдей сол киноларды көруге мүмкіншілік бар ма? Жоқ. Себебі сырттан келген кинолардың қазақ тілінде аудармасы жасалмаған. Ал қазіргі таңда қазақ тілін толық меңгергендер саны басым екені ақиқат: мектеп бітірушілердің 76% -ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырса, ЖОО студеттерінің 80%-дан астамы қазақ тілінде оқиды. Сонымен қатар, ҚР кемінде 20% азаматтары орыс тілін мүлдем түсінбейді. Оған Монғол , Түркия, Қытыйдан келген қандастарымызды қоссақ 3 млн адам киноға бара алмайды. Олардың көбісі жастар... өркениетті ортадан қалып отыр. Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде кино көрмесе, қайдан көреді?
Статистика бойынша бір жылда ҚР әр азаматы 1 рет қана киноға барады екен. Ал 1986 жылы әр айда бір рет баратын еді.
Қазақ тілді көрермендер көбейгеннен кейін киноны қазақшалау керек. "Болашақ" қауымдастығы бірнеше танымал фильмді аударуға жеке адамдардың ақшасын тартып үлгі көрсетті. Бірақ ол, әрине, жеткіліксіз. Жүйелі шаралар қажет.
Осы мақсатпен "Мәдениет туралы" заңның Кинематографияға қатысты 28-бабында "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн барлық фильмдерге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс" деп талап қойылған. Бірақ кинотеатрлар орындамай келеді. Сылтау көп. Бірнеше рет бұл мәселені көтердік. 2012 жылы Бас прокуратура да заңның орындалмай жатқанын мойындады. Міне, екі жыл өтті. Кинопрокатпен айналысатын ұйымдар заңды сол күйінше бұзуда. Осы мәселені тағы көтеретін уақыт келді.
Ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар. Пікір білдіріңіздер. Бұл тақырыпты көтеретін депутаттар, белгілі азаматтар және қоғамдық ұйымдар бар. Бірігейік!
P.S.
Бұл шара қазақ тілін үйренемін дегендерге де пайдалы, себебі қазақ тілінде кино көрсе, салыстырмалы түрде тіл тез үйренеді.
Abai.kz