Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Саңлақ 1497 0 пікір 19 Тамыз, 2024 сағат 17:50

Паралимпиада: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Сурет ҚР Спорт және туризм министрлігі сайтынан алынды

Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатыспақ. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігі хабарлады. 

1996 жылдан бері жерлестеріміз жазғы Паралимпиадада 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алған.

Қазақстан Париж Паралимпиадасына 33 лицензия жеңіп алды. Спорттың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 44 спортшы бақ сынайды.

10 пара дзюдошы Паралимпиада жүлдесі үшін татамиге шығады.

Ту ұстаушылар – Берік Ізмағанбетов (волейболды отырып ойнау) пен Севда Алиева (пара нысана көздеу).

Париждегі додаға бұған дейінгі Паралимпиада бәсекелерінің қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады. Олар: Зүлфия Ғабидуллина – Рио Паралимпиадасының чемпионы. Давид Дегтярев – Токио Паралимпиадасының чемпионы. ⁠Нұрдәулет Жұмағали – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері. Раушан Қойшыбаева – Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері.

Ең жас спортшы – Альфия Тілекқабыл (пара дзюдо, 18 жаста). Ең егде спортшы – Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу, 59 жаста).

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.

Ең тәжірибелі спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Биыл ол төртінші Паралимпиадасында бақ сынайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320