Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 641 0 пікір 11 Қыркүйек, 2024 сағат 13:40

Оқытушылар жатақхананы аралап, ондағы жағдаймен танысты...

Сурет ҚазҰУ баспасөз қызметінен алынды. .

Заң факультетінің деканы мен профессор-оқытушылар құрамы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған кезекті іс-шара ретінде жатақхананы аралап, ондағы жағдаймен танысты. Бұл кездесу студенттер үшін маңызды, себебі олардың оқу үдерісіне әсер ететін тұрмыстық жағдайлар әрдайым назарда болуы қажет.

Декан мен оқытушылар жатақхана бөлмелерін тексеріп, студенттермен ашық әңгіме жүргізді. Студенттер өздерінің күнделікті өміріндегі мәселелер, оқу мен бос уақытты тиімді үйлестіру туралы және  өзге де сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Бұл кездесу арқылы оқытушылар студенттердің оқу үдерісінен тыс қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін нақты түсініп, оларды шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, студенттерден келіп түскен ұсыныстар назарға алынып, жатақхананы жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданатын болды. Факультет басшылығы студенттердің оқуына барынша қолайлы жағдай жасауға күш салатындарын атап өтті.

Мұндай шаралар студенттер мен оқытушылар арасында тығыз байланыс орнатып, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Заң факультетінің басшылығы алдағы уақытта да осындай кездесулерді өткізіп, студенттердің жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруды жоспарлап отыр.

Тұрысбек Р.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы               

Abai.kz                                                                 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435