Жұма, 22 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 1793 6 пікір 12 Қыркүйек, 2024 сағат 15:09

Шайқас: Қазақстан Ресей мен Беларусьпен айқаспақ

Фото: ТАСС/Михаил Терещенко

Мәскеу мен Киев Қазақстанның ЕАЭС-тегі импорт пошлинасы мәселесін биыл тағы да комиссияға шығаруға деген ниетін жақтырмай отыр. Бұл туралы DALA INSIDE жазды.

2022 жылы бұл тақырыпты Астана дұрыс көтере алмаған болатын. Енді біздің тарап есептеудің жаңа методикасын дайындап, осы методиканы Еуразиялық экономикалық комиссияда бекітіп алмақ.

«Жаңа методика қабылданса, Қазақстан үлесі біршама өседі. Сондықтан Ресей мен Беларусь тарапы жаңа методиканы қабылдатпауға тырысары анық. Біздің делегацияның келіссөздердегі дайындығы мен мысы сол кезде белгілі болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Жаңа методикамен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі айналысуда. Қазіргі үлес бойынша Еуразиялық экономикалық аймаққа импортталатын тауарлардан жиналатын баж түсімдерінен Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. Бірақ ол бірнеше жыл бұрынғы картинаны есепке алып қабылданған еді. Қазір жағдай өзгерді және бұл үлес пропорциялары Қазақстан үшін мүлде тиімсіз.

Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті.

Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан. Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322