Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 11400 0 пікір 28 Ақпан, 2014 сағат 04:40

Бауыржан Берікұлы. Батырлар туралы жыр

ШОҚЫР ШЫҢЫ

 

Қазақ боксының атасы, 1936 жылы қазақ топырағына әуесқой боксты үйретуді алғашқы болып қолға алған ұстаз,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақ

Шоқыр Бөлтекұлына

 

«Екі-ақ нағыз қазақ бармыз,

бірі – мен, бірі – Шоқыр»

Бауыржан Момышұлы

 

Айналайын атыңнан, Шоқыр аға,

Куә болған қазағың өр тұлғаңа.

Білді ме екен сол қазақ бір батыр ұл

Дүниеге келгенін сен туғанда?!.

 

Талай сеңді теңселмей бұзып-жардың,

Жиырмаңда қолыңа тізгінді алдың.

Жануына жарқырап жол ашқан сен

Бокстағы болашақ жұлдыздардың.

 

Орындалсын демейді кім арманын,

Шекпеніңнен кіл асыл шығарғаның.

Әбдісалан, Махмұт пен Серік, Асқар* -

Сенің баптап ұшырған қырандарың!

 

Сенің атың өлген де, өшкен де емес,

Сенің даңқың қалайша төске өрлемес?!

Еш пенде егес тудырмас еңбегіңе,

Төккен терің теңізден еш кем де емес!

 

*Әбдісалан Нұрмаханов, Махмұт Омаров,

ШОҚЫР ШЫҢЫ

 

Қазақ боксының атасы, 1936 жылы қазақ топырағына әуесқой боксты үйретуді алғашқы болып қолға алған ұстаз,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақ

Шоқыр Бөлтекұлына

 

«Екі-ақ нағыз қазақ бармыз,

бірі – мен, бірі – Шоқыр»

Бауыржан Момышұлы

 

Айналайын атыңнан, Шоқыр аға,

Куә болған қазағың өр тұлғаңа.

Білді ме екен сол қазақ бір батыр ұл

Дүниеге келгенін сен туғанда?!.

 

Талай сеңді теңселмей бұзып-жардың,

Жиырмаңда қолыңа тізгінді алдың.

Жануына жарқырап жол ашқан сен

Бокстағы болашақ жұлдыздардың.

 

Орындалсын демейді кім арманын,

Шекпеніңнен кіл асыл шығарғаның.

Әбдісалан, Махмұт пен Серік, Асқар* -

Сенің баптап ұшырған қырандарың!

 

Сенің атың өлген де, өшкен де емес,

Сенің даңқың қалайша төске өрлемес?!

Еш пенде егес тудырмас еңбегіңе,

Төккен терің теңізден еш кем де емес!

 

*Әбдісалан Нұрмаханов, Махмұт Омаров,

Серік Әбдінәлиев, Асқар Құлыбаев

 

 

ӘБІЛСЕЙІТ – ҚАЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Әбілсейіт Айхановқа

«Әбілсейіт – халқымның бас палуаны»

Мұстафа Өзтүрік

 

«Әбілсейіт – халқымның бас палуаны»,

дес бермеген ешкімге хас тарланы!

Өшіккен жұрт қолменен өшіре алмас,

Темірқазық жұлдыз ол аспандағы!!!

 

Абыройын Алаштың еңселі еткен,

(жан емес ол жеңіліп есе кеткен).

Әбілсейіт - қазақтың батыр ұлы,

Қажымұқан бабамдай кешегі өткен!

 

Ешкім қарсы жолына тұра алмаған,

ешбір шара ешбір жан қыла алмаған.

Әбілсейіт – қырандай арлан алған,

жұлқынып жын ұрғанды жұмарлаған.

 

Тізерлетіп талайды тезге салған,

өзінен де зорларды лезде шалған.

Әбілсейіт – қазақтың мақтанышы,

тумысынан жаралған өзгеше адам!

 

ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚЫН ҚИЯҒА АСЫРҒАН ҚАЙСАР ҰЛ

 

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, Әлем кубогының екі мәрте иегері, бокс бойынша әлемдік чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері

Серік Қонақбаевқа

 

«Мына баладан бокс генийі шығады»

Феликс Штамм

(шамамен 1976-77 жылдары айтқан сөзінен)

 

Найзағай-намыс - ғұн-сақтан қалған,

Құдайға шүкір, ұсақталмаған!!!

 

Сужүректікті қалқан қылмаған

жаужүрек сенің баһадүр бабаң!!!

 

Жел мінез емес желік құсаған,

өр мінезі келіп қоныпты саған!!!

 

Бабадан қалған тұяғы асылдың,

қазақтың даңқын қияға асырдың!!!

 

Ананың сүтін ақтаған ерсің,

өзіңмен елім мақтана берсін!!!

 

Сан талайына батыр ұлдардың

жұдырығыңның татырдың дәмін!!!

 

Бағаңды берген жер жүзі нағыз,

келер ұрпаққа ерлігің – аңыз!!!

 

БІРТУРАР ҰЛ

Сидней олимпиадасының чемпионы, қазақтың біртуар ұлы

Бекзат Саттархановқа

 

«Бекзат бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы!!!»

Спорттық газеттен

 

Білегі батыр баһадүр,

намысты қолдан бермеген!

Жүрегі ақын арқалы ұл,

жеңісің жүрек тербеген!

 

Біртуар ұлы текті елдің,

Жұртың әр күні еске алар.

Қас қағым сәтте жоқ болдың,

алшаңдап жүр ғой басқалар...

 

Бұл ажал дейтін дос кімге,

дарынға дұшпан келеді ол.

Ажалдың жолын кестің бе,

жолыңды кесті неге Жол?..

 

Алаштың даңқын асырған,

қазақтың атын танытқан!

Арманда кеткен асыл жан,

атып тұрсаңшы табыттан!

 

ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТҰРЛЫХАНОВ

Дәулет Болатұлы  Тұрлыхановқа

 

«Кешегі Кеңес Одағының тарихында грек-рим күресінен қатарынан жеті рет КСРО чемпионы болған балуан 150 миллион орыста, 45 миллион украинда жоқ. Қазақта ғана бар. Мұндай адамға көзі тірісінде ескерткіш қойса, артық емес».

Олимпиаданың үш мәрте чемпионы Александр Медведев

 

Ер Тұрлыхан нағыз батыр нар асыл –

Қажымұқан бабамыздан бата алған.

Текті тұяқ – Болат болса баласын*

Мұңайтпасов мектебіне апарған.

 

Сол мектептен түлеп ұшқан қыран Ер

Қияларда емін-еркін самғайды.

Қаратаудай қара күшке мұрагер

Мойындатты ерлігімен талайды.

 

Ақ батадан дарығандай батырлық,

Һәм атадан дарығандай тектілік.

Көп-көрім ғой, көргендерді таң қылып,

Көкбөрідей көздеріне кек тұнып...

 

Боз кілемде күрескені шын ғажап,

Бұл Ер Дәулет бабалардан от алған!

КСРО-да жалғыз ғана бір қазақ

Жеті дүркін тек чемпион атанған!

 

Талай ерді тізерлеткен табанда,

Талай ерді көкпар қылған лақтай.

Алаш ұлы аман болғай әмәнда,

Қажымұқан қағанатын құлатпай!

*Дәулет Тұрлыханов

 

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕРМАХАН

 

Ермахан Ыбырайымовқа

Елі үшін туған Ермахан,

Атыңды білер жер-жаһан!

Қазақтың қайсар қыраны,

Ерлігіңді көрді Отан!!!

 

Толағай болып туыпсың,

Атаның жолын қуыпсың!

«Қазақ!» деп салдың ұранды,

Ішінде сойқан ұрыстың!!!

 

Көзіңде тұрды отты екпін,

Көкбөрідей боп кеттің...

Сілейтіп салдың Марионды*,

Мен тұрдым сені деп «тектім!!!»

 

Желбіреттің Туымды,

Мөлдіреттім жырымды.

Мойындаттың әлемді –

Қырым менен Ұрымды!!!

 

Білектісің, Намысым,

Жүректісің, Арысым!

Арпалыстың айқаста

Алты Алаштың Ары үшін!!!

 

Соққыңнан Симион* теңселді,

Сүйсінбей бұған көрші енді!

Еңсегей бойлы Ермахан,

Еңкейтпедің еңсемді!!!

 

Жарқ-жұрқ етіп жанарың,

Отанға сыймен оралдың!

Қара күшін сен алдың,

Қажымұқан бабаңның!!!

 

Батырым барда – азатпын!

Мәрт ұлым барда – ғажап күн!

Өзіңдей ерлер көп болсын,

Бағына туған қазақтың!!!

 

«Сен лапылдап жанбасаң»,

Елің жырлап, салмас ән!

Көк байрағым көкке озып,

Желбіресін әрқашан!!!

 

Сезімі шексіз – аспани,

Жүректе тулап жатса күй:

«Ермахан болам!!!» деп өсер

жұдырықтай жас сәби!!!

 

*Марион Симион – Сидней олимпиадасының

финалында Ермаханнан жеңілген боксшы.

 

БАҚТИЯР, БАҚТИЯР, БАҚТИЯР!

Афины олимпиадасында Қазақстанға жалғыз алтын бұйыртқан

Бақтияр Артаевқа

Таныттың қара күшін сен білектің,

көгімде Көк Туымды желбіреттің.

Алашқа арман болған алтын үшін

отырғам ой үстінде мен жүдеп тым.

 

Ойлаған бұл дертіме ем бар деп кім,

бұлттан шыққан Күндей сен жарқ еттің.

Алашқа алтын алқа алып берген

Бақтияр батыр ерім  – дегдар-тектім!

 

Жүректің жасын көзден ағызатын

қазаққа сен сыйладың жалғыз алтын.

Қаталап шөл далада жатқанында

жан таппай ауызға су тамызатын...

 

Қазақты қара жерге қаратпадың,

жар болды жебеп сені Жаратқаным.

Ішінен жүз он тоғыз дауылпаздың*

Отанның бар үмітін сен ақтадың...

 

*Афины олимпиадасына

Қазақстаннан қатысқан спортшылар саны

 

КӨКБӨРІНІҢ КИЕСІН ҚАШЫРМАҒАН

Қанат Исламға

 

Ерген жастар еліктеп көп артыңда,

ертең солар өзіңдей болар тұлға!

Отаным деп соғатын от жүрегі –

бергісіз ұл екенсің сен алтынға!

 

Болса дағы мың-мыңдап бізде батыр,

бағаланбай қаншасы түзде жатыр...

Түмен-түмен сан мың қол шығар еді,

бір өзіңдей әр бірі жүзге татыр!

 

Қазағым деп, елім деп, Отаным деп

боздап бір жеткеніңде бота жүрек.

Сен келдің: «Бөрі екенім рас болса,

өзімнің кең даламда жортамын!» деп.

 

Көкбөрінің киесін қашырмаған,

өзіңе риза шығар асыл бабам...

Қандай бақыт, қандай бақ төккен терің

туған жердің төсінде тамшылаған!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963