Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3871 0 пікір 11 Наурыз, 2014 сағат 04:41

Күнсұлу Тұрғынбекқызы: Қазіргі қазақ киноларын қой терісін жамылып алып, ай далада ұлып жатқан қасқырға ұқсатамын

Күнсұлу Тұрғынбекқызы -өнерде өзіндік орыны бар актриса.  Театр сахнасын тоздырып жүрген оның үні бүгінгі қазақ дубляжының сәнін келтіріп жүр десек артық айтпаған болармыз.  «Қызылжардың қызы тілді қызы» атанған Күсұлу қазіргі қазақ киносы мен дубляжының жай- күйін айтып, біздің  апталыққа біраз ақтарылған еді.

- Әкемтеатрдың маңына жақындай бергенім сол еді,  есік алдында тұрған электронды жарнама құрылғысынан сыңғырлай шығып жатқан сіздің әдемі үніңізді  құлағым шалды. Соған қарап Күнсұлудың дауысы театрдың мақтанышы ма деп қалдым...

- Әкемтеатрға келгеніме бес жылдың жүзі болыпты. Содан бері осы жарнама көздері мен репертуарлар жүйесі менің дауысыммен жазылып жүр.  Алайда жуырда театрымызға Ғалым атты дауысы өте жақсы бала келді. Болашағынан  көп үміт күттіретін актер. Сол бала менің дауысымды алмастырса деп,  басшылыққа өтініші білдірдім. Үнемі бір дауысты ести беру көрермен мен тыңдарманға  жауыр болып кетеді  ғой.

- Пәлі, сіз де айтады екенсіз-ау. Керісінше, сол көрермен үлкен сахнадан Күнсұлудың дауысын жоғалтып алған жоқ па?

Күнсұлу Тұрғынбекқызы -өнерде өзіндік орыны бар актриса.  Театр сахнасын тоздырып жүрген оның үні бүгінгі қазақ дубляжының сәнін келтіріп жүр десек артық айтпаған болармыз.  «Қызылжардың қызы тілді қызы» атанған Күсұлу қазіргі қазақ киносы мен дубляжының жай- күйін айтып, біздің  апталыққа біраз ақтарылған еді.

- Әкемтеатрдың маңына жақындай бергенім сол еді,  есік алдында тұрған электронды жарнама құрылғысынан сыңғырлай шығып жатқан сіздің әдемі үніңізді  құлағым шалды. Соған қарап Күнсұлудың дауысы театрдың мақтанышы ма деп қалдым...

- Әкемтеатрға келгеніме бес жылдың жүзі болыпты. Содан бері осы жарнама көздері мен репертуарлар жүйесі менің дауысыммен жазылып жүр.  Алайда жуырда театрымызға Ғалым атты дауысы өте жақсы бала келді. Болашағынан  көп үміт күттіретін актер. Сол бала менің дауысымды алмастырса деп,  басшылыққа өтініші білдірдім. Үнемі бір дауысты ести беру көрермен мен тыңдарманға  жауыр болып кетеді  ғой.

- Пәлі, сіз де айтады екенсіз-ау. Керісінше, сол көрермен үлкен сахнадан Күнсұлудың дауысын жоғалтып алған жоқ па?

- Бұрын жүргізушілікті жақсы кәсіп көруші едім. Қазір оны да таңдауға салатын болдым. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын өткен кештің жоспарын  әкеліп, жүргізіп бер дейтіндер бар.

Қай телешенеуніктердің қытығына тигенін білмедім, теледидарда берілетін концерттердің  мен жүргізген тұстарын қиып тастайтындар да табылып жатыр. Оған бола  еш күйінбеймін. Өз басым ұрпақтар сабақтастығы деген дүниені қолдайтындардың қатарындамын. Қазір әкемтеатрдағы қызметіммен бірге  «Болат» продюсерлік орталығында балаларды актерлік шеберлікке  баулып  жүрген жайым бар. Сондықтан бар білгенімді жас жеткіншектерге үйретіп жатырмын. Егер ешкімге керек болмасам, балама білгеніңді үйрет деп алыстағы ата-аналар қолқа салмас еді ғой.  Осы орайда жас ұрпақты қазақы сөз өнеріне баулу мақсатында мектеп ашсам деген ойым бар. Бұл арманым үлкен қаржыға келіп тірелетін болғандықтан, әзірге болашақтың еншісінде болып тұр.

- Сіз негізі қыз да болсаңыз ғарышкер болуды армандаған екенсіз. Актриса болмағанда кім болар едіңіз?

-Актриса болмағанда тіл маманы  немесе балалар дәрігері болар едім. Өз басым баланы жақсы көремін. Сондықтан болар, кейде неге балалар үйінде тәрбиелеуші болмадым деп те ойлаймын.  Жаһандық тәрбиенің жетегінде кетіп бара жатқан жас ұрпақты  қазақы тәрбиеге баулып, қазақы дәстүрді бойларына сіңіріп өсірген болар ма едім.

 - Театрдан шығуға мұршаңыз болмай жүр ме, әлде киногерлер тарапынан ұсыныс болмай жатыр ма. Экраннан неге көрінбей кеттіңіз?

-Шығармашылық шеберлігімді шыңдау  мақсатында   Ресейден келген режиссерлерімен жұмыс жасап жатымрын. Қазір солардың ұсынысы бойынша екі сериялға түстім. Өзіміздің жергілікті режиссерлер де түрлі сериялдар түсіріп жатыр ғой. Алайда олардың сұйықтығына байланысты бірталайынан бас тарттым. Бірақ ұсыныс көп дей алмаймын.

- Қандайда бір қазақ киноларының түсірілгенін шетелге байқауға кетті дегенінен білетін болдық. Қазақ киноларының бұлайша коммерцияланып кетуі көрерменнен көз жазып қалуына әкеліп жатқан жоқ па?

- Әлбетте солай. Көрерменге «құйрығын» ұстатпай жатқан кинолар бар. Қазіргі қазақ киноларын қой терісін жамылып алып, ай далаға барып ұлып жатқан қасқырға ұқсатамын. Әйтеуір режиссерлері өздері түсіріп, өздері жүлде алып жатады. Киностудиялар да қаптап кетті. Бірақ олардың не түсіріп, шетелдік көрерменге не көрсетіп жатқандығын қадағалап жатқан жан баласы жоқ.  Осы себепті көрермендер қазақ киноиндустриясында не болып жатқандығынан  бейхабар болып отыр. Көш жүре түзеледіге салып, қашанғы әліптің артын бағуға болады. Өнерді елеп, екшелейтін  кез жеткен шығар.

- Ал қазақ дубляжы неге дамымай тұр дейсіз?

- Осы қазанда өзім де қайнап жатқандықтан, қазақ дубляжы қалыс қалды деп айта алмаймын. Неге десеңіз, бұған да да себептер жетерлік. Мәселен, біз диснейлік  «Қара киімділер» мен «Тачки» деген анимациялық туындыларға дубляж жасадық.  Сапасы өте жоғары болды. Алайда біздің елдегі кинотеатрлар қазақша дубляждалған туындыралға тұсау салып отыр. Мәселен,  олардың қалтасына  көрермені көп орыстілді көрсетілімді ұсынған тиімді. Менің Қызылжардағы жеңгем  біз дубляждаған «Тачкидың» қазақша нұсқасына баласын апармақ болса,  жергілікті кинотеатр сеансты түнгі саған он екіге қойыпты. Сонда ата- ана жарты түнде баласын ұйықтата ма, әлде кинотеатрға апара ма?  Қалай күйінбейсің? Мәдениет бөлімін басқарып отырған басшылар қай қотырын қасып отыр?  Қазақ дубляжы осылайша  мәдениет құрығын ұстағандардың тарапынан қолдау таппай отыр. Әйтпесе білікті мамандар бізде де жетіп артылады. 

- Сіздің дәстүрлі әндерді айтатын өнеріңіз тағы бар. Ал  Бекен (Римова) апаңыздың сыйға тарқан домбырасын сахнаға қашан алып шығасыз?

-(Рахаттана күліп алды.) Ұят болды ғой өзі. Дәстүрлі әншінің майын тамызып жүрген бір ағамыздан дәріс алмаққа барғанымда: «Әнші әнін айтуға, әртіс рөлін ойнауға тиіс»- деп қайтарып жіберді. Ойланып қарасам, айтқаны рас екен. Өмірін дәстүрлі өнерге арнаған майталмандар қолдау таппай жатқанда, енді ғана аяғынан тұрған мен  де соларға қосылсам, күнім не болмақ? Алайда ағайын-туыс арасында  домбыраны қолға алып тұратыным бар.

- Әйтсе де театрдағы кейбір әріптестеріңіз әнші де болып  кетіп жатыр ғой?

-Амалы құрыған актриса қыздарымыз көрерменнің көңілін алдау мақсатында әнші де болып кетіп жатыр. Оларға сын айтпай-ақ қояйын. Болмаса да ұқсап бағудың өзі қыруар еңбекті талап етеді ғой. Дегенмен олардың өнерін қабылдау, қабылдамау тыңдарманның еншісінде.

- Сіздің күнделік жазатын әдетіңіз бар еді. Күнделікті күйбең тірлік қалам ұстатуға уақыт тапқызбай жатқан жоқ па?

- Кейде сол күнделікке қарауға уақыт болмай қалатыны бар. Бұрынғы жазғандарыма қарасам мұңлы күндерім көп болыпты. Қазір жұмысбастылық па, әлде,  көңілімнің тоқтығы ма, жазбай кететін кездер болады. Әйтсе де мұңлы сәттер азайғанға ұқсайды.

- Бәлкім, күнделіктен өзге мұңыңызды бөлісетін адам табылған болар?

- Жеке өмірім құпия күйінде қала берсінші. Мәселен мен айналамдағылардың  бақытын бөлісе білетін адаммын.  Айтайын дегенім, үйде  жиен келінім  бірге тұрып жатыр еді. Сол  маңдайы торсықтай ұл туды. Сондықтан  қазір үйде былдырлаған баланың үні бар. Ерасыл деп Қабанбай атасының атын бердік. Жуырда қырық суынан шығардық.

- Жиеніңіздің бауы берік болсын, енді өзіңіздің кішкентайыңызды қырқынан шығаратын күн қашан туады?

-(Шаттана күліп алды.)  Енді сол сәби жол ашып жатқан болар.  Асықпаңыздар, сабақты дүние сәтімен дейді ғой? Мен әр дүниеге сабырмен қарайтын адаммын. Алла нәсіп етсе бәрі де болады.

- Қоғамдағы қандай мәселеге бола шарасыздық таппай шырылдайсыз?

-Жіпсіз қол байлаған шарасыздық мінберде жүрген арыстай азаматтарды омақасынан құлатып жатқанда,  менің жанайқайым торғайдың шырылындай ғана болар. Егер көрермен өнерімді бағаласа, шындығымың тыңдарманға жол тартқаны деп түсінемін. Әділеттіліктің  ауызы буулы екенін әлдеқашан түсінгенмін. Сондықтан оған бола жүйкемді тоздырғым келмейді. «Қалауын тапса қар жанар» деген ғой. Шындықтың шымылдығын айламен ашқан дұрыс па деймін.

- Бүгінгі күні қоғамға назалы адамдар сәждеге жығылу арқылы жанына сая табады  деген пікір қалыптасты.  Сізге де осы түрткі болды ма. Әлде  мұсылмандық парызыңыз үшін намазға жығылдыңыз ба?

- Менің ораза ұстағаныма жиырма жылдан асыпты. Алайда  ешкім маған нұсқау берген жоқ. Сол сияқты  өз жүрек қалауыммен сәждеге де жығылдым. Намаз уақытында спектакльде ойнауыма тура келетін сәттер болып қалады. Бірақ қалайда қаза қылмауға тырысамын.

- Ендеше, тілегіңіз періштенің құлағына шалынсын дейік!

Әңгімелескен Динар КАМИЛОВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373