Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 1442 2 пікір 1 Қазан, 2024 сағат 15:41

Мен сізді ашық әңгімеге шақырамын...

Сурет Ауыт Мұқибектің жеке мұрағатынан алынды.

МЕН СІЗДІ ӨЗІҢІЗ БЕЛГІЛЕГЕН ДЕБАТ АЛАҢЫНДА КҮТЕМ!

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Кеңесшісі
Е.Т. Қарин мырзаға!

Құрметті Ерлан Тынымбайұлы!

Үнемі ашық айтып та, жазып та келе жатырмын, Сіз бас болып жобасын жасаған Конституциялық реформа Қазақстанды Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімовтың УЗУРПАЦИЯСЫНАН алып шыға алмады.

Соның кесірінен, мемлекет қаражаты сол бұрынғыдай, миллиардтап тоналуда. Бір ғана салада емес, барлық салада жемқорлық үдей түспесе, бәсеңдеген жоқ!

Тамара Дүйсенова бас болып бес жылға деп жобасы жасалған «КӨШІ-ҚОН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» қолданысқа еніп, екі жылға жетпей жатып, БІР МИЛЛИАРДТАН астам теңге ұрланғаннан кейін, не сұрайсың! Мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да, шындық – осы!

Өзіңіз жақсы білесіз, Президентіміз биылғы Жолдауында арнайы комиссияның 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтағанын, егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екенін айта келіп, «Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет», - деді.

Міне, Сіз бас болып жобасын жасаған Конституциялық реформаның нәтижесі!

Иә, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет», - деді.

Ендеше, Президенттің бұл тапсырмасы сөсіз орындалуы керек!

МАЛ мен ЖЕРГЕ берілетін СУБСИДИЯҒА қатысты жемқорлықты жою және ҚОЛДЫ БОЛҒАН ЖЕРДІ ҮКІМЕТКЕ ҚАЙТАРУ туралы мәселеге байланысты Руслан Желдібай мен Берік Уәлиге арнайы хат жазып, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан ТОСҚАУЫЛ жөнінде өзімнің жобамды ұсындым.
Сонымен бірге, бұл мәселені бір ай бойы БАҚ-та, әсіресе республикалық, облыстық телеарналарда кешенді түрде ашық талқы жүргізуді сұрадым.

Менің ұсынған жобам мынау:

Алдымен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (СПК) қызметін тоқтатып, оның «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және ҚР басқа заңдарымен бекітілген құқықтары мен міндеттерін әр дәрежедегі әкімдерге бере отырып, ауылдық округ әкімінің құзыретін тағы да үш бағыт бойынша кеңейту, сондай-ақ ауылдан «Ауылдық кеңес» құру!

Ол үш құзыретті таратып айтсам:

Бірінші, ауылдық округ әкімі өзі жетекшілік ететін ауылдың жерін өзі басқару;

Екінші, аудандық, облыстық және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты ауылдық округ әкімі, ауылдық кеңестің келісімін ала отырып, өзі игеру;

Үшінші, ауыл тұрғындарына берілетін субсидиялардың, гранттардың және қайтарымсыз несиелер мен төмен өсімді несиелердің кімдерге берілетінін ауылдық округ әкімі алдын-ала белгілеп, сол Ауылдық кеңестің келісімін ала отырып, өкіметке ұсыну. Сөйтіп, мемлекеттен бөлінген көмек қаражаттардың иесіне бірден жетуін қаматамасыз ету.

Тіпті керек болса, аудан мен облысты республикалық бюджеттен айырып, ауылды тікелей республикалық бюджетпен қамтамасыз ету тәртібін жолға қою.

Бұл жобаммен Олжас Бектенов екеуіңіз былтырдан бері етене таныссыздар. Осы жобаны қолданысқа енгізуді сұрап, Сіздерге жетпіс бетке жақын хат жаздым. Үлкен өкінішке орай, Сіздер оны қабылдамадыңыздар!
Не Өздеріңіз тиімді жоба ұсынып, қолданысқа енгіген жоқсыздар!!
Сондықтан, Сізге Берік Уәли мен Руслан Желдібайдың жауабын күтіп отырмай-ақ, мал мен жерге берілетін субсидияға қатысты жемқорлыққа қандай ТОСҚАУЫЛ қою және қолды болған жерді Үкіметке қалай қайтару туралы мәселені талқылауды Сіз екеуіміз уақыт өткізбей бастай берейік деген ұсыныс жасағалы отырмын.

Құрметті Ерлан Тынымбайұлы!

Мен Сізді ашық ДЕБАТҚА шақырамын!
Дебат өткізетін каналды Сіз таңдаңыз!
Маған дебат тек тікелей эфир арқылы өтсе болғаны.

Құрметті Ерлан Тынымбайұлы!

Тағы қайталап айтайын, Өткен бес жылдық тәжірибе анық көрсетті, Президент қанша тапсырма бергенімен, құзырлы органдар, министрлер мен әкімдер жемқорлықтың бұл екі саласына ешқандай ТОСҚАУЫЛ қоя алмайтыны белгілі болды.

Ұсталып, қамауға алынғандар – шортандар емес, кілең майшабақтар. Қысқасы, бұл – өзара сыбайласып, жымдасып кеткен жүйе болып тұр...

Осы беті кете беретін болса, мемлекет қаржысының миллиардттап тоналғаны – тоналған!

Жемқорлықтың бұл екі саласына ТОСҚАУЫЛ қою мәселесін шешудің екі жолы бар.

Бірінші жолы, Өзіңіз бас болып жобасын жасау арқылы Парламент қабырғасында шешу;

Екінші жолы, халық арқылы шешу.

Елімізде ЖЕМҚОРЛЫҚ шегінен асып кетті, халықтың шыдамы таусылып барады.

«Елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керек!», - деп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев баяғыда айтты ғой.

Ендеше, Сіз бен біз бірлесіп, Қасым-Жомарт ағамыздың осы тапсырмасының абыроймен орындалуына барымызды салып көмектесейік!

Мен Сізді өзіңіз белгілеген ДЕБАТ АЛАҢЫНДА күтем!

Құрметпен,

Ауыт Мұқибек,

«Ерен еңбегі үшін» медальінің,
«Құрмет» орденінің иегері

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321