Ауыл баласы министр бола алады...
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті:
«Елімізде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асып жатыр. Жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің кәсіби дамуына тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған»,- деп хабарлайды.
Биыл жобаға 40 мыңнан астам оқушы білім алатын 56 ауыл мектебі қосылды. Әрқайсысы заманауи лабораториялармен, робототехника, STEM-лаборатория, физика, химия кабинеттерімен толықтай жабдықталуда. Акт залы мен спорт залындағы жиһаз бен спорт құралдары, асхана мен мұғалімдер бөлмесі жаңартылуда. Жалпы жоба аясында 1848 кабинет жаңартылады.
Жақсы жаңалық екен. Осы тұрғыда: Ауылда оқушыдан Тұлға тәрбиелеу мүмкіндігі қаладан кем емес дер едім. Ауыл «шектеулі тәрбие аумағы» болса да, онда Ұлттық тәрбие жүйесі қалаға қарағанда көбірек сақталған. Бұл Тұлға тәрбиесінің қайнар көзі. Бірақ ауыл баласына коммуникация жетіспейді. Коммуникация «тұлғалық қабілетті» сынақтан өткізетін лабаротория. Сондықтан, ұстаздар оны қолға алып, болашақтағы «бизнес лидері», «басқарушы лидері» және т.т. жобалар бойынша жұмыстар жасауы керек.,
Қазір «тілдік кедергілер» азайып келеді. Ол да ауыл баласының болашағына жақсы әсер етеді.
Ең бастысы, «өндіруші еңбекпен», яғни, «өз тамағын өзі табуды» үйреніп өскен ауыл баласы болашақта бар нәрсеге Прагматикалық сипатта қаратын болады...
Қазіргі шет елдерден оқып келіп, мемлекет ісіне араласқандарда осы жағы кем түсуде.
Олар сол себептен де «бюроктраттар» мен «коррупция қақпанына» тез беріліп, ұлттық мүдде талабынан ауытқып кетіп жатыр.
Ауыл баласы - болашақ мемлекет қайраткерлері болуы тиіс.
Өйткені АУЫЛ БАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІН «ӨЗ АУЫЛЫМ» ДЕП САНАЙДЫ...
Әбдірашит Бәкірұлының желідегі жазбасы
Abai.kz