Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 931 0 пікір 4 Қазан, 2024 сағат 14:07

Елордада заңсыз салынып жатқан 37 нысан анықталды

Сурет Астана қаласының прокуратурасы сайтынан алынды.

Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабаралды. 

Сонымен қатар, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады.

Осы негіздер бойынша ағымдағы жылы аталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:

1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

3) ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).

Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.

Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады («Сертификаттар» қойындысы).

Егер Cіз жосықсыз әзірлеушіге тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366