Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3161 0 пікір 18 Наурыз, 2014 сағат 05:34

Орыс, ұйғыр тағы басқа ұлт мектептері қазақ тілі мен әдебиеті және тарихын меңгеруге міндетті!

Жаңадан әзірленген білім стандарты, оқу бағдарламалары мен жоспарларына пікір білдірмекпіз.

Аталмыш құжат Кембридж университетімен келісім бойынша әзірленген болса, бірнеше кемістіктерін атап өту қажет:

а) Қай елдің білім жүйесі болса да, сондағы тұрғылықты (жергілікті) халықтың мүддесіне орай ұйымдастырылады яғни ұлттық ерекшелік, адамгершілік тәрбиесі, елжандылық тұтаса келіп, кез-келген мемлкетте бәсекелестікке түсіп, жұмыс істей алатын үдеріске алғышарттар жасайды.

Ұлыбритания – дамыған ел. Оның тілі мен әдебиетін оқыту жолға қойылғаны өз алдына, ағылшын тілі сол елдің ғана емес, әлемдегі халықаралық тіл болып, табылады. Ал, өз тәуелсіздігін алғанына биыл 23 жыл толатын Қазақстанды Англиямен салыстыру қисынсыз. Ұлттық тілі мен әдебиеті, тарихы мен ұлттық ерекшеліктері тәуелсіздік жылдары кешегі тоталитарлық жүйе зардабынан енді ғана оңалып, келе жатқанда, тіл мен әдебиеті пәнін біріктіру, олардың сағат санын қысқарту оңалмас қателіктерге ұрындырады. Басқа тілдерді, әсіресе, ағылшын, орыс тілдерін үйренген дұрыс. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевта өте дұрыс айтты. Алайда Президент осы үш тілді оқыту балабақшадан, 1-сыныптан басталсын деген талап қойған жоқ. Бізде қазір осындай сорақылықтар яғни педагогикалық-психологиялық ілім тұрғысынан үлкен кемшіліктер орын алуды.

ә) Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде бір болашақ» атты республика халқына жолдауында «Қазақ елі», «Мәңгілік ел» атты тактикалық және стратегиялық мақсаттарды ұсынып, ел арасында үлкен өрлеу, сенім, оптимизмді оятты. Әлем елдері тәуелсіз Қазақстанның тілі мен әдебиеті және тарихына ұлттық ерекшеліктеріне қызығушылық танытуда егер бұларды мектепте қалыптастырмасақ, не болғанымыз? Мемлекет басшысы «Мәңгілік ел» болудың алғышарты ел болашағы – қазақ тілінде, республикадағы барлық этнос өкілдері үшін қазақ тілі ұйымдастырушы күш рөлін атқаруы керек дегенді бекер айтқан жоқ қой. Ал, мына жобада қыруар кемістіктер бар.

Дәлелдер келтірейік:

  1. Неге оқу бағдарламасы «Қазақ тілі және әдебиеті» делінген? Дұрысы «Қазақ тілі мен әдебиеті».
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 2-5 сыныптарда неге 5 сағат? Біздіңше 6 сағат болуы керек.
  3. «Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқу бағдарламасы» (Т2) неге қазақ тілін 1-3 сыныптарда 3 сағат, 4-5 сыныптарда 4 сағат деп алынған? Қазақ тілі екінші тіл ретінде емес, мемлекеттік тіл ретінде оқытылуы керек, әр сыныптағы сағат  саны 6 сағат болуы керек.
  4. Неге Т2 оқу бағдарламасында тек қана қазақ тілі оқыту көзделген? Қазақ әдебиетін оқытпау керек пе? Оқушы орындайтын тапсырмалар, мысалдар ұлттық ерекшеліктерге негізделуі керек емес пе?

Әлемнің көптеген елдерінде тұрып жатқан басқа этнос өкілдері сол елдің ұлттық сипаттағы мектебінен білім алады. Біздің тәуелсіз елде басқа ұлт өкілдерін міндетті түрде қазақ мектебінде оқисын деп ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Орыс, ұйғыр тағы басқа ұлт мектептері бар. Бірақ олар Қазақстан азаматы болғандықтан, міндетті түрде сол мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және тарихын меңгеруі қажет деген пікірдеміз.

Қарағанды облыстық «Қазақ тілі» қоғамы және өңірдегі тіл мен әдебиет жанашырлары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406