Жұма, 22 Қараша 2024
Арылу 2162 8 пікір 10 Қазан, 2024 сағат 14:02

«Түркіменбашы әдісі» һәм Зайытов пен Мұқаев не дейді?

Суреттер parlam.kz және joo.kz сайтынан алынды.

Қазақи қос депутаттың аузынан шыққан: «...орыс тілін қазақ мектептерінде 5-ші сыныптан бастап оқыту керек», - деген сөздерінен кейін данышпан бабаларымыздың «Түйесін жоғалтпағанның бәрі ақылды», - деген қанатты сөзі ойға оралады.

ТМД елдеріндегі білім беру кеңістігінде «Түркіменбашы әдісі» деген бар. Ол Түркіменстандағы барша өзбек тілінде оқытатын мектептерді жауып, орыс тілінде білім беретін мекпетерге тек этникалық орыстарды ғана қабылдау.

Ал, өзге ұлт өкілдері тек белгілі бір ақы төлеп қана орыс мектептерінде оқи алады. Енді неге түркіменбашы осы қадамға барды деген сауалға жауап беруге көшейік:

1989 жылғы санақта Түрмениядағы титулды ұлттың 6 пайызы өз ана тілін білмейтіндігі белгілі болған. Бұл елдегі ұлттың 70 пайызын құрайтын түркімендер басындағы трагедия екенін түсіне білді.

Ал, өз елінде ұлттық азшылыққа айналған қазақтың КСРО кезінде 50 пайызы ана тіліне шорқақ болғанын осы уақытқа дейін ресми билік жария етпей келеді. Түркімендер осының жолын кесіп, КСРО кезіндегі орыстандыру бағытындағы «Совет адамы» деген ұғымының жұлынын үзе алды.

Бізде білім беру саласында депутаттар қолға алмай отырған мәселе - қазақ елінде қос тілділік дегеннің жоқтығы. Яғни, қос тілде сөйлейтін адам осы екі тілде өз ойын жеткізіп жаза білуі керек. Ал, қазақ екі тілде сөйлейді екен деп, алаш баласын қос тілді атандыру әбестік!

Қазір елімізде орысша және қазақша сөйлейтін екі үлкен этникалық топ бар. Олар бір-бірін сыртқа шығармаса да иттің етінен жек көретін ахуал қалыптасып отыр. Осы ахуалды қалыптасырған қазақ мекептерінде орыс тілінің оқытылуы. Немесе орыс мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылуы. Екеуі де күрделі һәм шешілуі қиын мәселелер.

Депутат мырзалар үнемі аралас мектеппен күресіп келеді. Тек сөз жүзінде, нақты іс пен нәтиже жоқ.

Сонымен аралас мектеп деген не? Бұл 100 пайыз қазақша оқытатын мектеп ішіндегі 50 және 30 пайыз орысша сыныптардың шәкірттерге білім беруі.

Біз Ресей мен Қытай емеспіз, аз ұлттардың мектебін мүлдем жауып тастайтын. КСРО кезінде Қазақстанда қазақ қана емес, татар және украин тіліндегі мектептердің де жабылғандығы ауызға алынбай келеді. Сол себепті, қазіргі аралас мектептерді 50 және 30 пайыз орыс тілінде білім беретін мектептерге айналдыру жолында күресуіміз керек. 100 пайыз орысша оқыту үшін этникалық орыс болуын талап етеітн болсақ көп нәрсе шешіледі.

Мәжілісте «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту» мәселесіне арналған тақырыптық отырыс өткен кезде Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов пен Дәулет Мұқаев: «Орыс тілін тек 5 сыныптан оқыту керек», - деп бастама көтеріп, айды аспанға шығарды.

Енді қос депутат орыс тіліне қатысты не деді соны келтіре кетейік.

Парламент Мәжілісі депутаты Дәулет Мұқаев: «Орысша оқитын балаларға жүргізілетін қазақ тілінің оқулығын қарасаңыздар, жеп-жеңіл, бес әріпті қойып, мында «қай әріп жетпей тұр» деп сұрайды. ҰБТ да сондай.

Балаларымыздан орыс тілді филолог дайындап жатқан сияқтымыз. «Причастный оборот, деепричастный оборот» деген сөйлемдері бар. Одан кейін өзге де өлеңдерді жаттатып, біз балаларды қинап жатырмыз.

Мен өзім ата-ана ретінде Жапонияның принципін ұстанамын. Балаларға бесінші сыныпқа дейін өзге тілді үйреткім келмейді. Тек ана тілі – қазақ тілін үйретіп келем. Бірақ олар ағылшынға келеді де, бірден алфавитті үйреніп кетеді», - деп ойын түйіндеді.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов: «Балалардың орыс тілінде оқи алмайтыны менің де басымда бар жағдай. Бесінші сыныпқа дейін тек ана тілінде оқытуға рұқсат беріңіздер. Мен баламды көп тілде оқытқым келмейді. Нәтижесін осы жерде отырған біраз адамдардан көріп отырмын, не қазақша, не орысша сөйлей алмайды», – деп қазіргі өмірдегі тілдік ахуалды алға тартты.

Бір қызығы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері депутаттардың бұл бастамасына нақты жауап бере қойған жоқ. Себебі еш дәйексіз, әрі дәлелсіз осал тұстан пышақ сұғушылық әрекет болды десек артық айтпаймыз. Оның үстіне алдына ала дайындықсыз, тек сезім жетегіндегі дүние.

Бұл мәселе Парламент қабырғасында емес, Тамыз кеңесінде депутаттардың бастамасымен ел-жұрт болып қозғалуы керек еді. Биылғы һәм алдағы 5 жылғы оқыту жоспарланып қойды. Оған тап осы депутаттар ақша бөлді. «Енді келіп, анауың дұрыс емес, мынауың дұрыс емес» дегенге жол болсын... Орыс тілінен құтылудың жолы қазақша-орысша аралас оқытатын мектептерді өмірге әкелу. Ол үшін бізге ұлттық түркіменбашы керек сияқты. Сіз бұған қалай қарайсыз, оқырман?!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329