Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 738 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 13:57

Онлайн микрокредит рәсімдеу талаптары күшейеді

Сурет lada.kz сайтынан алынды.

2025 жылдан бастап Қазақстанда онлайн микрокредит рәсімдеу кезінде қауіпсіздік талаптары күшейтілетін болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, келер жылдан бастап онлайн микрокредит рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қатар қолдану міндетті болады.

«Онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) да бір мезгілде міндетті түрде қолдану талабы енгізіледі. Сондай-ақ, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банктік шоттың немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі»,- делінген жауапта.

Бұдан басқа, банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жібереді. Осылайша, клиентті үш факторлы тексеру жүзеге асырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 234
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 301
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 286
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 206