Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 984 0 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 14:40

Ресей мен Қазақстан арасында «сауда соғысы» бар ма?

Суреттер primeminister.kz, brics.com және РИА Новости сайттарынан алынды.

Қазақстанның БРИКС-ке кіруден бас тартуы

Мысыр, Эфиопия, Иран және Біріккен Араб Әмірліктері — 22 қазанда Қазанда өткен саммитке БРИКС тобының жаңа мүшелері ретінде қатысты. Бірқатар басқа елдер ұйымға мүшелікке өтініш берді немесе осындай мүмкіндікті қарастырып жатыр.

Ресей БРИКС ұйымын «Батыстың үстемдік етіп отырған халықаралық тәртібіне, әсіресе АҚШ-тың үстемдігіне қарсы тұру құралы» деп үміттенеді. Осыған орай, Қазақстанның екі ірі серіктесі — Ресей мен Қытай Қазақстанды БРИКС‑ке мүшелікке шақырған болатын: Қазақстанның, орташа держава ретінде, БРИКС-ке қосылуы ұйымның беделін арттырар еді. Бірақ, бұл Қазақстанды Батыстан алыстатып, біршама деңгейде АҚШ‑қа қарсы елдерге жақындата түсер еді – деп санайды олар..

Алайда, 16 қазанда Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанның жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш бермейтінін мәлімдеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының ең маңызды жаһандық мәселелерді шешуге арналған жалғыз алаң екендігін айтты.

Ресейдің шұғыл реакциясы

Іле‑шала Ресей жағы  Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде кесілген гүлдерді әкелуге шектеу қойды.

Ресей мұны: «Қазақстанға гүлдердің көпшілігі Нидерланд, Польша және Бельгиядан реэкспортталады. Алайда ол елдер өнімнің қауіпсіздігін тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан, Ресей ол тауарларды Қазақстаннан реэкспорттауға тиым салды» деп түсіндірді.

Қазақстанға қысымның артуы

Сонымен бірге, Қазақстаннан Ресейге өсімдік өнімдерін және бидайды әкелуге қойылған шектеулер мен тыйымдар ‑ сөзсіз, Қазақстанға қысымның күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Әрине, екі арада мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де Ресей бірнеше рет «техникалық ақаулар» деген сылтаумен Қазақстан мұнайының 80%-дан астамын Еуропаға экспорттайтын Новороссийск теңіз порты арқылы қазақстандық мұнай транзитіне тыйым салған еді. Бұл тиымдар, үнемі де екіжақты қатынастардағы қандай да бір өткір мәселелердің туындауымен сәйкес келіп отырады.

Ендеше, Қазақстан БРИКС-ке енбеу арқылы Батыс елдерімен қарым-қатынастарда қосымша қарама-қайшылықтан аулақ болуға тырысып жатқан сияқты.

Ресейлік тиымға Вице‑премьер Серік Жұманғарин  жауап берді:

«Ресей енгізген ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулер Қазақстанға айтарлықтай әсер етпейді.

Шектеулер негізінен Өзбекстаннан келетін өнімдерге қатысты.

«Бұл – бұрыш, қызанақ, қауын, олар Қазақстанға әкелініп, қайта өңделіп, кейін реэкспортталады», – деді Жұманғарин.

Бұл жағдай реэкспортпен айналысатын жекелеген кәсіпкерлерге әсер етеді. Бірақ қазақстандық фермерлерге ықпалы жоқ деді вице‑министр.

Одан әрі ол бұл мәселелер Ресеймен талқыланып жатқанын және бұл жылына бірнеше рет туындайтын қалыпты жұмыс жағдайы екенін айтты. «Біздің өнімді Ресей Федерациясы арқылы тасымалдауға нақты тыйым салынған жоқ. Бұл жерде мәселені нақтылау керек, ‑ деді ол.

Журналистерге ойланып сөйлеген абзал

С.Жұманғарин Ресей мен Қазақстан арасында ешқандай  «сауда соғысы» жоқ екенін айтты.  Ол журналистерді «микрофон синдромымен» ауырмауға, мұндай терминдерді оңды‑солды қолдана беруден аулақ болуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052