Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Спорт 676 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 14:26

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Сурет ҚР Спорт және туризм министрлігінің телеграм арнасынан алынды.

Әуесқой бокс: Черногорияның Будва қаласында мәресіне жеткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары ел қоржынына 17 жүлде (6 алтын, 1 күміс, 10 қола) салды.

Күрес: Албанияның бас қаласы Тиранада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында (олимпиадалық емес салмақтарда) Қазақстан құрамасының палуандары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Жаһандық додада еркін күрес өкілі Нұрқожа Қайпанов (70 кг) топ жарса, грек-рим шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) мен әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) күміс медаль иеленді.

Таэквондо: Қатар астанасы Дохада ұйымдастырылған таэквондодан халықаралық турнирде еліміздің ересектер құрамасы 8 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль еншілесе, кадеттер командасы 5 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль олжалады.

Шайбалы хоккей: Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды. Жерлестеріміз үшінші орын үшін өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті.

Үстел теннисі: Словакияның Сенец қаласындағы WTT Youth Contender турнирінде Жания Бекмұхамбетова топ жарды. Отандасымыз 11 жасқа дейінгі балалар арасында үздік шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973