Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2621 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:44

Тұлғаны сұлбаға айналдырған фильм

Біздің ұрпақ – «Қызыл жебені» оқып өскен, Тұрарды тұлға санаған ұрпақ...
Біздің ұрпақ – «Сталинге хатты» көріп, Тұрарға табынған ұрпақ...
Біздің ұрпақ – Тұрарды қылышынан қан тамған Сталинмен терезесі тең адамдай сөйлескен батыр деп сенген ұрпақ...
Әттең!..
Тағы бір тұлға құлады...
Тағы бір сенім суалды...
Тағы бір жұлдыз сөнді...

Біздің ұрпақ – «Қызыл жебені» оқып өскен, Тұрарды тұлға санаған ұрпақ...
Біздің ұрпақ – «Сталинге хатты» көріп, Тұрарға табынған ұрпақ...
Біздің ұрпақ – Тұрарды қылышынан қан тамған Сталинмен терезесі тең адамдай сөйлескен батыр деп сенген ұрпақ...
Әттең!..
Тағы бір тұлға құлады...
Тағы бір сенім суалды...
Тағы бір жұлдыз сөнді...
«Алашорда» фильмінде келтірілген құжаттық деректердің кез келгені адамды бей-жай қалдыра алмайды. Соның бірі – Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған және бір хаты табылыпты. Тұрар Рысқұлов бұл хатында Ә.Бөкейханов, С.Қожанов, М.Дулатовтардан бастап жиырмадан астам Алаш қайраткерлерінің тізімін жазып, «Қазақстанда большевиктердің жұмысы алға жылжуына осылар кедергі жасап отыр» дегенге келтіріп, олардың кім екенін, немен айналысатынын көрсетіп береді. Тарихшылар осы мазмұндас хаттарды Сталинге, Молотовқа кезінде Меңдешев, Сейфуллиндердің де жазғанын айтады. Әрине, олар мұндай хатты жазбаса да «ұлтшыл-элементтерден» тазарту процесі жүрер еді. Ал мына тектес хаттар сол процесті жылдамдатуға түрткі болғандай. Ђйткені көп ұзамай олардың бәрі де тұтқындалып, итжеккенге айдалады. 1929 жылы-ақ алашордашылардың бір тобы атылады... Ал 1924 жылы сәуір айында жазылған Тұрардың және бір хатын тарихшы-ғалым Дина Аманжолова Сталиннің жеке архивінен тауыпты. Бұл туралы фильмнің режиссері Қалила Омаров өз сұхбаттарында айтып жүр. «Қазақ автономиясын қазір таратып жіберсеңіз де оған ешкімнің қабырғасы қайыса қоймайды...» дейді Тұрар...
Осы деректі естігенде көңілім құлазып сала берді. Көзіме жас үйірілді... Қиялымдағы тау тұлға Тұрар Рысқұлов... Сәкен Сейфуллиндер... бүгежектей басып, құр сүлдерін сүйретіп бара жатты...
Құжаттың аты – құжат. Ол – өтірік сөйлей алмайды. Оның құдіреті де сонда болса керек... Иә, айдың арғы беті қараңғы. Ђйткені ол Күнге тек бір жақ бетін беріп айналады... Сол сияқты, медальдің екінші беті – сұрықсыз... Қандай өкінішті!

***
«Алашорда» фильмінің алғашқы тұсаукесері Алматыда, «Цезарь» кинотеатрында өткен еді. Ал өткен аптада Алаш ардақтыларын еске алу және Халықаралық музей күніне орай Алматы қаласының тарихи музейінде «Алашорда» фильмінің таспасы мен оған қатысты шығармашылық деректерді осы музейге салтанатты түрде табыс ету рәсімі болды. Кеш басында алаш ардақтыларына құран бағышталды.
Басқосуда фильмнің режиссері Қалила Омаров «Алашорда» деректі фильмі қалай түсірілгені туралы әңгімелесе, тарихшы-ғалымдар алашордашыларға қатысты тың деректермен бөлісті. Ал «Алаш» қайраткерлерінің ұрпақтары қасіретті жылдар естеліктерінен сыр шертті...
Еске алу кешін музей директоры Ерболат Құдіреұлы Әуезов ашты. «ХХ ғасырдың басында саясат сахнасына шыққан Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің саяси күресі, елі үшін атқарған еңбектері бүгінгі егемен еліміздің іргетасы іспеттес. «Алашорда» деректі фильмі арқылы Алматы қаласы тарихының музейі ғана емес, қазақ тарихы және бір тың дерекпен толықты...»
Бейбіт ҚОЙШЫБАЙ, тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» құқық қорғау қоғамының президенті: «Алаш идеясы – күллі қазақтың ұлттық идеясы. Бұл идея бүгінгі және келешек ұрпақтың ұстанатын ең басты бағытына айналуы тиіс. Соны қалыптастыратын бүгінгі ұрпақ – біздерміз. Тарихымызды танып, өткенімізді білу – азаматтық парыз. Бұған дейін Алаш қайраткерлерінің өмірі жан-жақты қамтылған тың деректер халыққа ұсынылмаған сияқты. «Алашорда» фильмі Алаш жайлы айтылмай келген талай әңгімелердің басы деп ойлаймын. Әрине, Алаш қайраткерлерінің тізімі біз білетін бес-алты адаммен шектеліп қалмайды Жер-жерде, Қазақстанның барлық аймақтарында Алаш қайраткерлері болған. Олардың әрқайсысының өмірін жеке-жеке зерттеу – тарихқа бейжай қарамайтын жастардың еншісінде. Менің көңіліме қонбайтын бір нәрсе – біз соңғы жылдары «ел болғанымызға 15 жыл.., 18 жыл...» деп жиі айтамыз. Бұл қате. Егемендік идеясы сонау Алаштан басталады. 1917 жылы 25 желтоқсан күні Алашорда үкіметі құрылды. Осы күнді атаулы күн ретінде күнтізбеге енгізсек үлкен іске қол жеткіземіз...»
Қамбар АТАБАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор: «Нақты құжаттарға құрылған деректі фильмнің танымдық маңызы зор, әсері ерекше болуы заңды. Алаш ардагерлерінің өмірі мен идеясын біз әлі шын мәнінде танып, түсініп үлгерген жоқпыз. Мен 2000 жылы Орынбор облыстық архивін ақтарып отырып, А.Байтұрсыновтың 1913-1918 жж. тұрған үйі туралы дерекке кезіктім. Сонымен қатар бұл үй «Қазақ» газетінің редакциясы болған. Сол үйді тауып, дәлелдедім. Деректі фильмде ол үй көрсетілген... Екінші – екі рет жалпықазақ съезі өткенін білесіздер. Маусым айында өткен съезде «Алаш» партиясы құрылды, ал 5-12 желтоқсанда өткен екінші съезде «Алашорда» үкіметі құрылды. Осы съезде Қазақ автономиясы жарияланды... Мен сол екі съезд өткен үйді де тауып, олардың тарихи маңызы бар үй екенін дәлелдедім. 2000 жылы ол үй коммерциялық бағытта жұмыс істейтін. Кейін осы фильмді түсіру қарсаңында біздің араласуымызбен, жергілікті билік өкілдерінің шешімімен бұл үй, съезд өткен зал қайтадан бұрынғы тарихи қалпына келтірілді. Біздің бейшаралығымыз – сол үйге осы уақытқа дейін бір мемориал тақта орната алмағандығымыз. Реставрация қызметкерлері «орнатып берейік» деді, бірақ Ресейдің заңы бойынша, мұндай тірлік мемлекеттік деңгейде ғана шешілуі тиіс. Ресей өзінің тарихына және «осыдан қаржы түседі-ау» деген дүниеге ұқыпты қарайды. Ол жерде Ленин ескерткіші тұр, большевиктердің тақтасы тұр, казактардың да ескерткіші тұр, көшелерінің аттары да сол күйі тұр. Ђкінішке қарай, күллі қазақ үшін Орынбордағы ең киелі екі үйде бір жапырақ тақта да жоқ... Ахаң тұрған үйде сегіз пәтер бар екен. Неге сол үйді тұтас сатып алып, түгел реставрация жасап, Қазақстан мен Ресей достығының айқын көрінісі ретінде, сол үйді музейге айналдырып, елден баратын зерттеушілер мен тарихшылардың, туристердің түсетін қара шаңырағына айналдырмасқа?..»
Қалила ОМАРОВ, «Алашорда» фильмінің режиссер-операторы: «...Мәриям Хакімжанова туралы фильм түсіргенім бар еді. Сонда ол кісінің айтқан бір әңгімесі есімнен кетпейді: «1935 жылдар шамасы, – дейді. – Ахмет Байтұрсыновтың айдаудан келген кезі болса керек. Орталықта туберкулез ауруханасы бар еді. Қалың көпшілік таң атар-атпастан келіп, кезек алатын. Ахаң сол жерге емделуге келді. Қолында таяғы бар, жұпыны киінген. Жан-жағына қарап бір сәт аялдады. Сәкілерде бос орын жоқ. Ешкім тұрып орын бермеді. Анандай жерде кесілген бәйтеректің жуан діңгегі қалыпты, Ахаң маңғаз басып барып, сол кесілген теректің діңгегіне отырды да қалтасынан газет алып оқыды...» Шабылған бәйтеректің діңгегіне келіп отырған Ахаң маған ұрпақ жалғастығының, идея сабақтастығының символындай елестеді. Мені алғаш рет Алаш тақырыбына, Алаш тарихына жетелеп әкелген Мәриям апайдың осы әңгімесі еді...»
Алаш қайраткерлері туралы осыдан 85 жыл бұрын заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндердің бірі болып саналады» деген екен. Елдің ырысын арттырып, ынтымағын жарастыратындар да – солар еді. Ђкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің артынан еруді емес, соңынан шам алып түсуді мұрат еткізген «зар-заманға» не дерсің?!.
Деректі фильм түсіру оңай емес. Маңдай терді тамшылатып төгуді талап ететін әрі «ұсақ», әрі күрделі еңбек. Дәлдікті, нақтылықты, төзімді қажет етеді. «Қазақфильм» жылына 4-5 деректі фильм түсіретін көрінеді. Ђкініштісі, олар халыққа жетпей, «шаң басқан архивтерде» жиналып жатыр... Қазақтың тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер қатары және бір тың, сапалы, мазмұнды фильммен толықты. «Алашорданы» бүкіл халық күтіп отыр. Оның отандық телеарналар арқылы көрерменге жол тартар күні де алыс емес шығар...

Сәуле ӘБЕДИНОВА
«Айқын» газеті 20 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534