Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 2011 47 пікір 6 Желтоқсан, 2024 сағат 13:43

Тоқаев пен Трамп сөйлесті: АҚШ президенті Астанаға келе ме?

Коллаж: kz.kursiv.media сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың жуырда сайланған президенті Доналд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Доналд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады», - деп жазды Ақорда.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Доналд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Осыған дейін Қазақстан президенті Тоқаев қарашаның басында сайлауда жеңіске жеткен Доналд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдаған.

Онда: Президент Тоқаев қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.

Доналд Трамп президенттік қызметіне 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап кіріседі. Ол осыған дейін Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бар күшін салатынын, тараптарды келіссөз үстеліне отырғызу үшін жоспар әзірлегенін айтқан.

Сурет: Abai.kz скрині.

Сарапшылар, Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді бастамас бұрын, АҚШ президенті Трамп Ресей президенті Путинмен жеке жолығады деп болжайды. Ал болжамды түрде, қос держава басшысы Қазақстанда жолығуы мүмкін деген нұсқа айтылады.

Abai.kz

47 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974