Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Талқы 1972 11 пікір 9 Желтоқсан, 2024 сағат 14:44

Досай мырза ақ пен қараны ажырататын әділ қазы ма?

Суреттер: adyrna.kz сайтынан және З.Жандарбектен алынды.

Редакциядан:  Бүгін редакциямыздың электронды поштасына белгілі т.ғ.к., Йасауитанушы Зікірия Жандарбек ағаның тағы бір дін ғалымы, Йасауитанушы Досай Кенжетай мырзаның атына қарата жолдаған үшбу хаты келіп түсті. Біз аталған мақаланы қаз-қалпында портал оқырмандарының талқысына ұсындық.

Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Мақала авторының пікірі редакция ұстанымын білдірмейді және мақалада аты аталған жекелеген тұлғалар жауап беремін десе, портал бетінде жариялайтын боламыз!


Досай мырза ақ пен қараны ажырататын әділ қазы ма? Әлде...

Кеше ойламаған жерден Facebook желісіне кіріп, аяқ астынан Досай Кенжетай мырзаның «Садақ. Медийа» сайтына сұхбат бергенін есітіп, YouTube-ты ақтарып отырып, ол жігіттің не айтқанына көңіл аударуға тура келді.

Себебі, кезінде ой-пікіріміз бір болып, уаххабилік-салафилік бағытқа қарсы бірлесіп күрескен бауырымның соңғы жылдары «Имам Махдиді» айтасың, «АллаТра-ны» қолдайсың деп, менің соңыма түсіп, жұмыстан шығартып, қолынан келген қаскөйлігіне сабыр сақтап, тағдырдың маңдайға жазғаны осы шығар деп үнімді шығармай жүргенмін. Енді тіптен, «Бұл Махди деп жүргендер мен «АллаТра-ны» қолдаушыларды қоғамнан оқшаулау керек, (Түрмеге жабу керек деген сөзі ғой) болмаса, бұлар дүниені бүлдіреді деген сөздерді айтыпты. Сонда Досай мырза, жалпы қазақ қоғамы Исматулла қаридан, Саяттан, Светқалидан, менен не зиян көріп жүргенін неге айтпайды. Бар қоятын кінәсі «Ресейді, Путинді қолдайды. Ресей президентін Махди санайды. Егерде бұларды бүгін тоқтатпаса, ертеңгі күні елде бүлік шығарады. Елдің Тәуелсіздігіне қауіп төндіреді» деп байбалам салады. Егерде осы адамдарды қоғамнан оқшаулап, түрмеген отырғызса, халық тура жолға түсіп, бар  қоғамдық проблемалардан арылатын сияқты. Алайда, сол Исматулла қари мен Саяттың, Светқали мен Зікірияның «не деп?» шырылдап жүргенінен бас ауыртқысы келмейді. Мына халыққа не үшін Махди керек? Махдидің адамзат баласына ақырдың уақтында келуінің астарында не бар? - деген сұрақтарға жауап іздеп, бас ауыртқысы жоқ. Қазіргі қоғамдағы басты проблеманың туындап отыру себептерін білгісі де келмейді. Оның негізгі мақсаты осы жоғарыда аттары аталған жандарды түрмеге отырғызса, бар арман-мұраты орындалады. Досайға бұл сөздерді айтқызып отырған, қалайда бұл жандардың көзін құртса, қазақтың руханиатын қорғайтын адам қалмайтынын, қазақ рухани негізінен толық ажырап, биоробоқа айналатынын білетін белгілі топтар бар. Биоробоқа айналған тобырды басқару оңай. Досайдың бұл әрекеті сол топқа «адал қызметін» көрсетіп жүргенінің белгісі және Досай мырзаның шындында кім екендігін тануға мүмкіндік береді. Ол бары-жоғы шайтан партиясының қатардағы қызметшісі ғана. Әйтпесе, сондай атақ дәрежесімен Имам Махдидің кім екенін түсінбеуі мүмкін емес. Бұл оның Руханиат дейтін құдіреттен мақұрым екендігін көрсетеді. Досай мырза өзінің өмір бойы Қожа Ахмет Йасауиді зерттеп келе жатқанын айтып, мақтанады. Алайда сол Қожа Ахмет Йасауидің неліктен «Екінші Ахмет» атанды, неліктен «Дүниенің тірегі» атанды? – деген сұрақтарға жауап іздеген жан емес. Ең бастысы Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың ислам дінін шариғат деңгейінен тариқат деңгейіне көтеруі адамзат баласына не бергенінен түсінігі жоқ. Егерде Йасауи бабамыз дінді тариқат деңгейіне көтеріп, адам баласының Рухын Рухани әлеммен қайта байланыстырмағанда, адамзаттың осы күнге дейін өмір сүруі мүмкін еместігін де түсіне бермейді. Себебі, Досай мырзаның руханиат, Рухани әлем туралы түсінігі өзінің физикалық болмысынан артпайды. Оның бұл ұстанымы Досайды Йасауи ілімінің білгірі санайтын қанашама адамның Йасауи бабамыздың тарихтағы ролінің адамзат баласы үшін қаншалықты шешуші мәнге ие болғанын сезінуіне мүмкіндік бермей жүр. Демек, бұл Досай мырзаның Йасауи бабамызды қанша зерттесе де, оның руханиатынан нәр алмағандығын көрсетеді. Демек, оның Имам Махдидің адамзат үшін не үшін қажет екендігін түсінуі мүмкін емес. Демек онда рух жоқ. Әйтпесе, қазіргі қазақ қоғамындағы болып жатқан азғындықтың қайдан келіп жатқанын, қазіргі халықтың өзінің рухани болмысынан ажырап, тек материалдық болмыс жетегінде кетіп, өзінің хайуани нәпсісінің жетегінде кетіп бара жатқанын жатқанын көрмеуі мүмкін емес. Досай мырза үшін олармен күресу қажет емес, сол азғындықтың жолын кесіп, адам баласын қайтадан руханиатқа қарай бастайтын Имам Махди басты дұшпан. Ол «Имам Махди туралы Қожа Ахмет Йасауи ешнәрсе айтқан емес» деп көкиді. Заманында адамзат баласына Қожа Ахмет Йасауи сынды тұлға келіп, адамзаттың рухын қайтадан Рухани әлеммен байланыстырмағанда адам баласының осы күнге дейін өмір сүруі мүмкін бе еді? Жоқ. Ақырзаман сол 12-13 ғасырларда адамзат басына келіп қойған болар еді. Себебі, Рухани әлем мен адам рухы арасындағы байланыс үзілетін болса, адамзат азғындыққа ұшырап, нәпсінің құлына айналады, адами болмыстан ажырайды. Замандастарының сондай дәрежеге түскенін кезінде Йасауи бабамыз айтып кеткен болатын. Ол кісі былай дейді:

«Әулиелер айтқаны келді білем,
Қиаметтің күні жуық болды достар.
Есті құлдар болғанын білді білем,
Ел-жұрттан мейір-шапағат кетті, достар.

Үлкен-кіші жарандардан әдеп кетті,
Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
«Ал-хайау мин ал-имани» деп Расул айтты,
Арсыз қауым, ғажайыптар болды көргін.

Міне, осындай тығырықтан адамзатты Қожа Ахмет Йасауидің адам рухын Рухани әлеммен қайта байланыстыруы ғана алып шыққан болатын. Демек, сол заманда Йасауи бабамыз Имам Махдидің ролін атқарды. Оның бұл еңбегі адамзат баласына 800 жылдан аса өмір сыйлады. Рухани әлеммен адам рухы арасындағы байланысты үнемі үзбей жалғастырып тұратын әулиелер мектебін қалыптастыры. Соның арқасында біз осы күнге дейін өмір сүруге мүмкіндік алдық. Қазіргі күні тағы да Рухани әлем мен адам рухы арасындағы байланыс үзілді. Адамзат қоғамы қайтадан материалдық дүниенің соңынан кетті, адами болмысы әлсіреп, биороботқа айналды. Азғындық пен хайуандық қазіргі адамзат баласы үшін мәртебеге айналды. Азғындық пен хайуани әркет АҚШ сияқты мемлекеттер тарапынан күштеп таңылатын дәрежеген жетті. Бүгінгі күні елімізде тайраңдап, халықты аздырып жүрген ЛБГТ сияқты азғындардың артында  сол күштер тұрғаны жасырын емес. Оларға мемлекет тарапынан қой деп айтуға шамамыз жоқ. Себебі, АҚШ пен Европа елдерінің қырына ілігіп қалуымыз мүмкін. Ал, осы азғындаған қоғамды қайтадан сабасына түсіріп, Рухани әлеммен байланыстыратын Имам Махди болуы тиіс еді. Өкінішке орай, ондай тұлға бізге әлі күнге келген жоқ. Мүмкін мүлде келмес те. Және бұл азғындықтың күшейіп, шегіне жетуінің астарында Тәңір Тағаланың Нұх пайғамбардан тараған ұрпаққа берілген уақыттың соңына жетуі де себеп болып отыр. Нұх пайғамбардың ұрпақтарына берілген 12000 жылдық мерзімнің аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Одан ары қарай не болатынын бір он сегіз мың ғаламның Иесі Жаратушы Құдірет қана біледі.

Досай мырза тағы да Имам Махди туралы қазақ арасында сөз болған емес деп дәлелдегісі келеді. Алайда, қазақтың әулиелері мен ақын-жыраулары шығармаларында Имам Махди туралы айтылатынын жоққа шығару мүмкін емес. Біздің бала кезімізде ақсақалдар «Имам Мәді» деп атайтын. Имам Мәді туралы әңгімені мен жасымнан есітіп өстім. Сондықтан мен оған ешқашан күмәнданған емеспін. Ал, Досай мырза оны танымаса ол заңды да. Себебі, ол бүкіл болмысқа рационалдық тұрғыдан баға береді. Ал, рух мәселесін рационалдық тұрғыдан тану мүмкін бе? Жоқ! Рухты, тек, иррационалдық тұрғыдан тану мүмкін. Ол таным Досайда жоқ. Сондықтан Досайдың руханиаттан да, Йасауи бабамыздың рухани әлемінен де хабары жоқ. Сол себепті, Досайдың Исматулла қаридың да, Саяттың да, Светқалидың да, менің тарапымнан жасалып жатқан іс-әрекетке баға беруге өресі жетпейді. Рухани әлем ол – мүлде бөлек әлем. Ол адамның өлмейтін мәңгілік болмысын тануы, өзін-өзі тануы. Мұхаммед (сАс) пайғамбардың «Ман арафа нафсаху, фа қад арафа Раббаху» деген Хадисінің мағынасы да осы. Рухтың құдіретін танымай, ешқашанда өзіңді тануың мүмкін емес. Себебі, адам өзінің уақытша болмысы мен Мәңгілік болмысының арасындағы айырмашылықты сезінбейінше толық адам бола алмайды. Атамыз Абайдың:

«Ақыл мен жан мен өзім, тән менікі,
Мен менен менікінің мағынасы екі,
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
Менікі өлсе өлсін оған бекі деген» деген өлеңінің мән-мағынасын түсінбеген жандар Руханиатқа қарсы сөздер айтады. Ары қарай Абай атамыз өз ойын былай жалғастырады:

«Табиғат өлсе өлер, адам өлмес,
Бірақ қайта келіп, ойнап күлмес,
Мен менен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес». Демек, адам баласының тәні өлгенімен рухы өмірін басқа формада жалғастырады. Осыны сезінгенде ғана адам баласы өзін адам санай алады. Егерде мұны сезінбеген адам Абай атамыз айтқандай «Бұл адам боқ көтерген боқтың қабы» ғана. Ал, Досай мырзаның Исматулла қаридан бастап, Саятты, Светқалиды, мені бәрімізді «қоғамнан оқшаулау керек» - деп атой сап отырған отырған жандарының барлығының басты мақсаты сол «Алланың адамға берген аманатын тану, оның мәңігілік сипатына қызмет қылу» түсінетін жандар. Сондықтан олар Досайға қарағанда қазіргі кезең проблемасын тереңірек түсінеді. Осыған байланысты Ресейді, Путинді қолдайды. Қазіргі Ресей мен Украина арасындағы соғыстың түпкі себебін жүректерімен сезінеді. Әрине, олардың бұл әрекеттерін көпшіліктің түсіне қоюы екі талай. Бірақ шындық солар жағында екені ертелі-кеш мойындалады. Әрине, оған қандай дәлелдерің бар деген заңды сұрақ туындайды. Ендігі кезекте сол дәлелдерге кезек беріп көрелік.

2008 жылы жарық көрген Гари Ках атты автордың «Глобализация на пути к всемирному завоеванию» атты кітабы бұл сұрақтарға жауап береді. Бұл кітапта  әлемдік өкіметтің қызметінің бар саласы түгелімен қамтылған. Соның ішінде адамзат баласын азғындатудың түрлі жолдары да қарастырылады. 1997 жылы қараша айының 04-нен 11-дейінгі аралықта Сан-Францискода болған форумда бүкіл әлемдік глобальді этиканы қалыптастыру жоспары талқыланады және барлық діндерді қамтуы тиіс болды. Бұл кітапта «Глобальная  духовность» деген бөлімде берілген. Сол форумның қабылданған шешім нәтижесі түрік тілінде «Білгі кітабы» деген атпен жарияланды. (Осы жылдың бас жағында сол кітаптың қазақ тіліне де аударылып жатқан туралы есітіп едім.) Осы жиынның негізгі қозғаушы күші рухани күштер болғанын баса айтады. (Рухани күштер деп отырғаны сиқыршылар, (черная магия) т.б. түрлі осындай бағыттағы мамандарды жинап, халықтың өздеріне назарын аудару мәселесін іске асыру жолдарын қарастырады. Осыларды көрген автор былай дейді: «Некоторые из этих видении пугают, причиняя боль и вызывая чувства страха.Такая «энергия» может быть достаточно реальной – самое настояшее присутствие демонических сил». Және бұл жиынға келген өкілдердің барлығы Жаратушы жіберген діндерге қарсы екендіктерін өздерінің іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Демек, қазіргі осы голбализация-жаһандану саясатын жүргізіп отырған АҚШ-тың қазіргі күнгі шайтани күштердің топтасқан орталығы екендігін, түпкі мақсаты бүкіл адамзат баласын шайтанның жетегіне ертіп, кіріптар ету екендігін түсінуге болады. Бұл кеше Досай мырза мазақ етіп отырған Құдайлық күштер мен шайтани күштер арасындағы қақтығыстың шындық екендігін мойындауына тура келеді. Себебі, Украинаның артында АҚШ пен оның саясатын қолдайтын Батыс елдері тұр. Олардың артында «Мировое правительство» атты құбыжық тұр. Оның ықпалы қазіргі күні әлемнің көптеген елдеріне жүреді. Оның ішінде біздің еліміз де бар. ЛБГТ сияқты ұйымдардың тайраңдап жүруінің астарында осындай сыр бар. Демек, Исматулла қаридың Ресейді, Путинды қолдауы жайдан жай емес, Рухани әлемнен келген Иләһи хабар деп түсінуіміз керек. Егерде осы мәселені дәл қазір түсінбесе, ертеңгі күні шайтанның жетегіне кетіп адасатыны айдан анық. Ол деген жаратушы Құдіреттің қаһарына ұшырау.

Ендігі кезекте Досай мырзаның мен туралы астын сызып айтқан мәселесі АллаТра болатын. Осы мәселге де жауап бермесем, Досай мырзаның көңілі күпті болатыны анық. АллаТра Данилов Игорь Михайлович атты кісінің  рухани бірлестік ретінде құрған ұйымы. Бұл Ұйымның түпкі мақсаты халықтың рухын Рухани әлеммен байланыстыру. Қазіргі материалдық дүние соңына кетіп адасқан халықты тура жолға салып, Руханиаттың мәнін халыққа түсіндіру. Материалдық болмыстың жетегінде кетіп, сырты адам болғанымен іші рухсыз хайуанға айналған жандардың болашағы жоқ. Бұл бағыт адам баласын ақырзаманға апарады. Қазіргі әлемде орын алып жатқан табиғи апаттардың бір ғана себебі бар. Ол – адамзат баласының материалдық болмыс жетегінде кетіп, рухсыз биороботқа айналуы. Адам баласы ары қарай өмір сүруін жалғастырғысы келетін болса, онда адам баласы руханиатқа қарай ұмтылуы тиіс. Бұл адамзат баласын келе жатқан ақырзаман апатынан құтқаратын жалғыз жол. Міне, АллаТраның халыққа айтатыны, уағыздайтын осы. Мен олардың арасына барып қайтқаным рас. Мен оны жасырған емеспін. Мен олардың арасына барғанда  көңілге күдік келтірер зәредей жаманшылық көргенім жоқ. Күніне сегіз сағат сабақ болады. Соның төрт сағаты сопылық жолды түсіндіруге арналған. Ал, тыңдаушыларға қарасаң барлық діндердің өкілдері бар. Мақсаттары – Құдайды тану, Рухани әлемге ұласу. АллаТра-ның негізгі ұстанымдары «АллаТра» атты кітапта баяндалған. Мен ол кітапты Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың «Диуани Хикметімен» салыстыра отырып оқыдым. Екі кітаптың да мақсаты адамды Рухани әлемге ұластыру. Сондықтан мен өз басым адам баласына жақсылықтан басқаны айтпай, жамандықтан сақтандырып отырған бұл ұйымнан қазаққа зиян келеді деп ойламаймын. Алайда, мен олардың соңына еріп, солардың бірі болып кеткенім жоқ. Олар жеткен жетістікке Қожа Ахмет Йасауи ілімін қайта қалпына келтіру арқылы қол жеткізуге  болатынына көзім жетті. Бірақ оларға деген ешқандай өкпе ренішім жоқ.  Ал, Данилов Игорь Михайлович 2015 жылы өзін Махдимін деп жариялады. Басқа дін өкілдерін білмеймін, бірақ ислам дінін ұстанушылар тарапынан мойындала қойған жоқ. Себебі, мұсылман халықтарында «имам Махди арабтардан, пайғамбар әулетінен шығу керек» деген түсінік бар. Ол кісі осы түсінікке сай келмеді. Болмаса, ол кісінің Рухани әлеммен байланысы бар болатын. Мен білетін руханиатта жүрген тұлғалар арасында ол кісінің деңгейінде ешкімді көргенім жоқ. Өзінің жетілген шәкірттерімен телепатия арқылы сөйлесе алатын, телепортация жасау да қолынан келетін тұлға. Бір мезгілді бір емес, бірнеше жерде болу сол кісінің ғана қолынан келеді. Өте білімпаз, жаңалыққа жаны құмар және көп жағдайда ғылыми жаңалықтарды қай бағытта жүргізуге болатынын айтып, ескертіп отырады. Мысалы, жасанды интелект туралы мәселе көтеріп, оны алты ай ішінде шәкірттерімен жасап шыққанын АллаТра хабарларынан көрдім. Ол кезде жасанды интелект туралы халық арасында мүлде айтылмайтын. Міне, сондықтан ол кісіден адамзат баласына жақсылықтан басқа келер зиян жоқтығына мен куәлік бере аламын. Ең бастысы ол кісі адам баласын келе жатқан ақырзаман қаупінен сақтандырып, табиғи апаттардың қай бағытта болатынын ескертумен болды. Әлі де ескертіп келеді. Қазіргі күні ол кісінің соңына ерген қанша кісі барлығын білмеймін. Жаңылмасам, 2020 жылы 20 млн. шамасында кісі болатын. Осымен Досай мырзаның Исматулла қари мен Саятқа, Светқалиға, маған артқан кінәларына толық жауап берген сияқтымын. Менің жазған уәждерімнің дұрыс-бұрысын өздеріңіз ақылға салып көрерсіздер. Бұл мақала бір жағынан Досай мырзаның қандай жан екендігін тануларыңызға мүмкіндік береді деген үміттемін. Оның аузынан шыққан «Мен оларға ешқандай жаманшылық ойламаймын. Бірақ оларды қоғамнан аластау керек.» - деген көлгірсіген сөзінің өзі бұл адамның бет-бейнесін толық көрсетіп тұр деп есептеймін. Досай мырзаның шын бет-бейнесін Йасауи бабамыз анық сипаттап берген екен, соны назарларыңызға ұсынынайын:

Қулық қылып, халықты жолдан ұрдың,
Шайхтық қып, көзбоямен өмір сүрдің.
Сайран сап, шайтанменен дәурен сүрдің
Дидарына сені не деп лайық қылсын.

Бейнамаз бен бейтағатқа бермес қуат,
Пыйғылы әлсіз, өзі майыпқа бермес медет.
Ризығы арам, өзі нақұрыс көрмсс дәулет.
Ол дінсіздің ділін не деп таза қылсын.

Мақаланы осы Йасауи бабамыздың Хикмет шумақтарымен аяқтасам да болар еді. Бірақ парсының ұлы ақыны Әбілқасым Фердоусидің Кабулдің шаһы Махмуд ханға жазған мына хатынан бір ауыз сөз қоспасам шала болатын сияқты. Ол кісі былай деген екен:

У тұқымын жерге егіп,
Дән байласа сөгерсе,
Одан тәтті шығар ма?
Бал суынан су берсе.
Жақсы атақты затсыздан
Қайдан шықпақ жақсылық.
Ол бір у-дың тұқымы,
Арылмайды ащылық.

Бұл жолдар Досай мырзаның толық бет-бейнесін ашатын сияқты. Бұл жолдарды тәпсірлеп, ішкі мағынасын түсіндіріп кетуге де болар еді. Алайда, ол кезде үлкен тарихқа баруға тура келетін болғандықтан осымнен шектеліп отырмын. Оқып, дұрыс-бұрысын өздеріңіз айқындарсыздар деген үміттемін.

Зікірия Жандарбек

Abai.kz     

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1961