Бейбітшілік, әділетті қоғам - еліміздің басты байлығы!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының студенттері тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында ашық талқылау өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық санасын арттыру, әлеуметтік әділдікті нығайтуға және бейбіт қоғам құруға бағытталған бастамаларды талқылау.
Талқылау барысында студенттер ТДМ-нің 16-мақсатының қоғам өміріндегімаңыздылығын ашып, бейбітшілік пен әділдікке қол жеткізу жолдарын қарастырды. Әсіресе, жемқорлықты азайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және тиімді басқару жүйесін қалыптастыру мәселелері ерекше назарға алынды. «Бейбіт және әділетті қоғам құру – әрбір азаматтың міндеті. Біз, жастар, өзгерістердің қозғаушы күші ретінде, осы бағытта белсенділік танытуымыз қажет», – деді іс-шараға қатысушы студенттер.
Шарада келесі мәселелер қарастырылды:
- Қоғамдағы әділдік пен бейбітшіліктің орны.
- Тиімді мемлекеттік институттардың маңызы.
- Қазақстанның ТДМ 16 аясындағы жетістіктері мен алдағы міндеттері.
Талқылау барысында студенттер университет ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ, олар жемқорлыққа қарсы күреске арналған әлеуметтік желілерде ақпараттық науқандар жүргізуді ұсынды. Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы тармағы әділдікке, бейбітшілікке және барлық деңгейдегі тиімді институттарды қалыптастыруға бағытталған. Ол қақтығыстарды азайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлықпен күресуді көздейді. Студенттер бейбітшілік пен әділеттіліктің қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті. Олар заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күресу және барлық азаматтардың құқықтарын қорғау қажеттігін баса айтты.
Кездесуде еліміздің бейбітшілік орнатудағы халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ядролық қарудан бас тарту және өңірлік қауіпсіздікке қосқан үлесі талқыланды. Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік басқару саласындағы ашықтықты арттыру және заң жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ұсынды.Шара соңында студенттер ТДМ 16-ның қағидаттарын тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі ретінде қарау қажеттігін атап өтті. Олар бейбіт және әділетті қоғам құруда жастардың белсенділігі шешуші рөл атқаратынын айтты.
Қатысушылар бейбітшілік пен тұрақылыққа жетудің басты шарттарын атап өтті. Олар әділ сот жүйесін нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, азаматтардың құқықтарын қорғау және еркіндік деңгейін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Талқылау барысында студенттер бейбіт қоғам құрудың маңыздылығын, әділдіктің қоғамдағы рөлін, сондай-ақ тиімді басқару институттарының тұрақты даму үшін қаншалықты маңызды екенін талдап өтті. Кафедра студенттерінің осындай талқылаулары олардың жаһандық мәселелерге бей-жай қарамайтынын және ел дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті.
Кегембаева Ж.А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры,з.ғ.д
Abai.kz