Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 1033 0 пікір 12 Желтоқсан, 2024 сағат 13:24

Түркиядағы сириялықтар өз еліне ағыла бастады

Сурет: elaphjournal.com сайтынан алынды.

Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлатылған соң Түркиядағы сириялық босқындар еліне жаппай қайта бастады. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды.

Халықтың кедергісіз өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше шекара бекеті қайта ашылды. Түркия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есеге дейін өскен.

Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 млн-нан асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2415
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4079