Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Қылмыс 847 1 пікір 16 Желтоқсан, 2024 сағат 18:43

АҚШ визасын алмақ болған студент алаяққа алданды

Сурет: istockphoto.com

Семейде АҚШ визасын  алмақшы болған студент алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

«21 жастағы төртінші курс студенті полицияға шағымданып, биыл көктемде «америкалық арманын» жүзеге асырмақ болған кезде алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты. Жас жігіттің айтуынша, оған ер адам АҚШ визасын рәсімдеуге көмектесуді ұсынған. Ол бұл қызметі үшін 199 300 теңге сұрап, студент бұл соманы толық көлемде аударған. Алайда ақшаны алған соң «көмекші» байланысқа шықпай, студентті түксіз қалдырған», — деп жазылған материалда.

Абай облыстық полиция департаментінің жедел жұмысының арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Растайтын құжаттар мен лицензиялары жоқ, қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеңіздер. Виза рәсімдеуге көмек көрсететін компаниялар мен жеке тұлғалардың беделін мұқият тексеріңіздер. Алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Бұл мәселені жедел шешуге және осындай жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», — деп ескертті Абай облыстық полиция департаменті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963