Дүйсенбі, 3 Ақпан 2025
46 - сөз 184 4 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 12:59

«Бесбармақ» емес, «Асым ет» болсын!

Сурет: serke.org сайтынан алынды.

Осы бір сырттан таңылған тағам аты көп қазақты ашуландырады.

Көбі оған «Қазақша ет» деген атау ұсынып жатады...

Әрине, ол орысшадағы «Мясо по-казахский» дегеннің төте аудармасы екені бәрімізге белгілі.

Бірақ, қазақы ортада «қазақша ет» болуы мүмкін емес.

Одан басқа «ет» болса бірсәрі - жоқ қой!

Ендеше, қазақы орта да көкек сияқты «өз атын шақырып», өз тағамын «қазақша» демейді ғой...

Сондықтан, мен осыған жаңа атау ұсынамын:

Ол - АСЫМ ЕТ.

Себебі, қазақта «бір асым ет» ұғымы бар. Яғни, «қазанға салып, пісірілетін ет мөлшері» деген мағынада.

Олай болса, осы тіркестен «асым» дегенді бөліп алып, асқан етке АСЫМ ЕТ деген атау беріп, оны «бешбармақ» орнына неге қолданбаймыз:

«АСЫМ ЕТ», "ASYM ET»

Құлаққа жағымды, Халықаралық атауға ыңғайлы.

Мысалы, «Ас мәзірі» тізімінде

1.Асым ет

2.Қуырдақ

3.Бауырсақ

және т.т.

Ұсыныс иесі Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

4 пікір