Алматы метросында төбелес болды
![](https://abai.kz/content/uploads/2025/02/Almatymetro2.jpg)
Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі қатты соққы алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
"Жанжалдың басы ер адамның жолаушылардың бірінен сөмкесін шешіп, айналасындағыларға кедергі жасамауын айтқанынан басталған. Алайда жолаушы бұл ұсыныстан бас тартқан, ұрыстың арты төбелеске ұласқан. Жанжалға қатысушылардың бірі қатты жарақат алды", - делінген видеода.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Алматы қалалық полиция департаменті қазіргі таңда Метрополитенде тексеру жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысушылар анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Abai.kz