Бейсенбі, 13 Ақпан 2025
Жаңалықтар 264 11 пікір 13 Ақпан, 2025 сағат 15:52

Трамп Зеленскийді Путинге жығып берді ме?

Сурет: Егемен Қазақстаннан алынды

"Президент болсам Украина-Ресей соғысын 24 сағатта тоқтатам" деген уәдесі әлі орындалмаған Трамптың Кремль қожайыны Путинмен екі сағатқа жуық сөйлескені, екеуара әңгімені "ұзақ әрі түбегейлі" деп бағалаған мәлімдемесі Еуропаны дүр сілкіндірді. Кәрі құрлық басшылары, Франция, Испания, Германия Сытрқы істе министрлері сәрсенбі күні Паржде Еуропа мен Киев тараптың қатысуынсыз өткен келіссөзден оңды нәтиже күтудің артық екенін мәлімдеді. Трамппен сөйлескен Зеленскийдің "біз бейбітшілік орнату мүмкіндігін, ресеймен келіссөздер өткізудің алғашқы қадамдарын талқыладық" дегеніне қарамай қатқыл мәлімдемелер жасауда.

Франция Сыртқы істер басшысы Барро: "Украинаны тәркі ету, тізе бүгуге мәжбүрлеу, күштілер әлсізді жұтатын жабайы табиғат заңдылығына ұқсайды. Әлемдегі диктаторлар мен күштілерге әлсіз көршілеріңді жұта бер, жауапкершілікке тартылмайсың дегенмен бірдей" -  дейді.

Ал 2012-2014 жылдар аралығында Американың реейдегі елшісі болған Майкл МакВелл мырза: "Не үшін Трамп командасы келісімге бармай тұрып Путинге сыйлық ұсынады? Мен олармен келіссөздер жасасқам. Оларға алдын ала ештеңені емеурінмен болса да беруге болмайды" деп жазады.

Оның меңзеп отырғаны АҚШ Қорғаныс министрі Кегсеттің кеше Трамптың Путинмен сөйлесуінің алдында өткен Украинаның қауіпсіздігі талқыланған жиында "2014-жылдың алдындағы шекараны қалпына келтіру қиын екендігі, НАТО-ның украинаның қауіпсіздігіне кепіл қола алмайтыны" жайында айтқан сөздері екені әбден түсінікті. Еуроодақ басшылары да оның сөзіне қарап Трамптың Путинмен келісімінің астарында не жатқанын бағамдап отыр.

Бұрын  келіссөздер туралы сұраққа екі ұшты жауап беретін Песков та "Трамп Путинді Ақ үйге шақырды, біз де шақырдық" деп желпініп отыр. Трамптың Путинге Халықаралық іздеу жариялаған Гага сотын "заңсыз ұйым" деп сынға алғаны тегін емес сияқты.

Трамп пен Путинның украина тарапқа қоятын келісім-шарты жұма күні басталатын Мюнхен қауіпсіздік жиынында таныстырылуы мүмкін екен.

Зеленскийдің Орыс тарабымен рақайласудың басты талабы ретінде орыс әскерінің жаулап алған жерлерінен бүкілдей шығып кетуі екенін әлде неше рет қадап айтқан еді. Ол талаптар орындала ма, жақында белгілі болады.

Abai.kz

 

11 пікір