Саакашвили: «Зеленский - қазіргі заманның Черчиллі»

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили «Гордон» интернет басылымына берген сұхбатында досы - АҚШ президенті Трамптың саясаты туралы айтып, Украина президенті Зеленскийді Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилльмен салыстырып, Украина неліктен Америка президентімен диалог жүргізуі керек екенін түсіндірді.
Саакашвили: «Мен президент Трамппен дос болдым және доспын. Ол бір кездері мен сыбайлас жемқорлықпен күрескенде, бірінші болып әлемдегі реформалар үшін, бүкіл әлем үшін бел шеше күресемін деген болатын», - дей келе, Трампты – «өте ақылды адам, сонымен қатар мүлдем жынды емес. Яғни, оның өзіндік стилі, өз жолы бар», - деп сипаттады.
Михаил Саакашвили:
– Ол шынымен де бұл соғысты тоқтатқысы келеді, бірақ екінші жағынан, біздің заманымыздың нағыз Черчиллі бар – ол президент Зеленский!
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Черчилль алғашында Америка Құрама Штаттарының сол кездегі президенті Франклин Рузвельтпен өт күрделі келіссөздер жүргізгенін еске салғым келеді. Ол Рузвельтті Гитлерге қарсы коалицияға көмектесуге сендіру үшін бір жарым жылдай уақыт жұмсады. Әрине, ол АҚШ-та көптеген адамдарды тітіркендірді, бірақ антигитлерлік коалиция жұмыс істеді. Бізге әдістемелік диалог қажет екеніне сенімдімін. Біз барлығымен сөйлесуіміз керек, әлем Украина жағында болады. Кез келген жағдайда Украина жеңеді. Мен АҚШ та, Еуропа да Украинаның жағында болатынына сенімдімін.
Мен Украинаның болашағына сенемін бе? Мен әбден қартайдым. Мен өз өмірімде дәуірлердің өзгеруін және түбегейлі әртүрлі циклдарды көрдім. Мен түсінген ең басты түйін, сіз ешқашан берілмеуіңіз керек.
Жекпе-жектен бас тартуға болмайды. Әйтпесе, бұл жеке адам үшін де, мемлекет үшін де өлім. Шығудың бір ғана жолы бар – ол күрес. Әрқашан шығар жол табуға болады, бірақ бас тартқанда ондай мүмкіндік қалмайды.
Достар, бұл өте қиын кезең, бірақ мен бәріміз үшін жақсы болады деп ойлаймын. Әдістемелік түрде жұмыс істеу керек. Мен тағы да айтамын – Трамп өте ақылды адам, бірақ украиндық мүдделер бар.
Ал 2012 жылы Ресей менің партиямды биліктен алып, ресейшіл элементтерді әкелу үшін сайлауда дәл осылай жасады. Мен украин халқының тәуелсіздікке, бостандыққа жету жолын қолдайтынына және президентті қолдайтынына сенімдімін, бұл әртүрлі сауалнамаларға сәйкес келеді.
Бірақ біздің басқа одақтастарымыз жоқ. Біз АҚШ-пен жұмыс істеуіміз керек, президент Трамппен жұмыс істеуіміз керек, бір-бірімізді тыңдап, алға жылжуымыз керек. Бізде басқа балама жоқ!
Еске салайық, Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті қызметін атқарған. 1992 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің халықаралық қатынастар институтының халықаралық құқық факультетін үздік бітірді.
2015–2016 жылдары Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы және Украина президентінің кеңесшісі болды. 2015 жылы 26 мамырда Украина азаматтығын алды. Грузияда Саакашвилиге қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды, ол билігін асыра пайдаланды және саяси қарсыластарын қудалады деген күдікке ілінді.
Тіпті Грузияға оралғанға дейін ол алты жылға сырттай сотталды. Саакашвилидің өзі қылмыстық істердің саяси астары бар деп қарайды. 2021 жылдың 1 қазанында Саакашвили Грузияға оралғанын хабарлады. Сол күні саясаткер ұсталып, қамауға алынды.
Грузия прокуратурасы оның үстінен шекараны заңсыз кесіп өткені үшін тағы бір қылмыстық іс қозғады. Саакашвили қамауда болған кезде бірнеше рет аштық жариялаған. 2022 жылдың мамыр айында ол Тибилисидегі «Вивамед» азаматтық клиникасына тексеруге жіберілді, ол осы күнге дейін сол жерде.
Саакашвилиге 2023 жылдың 2 сәуірінде барған медициналық комиссия оның денсаулығының нашарлағанын хабарлады. 19 ақпандағы бұрынғы сапарымен салыстырғанда бұрынғы президент тағы 4 келіге арықтап, салмағы шамамен 60 келіге түскен.
3 мамырда Саакашвили есінен танып, ажалдан аман қалғанын хабарлады. 2023 жылдың 3 шілдесінде Саакашвили бірнеше айдан кейін алғаш рет сот отырысына қашықтан қатысты. Саясаткер айтарлықтай арықтап, аурушаң болып көрінді. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Саакашвилидің жағдайы грузин билігі оны өлімге айдағысы келеді деген алаңдаушылық туғызатынын айтты.
Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті
Abai.kz