Жұма, 14 Наурыз 2025
Қылмыс 171 0 пікір 14 Наурыз, 2025 сағат 17:36

Бас прокуратура: Темір жол желісін заңсыз иемденген

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Сот «Каскор-Транссервис» АҚ-на магистральдық ТЖ желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді.

Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену фактісін анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек.

Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14.03.2025 жылғы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Бұл шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады және мемлекеттің темір жол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік береді.

Abai.kz

0 пікір