Сейсенбі, 18 Наурыз 2025
Аймақ 271 0 пікір 17 Наурыз, 2025 сағат 17:09

Наурыздағы қоныс той: Қарағанды облысында жүздеген отбасы пәтер алды

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер алады.

Алғашқы отбасылар өз үйлеріне қоныстанды, барлығы 389 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алады.

Балқашта «Наурызнама» онкүндігінің қайырымдылық күні аясында 15 жаңа пәтер көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүгедек адамдарға берілді.

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Саран қаласында 110 отбасы жана пәтер кілттерін алды. Олардың ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Бұл пәтерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан сатып алынды.

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

— Наурыз айында жақсылықпен бөлісу, сыйлықтар жасау әдетке айналған. Мұндай мереке қарсаңында пәтердің кілттерін алғанымыз біз үшін үлкен бақыт, - дейді Саран қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Саликова Мөлдір.

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру алдағы күндері де жалғасады. 19 наурызда Қарағандыда 180 отбасы қоныс тойын тойлап, 20 наурызда Бұқар Жырау ауданының Доскөй кентінде 60 отбасыға пәтер кілттері тапсырылады, ал 21 наурызда тағы 24 отбасы Нұра ауданында жаңа тұрғын үй иегері болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің сайты

Abai.kz

0 пікір