Наурыз мерекесі туралы 180 мың видео: TikTok онлайн-фестивальдің қорытындысын жариялады

- TikTok #Наурыз2025 үшінші жыл сайынғы мерекелік онлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды. Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнан астам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп келе жатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсірген.
- Биылғы онлайн-фестиваль серіктестер саны жөнінен де рекорд орнатты. Олар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы.
- Онлайн-фестивальге сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 Жоғары оқу орны қатысты.
Қысқа видеолар жасауға арналған TikTok бірегей платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның бай мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүр көркемдігін бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік беріп келеді. Осындай бастамалардың бірі, TikTok-та үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан – Наурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Платформаның Қазақстандағы мыңдаған қолданушылары көктемнің ең жарқын мерекесін жұмыла атап өттіі.
#Наурыз2025 TikTok-та
Биылғы онлайн-фестивалді TikTok қолданушылары қызу қолдады: небәрі екі апта ішінде олар #Наурыз2025 хэштегімен 25 мыңнан астам видео жариялады. Платформа қолданушылары Наурыз мерекесі туралы жан-жақты баяндады: мерекедегі дәстүрлер мен оның шығу тарихы, ұлттық тағамдар әзірлеу әдісін бөлісіп, ән әуелеп, би шалықтаған мерекелік шаралардан репортаж түсіріп - төл мәдениеттің көркем бейнесін айшықтай түсті.
Ресми серіктестерден бөлек, жобаны TikTok-тағы танымал креатрлар онтент да қолдады. Дарынды домбырашы Жақсы @zhakso_ "Қамажай" әнін ерекше өңдеп орындады, ал @ult_kazynasy білім беру жобасына қатысушылар Наурыз мерекесіне қатысты қызықты деректерді бөлісті. Аспаздық контент жасайтын креатор Сания @saniya_sagiimbaeva керемет безендірілген ұлттық тағамдар әзірлесе, саяхатшы креатор Асет @travelove100 қолданушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, TikTok алғаш рет елдің ірі қалалары: Астана, Алматы және Шымкенттегі мерекелік іс-шаралар өткен алаңдарда арнайы интерактив орындар әзірледі. Бұл орындар осы қалалардағы мыңдаған тұрғындары мен қонақтардың көзайымына айналды.
Мерекелік дастархан
Тамақ - фестивальдің басты тақырыптарының бірі болды. Қолданушылар қонақтарға жайылған дастарханды көрсетіп, наурыз-көже, қуырдақ және түрлі тәттілердің дайындалу жолын көрсетті. Нағыз аспаздар сайысына қатысып, Қазақстандағы түрлі аспаздық мәдениетті қалай ұштастыруға болатыны туралы әзілдесті. Сондай-ақ ұлттық тағам ұсынатын мекемелерге шолу жасап, әралуан тконтент ұсынды.

Сурет: TikTok онлайн-фестивальінен.
Ұлттық музыка және би
Мереке кезінде TikTok-та ұлттық әуендер әуеледі. Домбыра трендке айналды: домбырада шебер ойнайтын қолданушылар өнерін паш етіп, дәстүрлі және заманауи туындыларға кавер тартты. Сондай-ақ ұлттық киім киіп, би билеу де TikTok лентасын жаулады. Әсіресе Сая Махамбеттің "Қазағымсың" әніне билеу – жеке трендке айналды. Қолданушылар бұл әнге үйде, достарымен, отбасымен бірге билеп, тіпті әнді скрипкамен де сүйемелдеп көрді.
Заманауи және дәстүрлі сән өнерінің үйлесімі
Фестивальдің ең елеулі тренді - ұлттық сән өнеріне және оны қазір заманға бейімдеуге деген айнымас қызығушылық болды. Қолданушылар ұлттық киімдерді жаңғыртып, заманға сай интерпретацияда ұсынды. Тіпті олар мереке күні беттеріне ою-өрнектермен макияж жасап, ұрпақтар жалғастығы мен мәдени мұраға осылай да құрмет көрсетті.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі TikTok платформасының жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін өткізу бастамасын құптайды. Бұл бастама ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қадың көпшілікке, әсіресе жастарға насихаттауға ықпал етеді. Біз цифрлық платформалардың материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Наурыздың тарихына, мерекелік дәстүрлерге шынайы қызығушылық танытқан қазақстандық қолданушылардың белсенділігі ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтауға деген заманға сай ұмтылысты көрсетеді. Мұндай бастамалар елдің мәдени тұтастығын нығайтып, креативті индустрияның дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», деп атап өтті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мерекелік іс-шаралар
TikTok платформасы Астанадан Шымкентке, Ақтаудан Алматыға дейін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалар мен ауылдарда өткен мерекелік іс-шаралардан түсірілген жарқын көріністерге толды. Көктемнің ең көркем мерекесін атап өту үшін миллиондаған адам көшеге шығып, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі ойын-сауық шараларына қатысып, мерекелік көңіл күйлерін TikTok - та бөлісті. Рекорд та тіркелді: Көкшетауда 1600 әйел кимешек киіп, әсерлі шеру өткізді. Ал Ақтауда 5 мыңнан астам адам ұлттық киіммен Каспий теңізінің жағалауына жиналып, салт-дәстүрге деген құрметті паш етті.
Студенттердің шығармашылығы
Биыл – қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ерекше белсенділік танытты. Олар ұлттық киім киіп, қойылымдарға қатысып, дастархан жайып, ЖОО қабырғасында Наурыз қалай тойланатынын көрсетті. Жалпы, #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты. Мысалы, Almaty Management University-де ұлттық киім үлгілері көрсетілсе, Narxoz University студенттері би трендіне қосылды, Nazarbayev University-де домбырамен күй шертті, ал ZhanibekovUniversity студенттері мерекелік шаралардың видеоларын бөлісті.
«Қазақстандық жоғары оқу орындарының #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне қатысуы – заманауи цифрлық платформалардың білім беру үрдісін тиімді түрде толықтыра отырып, студенттердің мәдени мұраны сақтау мен насихаттауына атсалыса алатынын көрсетті. Жастардың ұлт дәстүріні креатив, музыка, сән және өнер арқылы зор шабытпен паш етуі бізді қуантады – бұл зердері әрі мәдени тұрғыда орныққан тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім, шығармашылық пен ұлттық құндылықтарды ұштастыратын осындай бастамаларды министрлік алдағы уақытта да қолдай бермек», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова.
Өнер мен дәстүр
TikTok-тағы суретшілер мен қолөнер шеберлері өз шығармаларын Наурыз мерекесіне арнады. Қазақ мәдениетінен шабыт алған біріп оны картинаға айналдырса, тағы бірі кілемге сурет салып, тіпті бірі қолдан шағын киіз үй де жасап көрсетті.
Наурыз – отбасылық мереке ретінде
TikTok қолданушылары сүйікті мерекені отбасымен бірге қалай атап өтетінін бөлісті, ал тағы бірі үшін бұл – алғашқы Наурыз тойы болды. Мерекеге дәрігерлер, кеңсе қызметкерлері, полиция өкілдері сияқты түрлі кәсіп иелері де белсене атсалысты. Тіпті үй жануарлары да атсалысты.
«Бүгінде біз шетелдік туристердің қазақ мәдениетіне, асханасына, салт-дәстүрі мен өмір салтына деген ұдайы қызығушылығын байқап отырмыз. Саяхатшылар көбіне-көп терең де мағыналы дүниелер іздейді — олар нағыз ұлттық мұраны танып-білгісі келеді. Осы тұрғыда жастарға және жалпы қоғамға қазақтың бай дәстүрін заманауи цифрлық платформалар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін бастамалардың рөлі ерекше. Бұл процеске жастардың белсенді түрде араласуы - аса маңызды», — деді Kazakh Tourism басшысы Қайрат Садвақасов.
«Соңғы үш жылда Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізуге үлес қосқанымызды мақтан етеміз. Осы уақыт аралығында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қолданушылар ұлттық мерекеге орай 180 мыңға жуық бейнеролик түсіріп, өздерін осынау ірі мәдени шараның бір бөлшегі сезініп, өз халқының мәдение мұрасын бір-біріне ғана емес, бүкіл әлемдегі TikTok қолданушыларына паш ете алды. Мұндай нәтиже бізге зор шабыт сыйлады және біз Қазақстанның ұлттық мәдениетімен қатар, еліміздің бүкіл өңіріндегі қолданушылардың шығармашылық рухына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз»- деп атап өтті TikTok-тың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлімінің басшысы Мелис Чаглар
TikTok туралы
TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.
Abai.kz