Қазақстандағы ресейлік компаниялар саны қанша?

2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда шетелдік үлесі бар 71 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген.
Сыртқы істер министрлігі шетелдік кәсіпорындардың құрылымы мен белсенділігі туралы мынадай мәлімет ұсынды:
Шетелдік капиталдың қатысуымен тіркелген кәсіпорын саны – 59 537;
• Оның 44 995-і нақты жұмыс істеп тұр;
• Бірлескен меншік нысанында – 11 708 кәсіпорын;
• Олардың 8 723-і белсенді жұмыс істейді.
Министрліктің дерегінше, шетелдік қатысумен тіркелген компаниялардың географиясы кең болғанымен, белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көп үлесі мына мемлекеттерге тиесілі:
Ресей Федерациясы– 42%;
Өзбекстан – 9%;
Қытай – 8%;
Түркия – 7%.
Abai.kz