Жексенбі, 27 Сәуір 2025
Аймақ 2197 0 пікір 26 Сәуір, 2025 сағат 16:39

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында көгалдандыру жалғасуда

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Шахтинскіде табиғатқа жанашыр тұрғындардың күшімен «жасыл белдеу» құрылды. Ағаш егуге ересектер мен балалар шықты. Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі аллеяға 300 қарағаш пен қарағай көшеттері отырғызылды. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Экологиялық сенбіліктің жас қатысушысы Толғанайдың ұсынысымен кейбір ағаштарға атау берілді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Шахтинск қаласында ағаш егуге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Аймақ басшысы өз қаласын жасылдандырып, көркейтуге деген ұмтылысы үшін тұрғындарға алғысын білдірді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

–  Бүгін жалпыреспубликалық сенбілік өтіп жатыр. Шахтинскіде де тұрғындар тазалау жұмыстарына шықты. Сондай-ақ ағаш егу жүріп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы – жақсы идея. Адамдар қолдайды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Көгалдандыру үшін өңірдің климатына барынша бейімделген ағаштардың түрлері таңдалған. Жасыл желектерге күтім жасалады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

– Бүгін біз ағаш егуді жалғастырудамыз. Көшеттер Қарағанды тәлімбағынан әкелінді. Қарағай немесе кәдімгі қарағаш отырғызамыз. Оның көшеттері жақсы жкрсінеді. Жеңістің 40 жылдығы көшесінің аллеясына ағаш егеміз. Өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тротуар төселді, ал биыл ағаш егуді жоспарлап отырмыз, – дейді Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Арман Саттыбаев.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Толғанай сенбілікке ата-анасымен келді. Ол өзінің алғашқы ағашын – жас терек екті. Оған «Үміт» деген ат беріп, суаруға, күтуге келуге уәде берді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Оның әрекетінен басқалар да шабыт алып, өз көшеттеріне ат қоя бастады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Осы күні Шахтинскіде басқа да экологиялық акциялар өтті. Сенбілікте ескерткіштердің жанындағы аумақтар ретке келтірілді. Еріктілер жалғыз басты қарттардың аулаларын тазартуға көмектесті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Көктемгі екі айлық басталғалы Шахтинск өңірінде 1700-ден астам ағаш егіліп, 300 га аумақ жиналып, 400 тонна қоқыс шығарылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Экологиялық сенбіліктер облыс бойынша өтті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Облыс орталығында Абай көшесіндегі саябақ көгалдандырылады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бір күнде мұнда 500-ден астам ағаш пен бұта егілді: қарағаш, қарағай, шегіршін, мамыргүл және қараған.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Экобелсенділердің бастамасымен жаңа емхана маңындағы Көгілдір тоғандар саябағы көгалдандырылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Ағаш егуден басқа, ресурс үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, өсімдіктерді күту бойынша шеберлік сабағы өтті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

– Егілген әрбір ағаш – балаларымыздың болашағына қосқан үлесі. Мұндай акциялар табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастырады. Тек бірге ғана біз экологиялық жағдайды жақсарта аламыз, – деп атап өтті «ЭкоОбраз» қоғамдық бірлестігінің директоры Светлана Былинская.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Теміртауда «Таза Қазақстан» акциясын Қарағанды индустриалды университетінің қызметкерлері мен оқытушылары қолдады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

ЖОО аумағында қайың ағаштары егілді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2292
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5204
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4492