Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Туризм 187 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 19:33

Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Қазақстан араб елдерінің туристік нарығында өз орнын нықтап келеді. 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Дубайда өтіп жатқан Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде еліміздің туристік әлеуетін 30-ға жуық компания таныстырып жатыр.

Ауданы 73,5 шаршы метр болатын ұлттық стендте Алматы, Астана және Байқоңыр бағыттары ерекше көрсетілді. Көрмеге келушілерге мәдени және гастрономиялық турлардан бастап ғылыми-танымдық бағыттарға дейін түрлі туристік өнімдер ұсынылуда. Іс-шара шетелдік туроператорлармен, туристік және әуе компанияларымен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылы бес араб елінен келген туристер саны 62%-ға өсті. Оманнан келгендер саны 80%-ға артып, 15 мыңнан асты. Біріккен Араб Әмірліктерінен келген туристер 40%-ға көбейіп, 14,7 мың адамға жетті. Сауд Арабиясынан 9 мыңнан астам турист келген (өсім — 47%), ал Қатардан келгендер саны 1,5 есеге, Бахрейннен келгендер саны 4 есеге артқан.

Туристер ағынының ұлғаюына БАӘ азаматтары үшін енгізілген визасыз режим, ірі қалалар арасындағы тұрақты әуе рейстері және халықаралық көрмелерге белсенді қатысу ықпал етті. Бұл шаралар Қазақстанның саяхат үшін тартымды бағыт ретіндегі имиджін күшейтіп отыр.

Айта кетсек, 2023 жылы TravelScapes басылымы Қазақстанды Таяу Шығыс саяхатшылары үшін ең үздік бағыттардың бірі деп таныған болатын. Биыл Ораза айт мерекесінде Қазақстан араб елдерінен келген туристер үшін ең танымал бағыттардың қатарынан көрінді.

Arabian Travel Market — әлемдегі туризм саласындағы ең беделді іс-шаралардың бірі. Биыл 32-рет ұйымдастырылған көрме «Жаһандық саяхаттар: байланысты нығайту арқылы болашақ туризмді дамыту» тақырыбында өтіп жатыр. Іс-шараға әлемнің 161 елінен 2 800-ден астам компания қатысуда. Көрмені 55 мыңға жуық адам тамашалайды деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2538
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5459
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4761