Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Дидар-ғайып 214 0 пікір 30 Сәуір, 2025 сағат 14:20

Қазақ әдебиетінде қаралы күн

Сурет: anatili.kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Бүгін белгілі жазушы ағамыз Эрнест Төреханов өмірден озды.

Мен ағамен бірнеше жыл «Ұлы дала тынысы» газетінде қанаттасы, серіктесі болып жанында жүрдім. Қазақтың кең жүректі, батыр тұлғалы, парасатты азаматы еді. Оның көптеген кітаптары, әңгімелері оқырмандар талабынан шығып, көп оқылушы еді. Әсіресе, «Ескендір мен Роксана» атты тарихи романы Ескендір Зұлқарнайынның Азия жорығын мүлде басқа қырынан көрсеткен, Ескендірдің жауынгерлігі мен прототүркі елінің жауынгер қағандарының тең дәрежедегі мәрттігін паш еткен соны туынды болды.

Әрине, Эрнест Төреханов адал азамат ретінде мемлекеттегі әділетсіздікті көп сынады. Сол үшін де ол шетқақпайлықты көп көрді. Мемлекеттік сыйлыққа ұссынылған, шет елде мойындалған туындысын тізімнен алып тастады. Соған қарамастан, ол «Алматыда күн ашық» кітабын жазды...

Болашақта шуақты күндер боларына сенді...

Бүгін ағаның шуағы сөнді...

Енді, «Жатқан жеріңіз жарық болсын, аға!» деуден басқа амалымыз жоқ.

Төменде, Ресейде шыққан кітабындағы аннотацияны қаз қалпында беріп отырмыз:

О чем книга «Александр и Роксана»

Эпический роман, написанный Эрнестом Торехановым, классиком казахстанской литературы. В романе захватывающе описывается история любви и жизни Александра Македонского и степной принцессы Роксаны. Книга является одним из лучших образцов казахстанской литературы, соединяющей в себе богатый литературный язык, а также захватывающую историю любви и жизни, описанные с максимально подробными историческими деталями.

Эрнест Төреханов - 1943 жылы 12 қарашада Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында туған. 1960 – 62 жж. «Алматы жилстрой» тресінде құрылысшы болып жұмыс істеген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филология факультетіне түскен. 1963 – 66 жж. әскер қатарында болды. Одан оралған соң оқуын сырттай жалғастырып, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған. Маңғышлақ, Торғай облыстары ашылғанда өз еркімен Маңғыстауға қоныс аударып, мұнайшылар мен кеншілер (уран кеншілері) өмірімен жете танысты. Ұзақ жылдар «Жазушы», «Жалын» баспаларында, «Қазақфильм» кино-студиясында жұмыс істеді. «Наука и высшая школа Казахстана» газетінің бас редакторы болған. 1990 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ Жарық» – «Белый Свет» атты газетінің бас редакторы, «Ұлы дала» газетінің бас редакторы болды.Алғашқы кітабы «Хантәңірі» (әңгімелер) 1978 жарыққа шықты. Одан соң «Алтын шеңбер» (1982, повестер мен әңгімелер), «Таудан түскен із» (1983, повестер), «Ер кезегі» (1984, роман және повесть), «Алыстағы ақ қала» (1987, роман), «Ескендір мен Роксана» (роман), «Алматыда күн ашық» (2009) кітаптары жарық көрді.1982 жылы «Таудан түскен із» повесі республикалық жастар конкурсының («Жалын») жеңімпазы атанды. «Алыстағы ақ қала» романы үшін Мұхтар Әуезов атындағы сыйлыққа ие болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақ тілі» қоғамының «Қазақ тілінің қаһарманы» алтын медалімен марапатталған.

Әбдірашит Бәкірұлы,

«Қазақ әлемі» РҚБ мүшесі, Философ‑публицист

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2582
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5489
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4813