Алматы кітапханалар жүйесі мен Жетісу комьюнити орталығы Меморандумға қол қойды

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Жетісу комьюнити орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум Жетісу аудандық комьюнити орталығының директоры Кеңесов Әкежан Бақытұлы мен Жамбыл атындағы қалалық кітапхананың директоры Жолдасов Аян Темірбекұлының қатысуымен өтті.
Келісім аясында тараптар инклюзивті қоғам құруға, жастардың мәдени, білімдік және әлеуметтік дамуына жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды бірлесе жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ынтымақтастықты нығайту үшін біріккен семинарлар, дөңгелек үстелдер, жастар форумдары, кітап көрмелері мен әдеби кештер секілді түрлі мәдени-білім беру шаралары өткізілетін болады.
Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін арнайы бейімделген оқулар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл бастама — мәдениет пен білім саласындағы серіктестікті дамытудың жарқын үлгісі болып табылады.
Abai.kz