Сенбі, 24 Мамыр 2025
Анық-қанығы 505 0 пікір 23 Мамыр, 2025 сағат 13:27

Еврейлерге қарсылық қайта жанданды

Сурет: 5.ua сайтынан алынды.

Трамп екінші президенттік мерзімін бастаған 20-шы қаңтарда ХАМАС пен Израиль атысты уақытша тоқтатып, тұтқын алмасуды бастаған еді. Артынан Нетанияху алғашқы шетелдік қонақ ретінде Ақ үйге ат басын тіреп, сол жолы Трамп әлем елдерінің наразылығын тудырған палестиналықтарды күштеп көрші араб елдеріне көшіріп, «Газаны жұмаққа айналдыру» жоспарын жариялады.

Мамырдың басында Изариль әскері Газаны қайтадан соққының астына алды. Аймақты қайтадан тұмшалады. Газа тұрғындары қайтадан аштық пен соғыс құрбанына айналды. Әлем елдерінің ерекше назарын аударды. Англия, Франция, Канада басшылары Израиль билігінің шектен шыққанын ескертіп, қатаң шаралар қабылдайтынын ескертті.

Мамырдың 21-күні Германия, Испания, Ресей, Қытай қатарлы 31 мемлекеттің елшілік өкілдері Иордания өзенінің батыс жағалауындағы Женин қаласына тексеруге барғанда одан бір күн бұрын кірген азық-түлік тиеген жүк көліктерінің қаңтарылып тұрғанын, тіршілік нәрінің қорғансыз халыққа мүлде таратылмағанын көрген. Еврей әскері оларға ескерту оқ атып, сес көрсеткен. Артынан «шектелген аумаққа енді» деп ақталған.

Нетанияху жендеттерінің дипломаттарға оқ жаудырған астамшылығын жоғардағы мемлекеттермен қатар халықаралық қауымдастықтар қатаң айыптады. Әлем елдерінің Трамп билікке келгелі бәсеңсіген Еврейлерге қарсы наразылығын қайта тұтатты. Кеше басқа емес Америкада Ню-Йоркте Израилдың АҚШ-тағы елшілігінің екі қызметкерін АҚШ Федаралды мекемесінің алдында атып кетті. Қылмыскер қолға түсер алдында «Палестина жасасын» деп айқайлаған.

АҚШ президенті бұл қылмысты айыптап: «Америкада терроризм мен нәсілшілдікке жол жоқ» деді. Ол бір ай бұрын Гарвард университеті басшылығын студенттер арасындағы Палестинаны қолдап, Еврейлерге қарсы ереуілге шығу қозғалысына астыртын жол берді деп айыптап, айғақтарды тапсыруын, болмаса жазалайтынын ескерткен еді. Гарвард оның өзін сотқа беріп, кешегі шығарған «72 сағатта айтқанымды орындамасаң, шетелден студент қабылдау құқынан айырамын» деген құқайын да пысқырған жоқ.

Көзі қанталаған Нетанияху болса ХАМАС қаруын тапсырмайынша, биліктен кетпейінше соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ол ХАМАС әскери қолбасшысы Яхия Әл-Синуардың орынын басқан бауыры Мұхаммет Әл-Синуардың Еврей әскерінің шабуылынан бір жерде өліп жатқанына бек сенімді.

Айта кетейік Трамп жақында ғана Парсы шығанағындағы үш бай араб еліне сапарлай барып құны 3 трилион доллардан астам келісім шартқа қол қойып қайтқан еді. Орта шығыстағы Американың ең жақын одақтасы саналатын Израильге барған жоқ. Саяси сарапшылар соған қарап екі ел қатынасына сызат түскенін болжаған еді. Нетанияху оны мойындамады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2841
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4572