Ерлан Саиров. «Тұлға. Саясатшы. Ұлттық көшбасшы»
Жақында саясат ғылымдарының докторы, «Нұр Отан» ХДП бірінші орынбасары Дархан Калетаевтың «Қазақстан - болашаққа ұмтылған ел. Ұлттық көшбасшының факторы» атты кітабы жарық көрді.
Қазіргі таңда Елбасының қызметі мен өмірі жайлы кітаптармен біреулерді таң қалдыру әрине қиын. Алайда, аталған кітаптың жөні бөлек. Себебі бұл кітап ғылыми құндылығымен қатар, қазіргі заманғы саяси көшбасының жаңа феноменін ашып отыр.
Автор үлкен фактологиялық материалдар негізінде, осы феноменді толықтай аша отырып, Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ірі масштабтағы тұлға екендігін әйгілеп қана қоймай, Елбасын Қазақстанды Қазақстан еткен, қазақтарды саяси ұлт жасаушы тұлға ретінде толайым көрсете білген.
Осы уақытқа дейін Президент жөнінде көптеген авторлар жазды.Олар да Президенттің сан-салалы қызметін жан-жақты қырын аша білді. Мысалы: жазушы және журналист Г.Толмачев, Президент Кеңесінің бастығы М.Қасымбеков, академик С.Сатыбалдин, британ саясаттанушысы Д.Айткен, ресейлік Рой Медведев және т.б.
Дархан Калетаев - ол жаңа толқын жас ұрпақтың өкілі. Дархан Аманұлының «Қазақстан - болашаққа ұмтылған ел. Ұлттық көшбасшының факторы» кітабы Елбасының халық алдындағы мерейі мен қызметінде жан-жақты жеткен жетістіктеріне толықтай талдау берілгендігімен ерекшеленеді.

Бұл кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатшы ғана емес, мемлекеттің негізін салушы, ұлттық көшбасшы ретіндегі жаңа метабасбалдаққа көтерілгені туралы баяндалады. Елбасының атқарып жатқан қызметінің нәтижесінде, Қазақстан әлемнің озық елдерінің қатарына қосылды, қазақтар XXI ғасырдың тегеуріні мен талабына сай саяси ұлт болып қалыптаса білді.
Басқа ұлт өкілдері қазақтарды топтастырушы, мемлекет құрушы ұлт ретінде мойындады.
Қазақстан инвестициялар тарту бойынша ТМД елдері арасындағы Ресейден кейінгі екінші орында. Біздің ел соңғы 20 жылда өркениеттер мен мәдениеттерді жақындатушы диалог алаңына айналды. Арабтар мен израильдіктер сондай-ақ Үнді және Пәкстан өкілдерінің арсындағы кешенді келіссөздер де Елбасының ара ағайындық етуімен Қаақстанда өтті.
Қазақстанның түрлі мәдениет пен ұлт өкілдері қарым-қатынас жасай алатын алаңға айналуы үшін Президент қолынан келгеннің бәрін жасауда. Осы айтылғандардың бәріне осылардан артық дәйек келтірудің қажеті шамалы шығар?
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың аралығында әлем әдебиетінде «жоғалған ұрпақ» деген феномен пайда болды.
«Жоғалған ұрпақ» - бұғанасы бекіместен бұрын шым-шытырығы, шұғыл белестері көп өмір жолын кешіп өтуге тиісті жалаңтөс ұрпақ.
1960-70- ші жылдары қазақ елінде дүние есігін ашқан буынның да «жоғалған ұрпақ» секілді қилы заманның қылша шатқалынан өтуіне тура келді. Сол буынның жарқын өкілі Дархан Калетаевқа да өткен ғасырдың 90-шы жылдары оңай тиген жоқ. Ескі билік институттары, ескі құндылықтар мен дәстүрлер кейінге ысырылып, ал жаңа құндылықтар болса әлі қалыптасып үлгермеген кезең еді. Осы ұрпаққа әлемдік деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси цунамилер мен өзгерістерді, санадағы сілкіністер мен дүмпулерді бастан кеше отырып азамат болып қалыптасудың міндеті жүктелді. Сөйтіп замананың ақжал толқынында өскен жастардың алды Ұлт көшбасышысы жайындағы кітаптың авторы болып жатса, бұл ең бастысы 70-ші жылдардағы ұрпақтың қалыптасқандығын дәлелдейтін фактор.Олар Елбасының жетекшілігімен белсенді саяси күш ретінде буын бекітіп, терең қоғамдық көзқарас пен мәдени сана-сезімнің толқуы тарихта таңбаланған өлара кезеңді жеңіп шықты.