Конституцияның 30 жылдығына орай рахымшылық жасалады

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституцияның 30 жылдығына орай қанша адамға рақымшылық жасалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың дерегінше, 4,1 мың адам босатылады.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық атқару мекемелерінен шамамен 632 сотталған, пробация қызметінің тізімінде тұрған 3,5 мың адам босатылмақ. Ал бас бостандығынан айыру орындарындағы 5,4 мың сотталғанға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылады. Сонда, барлық мерзім қысқарту 11 мың адамды қамтиды, - дейді Үнзила Шапақ.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдады.
Мәжілісте "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы қаралды. Құжат бойынша азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарды, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы сотталғандарды босату ұсынылады.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашеваның айтуынша, рақымшылыққа кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлер мен оларға теңестірілген азаматтар ілігуі мүмкін.
Abai.kz