Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4786 0 пікір 4 Маусым, 2025 сағат 21:27

Жағдай әкімнің жеке бақылауында

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Сырым ауданында 5 баланың түтінге уланып қайтыс болуына орай, балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтты. 

"Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Жағдай менің жіті бақылауымда", – деп жазды облыс басшысы.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында қайғылы оқиға болды. БҚО ТЖ департаментінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, оқиға 4 маусым күні сағат 15.00-ден кете болды. Қ.Сағырбаев көшесі 8-мекенжайда тұрғын үй өртенді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бес баланың бәрін де аудандық ауруханаға ТЖД қызметкерлері тіршілік белгілері жоқ күйінде жеткізген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 994
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927