Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Алаң 2277 0 пікір 16 Маусым, 2025 сағат 16:54

Қақтығыс аумағында қанша Қазақстан азаматы бар?

Сурет: report.az сайтынан алынды.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс аймағында қанша қазақстандық бар? ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Иранда 132, ал Израильде - 219 Қазақстан азаматы бар.

«Қазақстанның бұл елдердегі елшіліктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста», - деді министрлік өкілі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейген күндері зардап шеккен қазақстандықтар тіркелген жоқ.

«Қазақстан мемлекеттік органдарының ескертуіне қарамастан, қазақстандық әуе тасымалдаушылар екі күн бойы Біріккен Араб Әмірліктері бағытына жолаушыларды толық жүктемемен тасымалдауды жалғастырды», - деп толықтарды Айбек Смадияров.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1331
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2905
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917